Түр анықтамасы. Табиғатта түрлер саны орасан көп. Ең соңғы мәліметтер бойынша жануарлардың 1,2 миллион және өсімдіктердің 500 мың түрі ғылыми түрде сипатталған. Жаңа түрлердің анықталуы, оларды сипаттау үздіксіз жүріп жататын әрекет. Түр жер бетінде (класс, тұқымда немесе туыс бойынша) біркелкі бөлінбеген. Кейбір туыс немесе тұқымдастарда түрлердің саны айтарлықтай көп болса, ал жоғары таксономиялық топтарда керісінше шамалы ғана түрлер болуы мүмкін. Мысалы, жорғалаушылар класның алғашқы кесірткелер (Prosuria) класс тармағында – гаттерия деп аталатын бір ғана түр бар, ал сол кластың басқа класс тармағына жататын бірнеше мыңдаған түрлері белгілі. Түр - эволюция әрекетнің сапалы кезеңі. Түр деп морфофизиололгиялық ерекшеліктері ұқсас, бір – бірімен еркін шағылыса алатын және жалпы ареалы бар популияциялар жүйесін құрайтын даралар жиынтығын айтады. Түрлердің басым көпшілігі политипті, яғни құрамындағы даралардың көптеген морфофизиологиялық белгілері бойынша алуан түрлі топтан тұрады. Сол сияқты жер бетінде анықталмаған белгісіз түрлер әлі де болса өте көп.Ендеше оларды тауып, толық сипаттау үшін бұл тұжырымдаманың талаптары жеткіліксіз болуы мүмкін.