Эволюциялық бағыттардың арақатынасы. Эволюцияның бұл негізгі бағыттары немесе эволюция жолдары — бір-бірімен тығыз байланысты. Тарихи даму барысында олар бірін-бірі жалғастырып немесе алмастырып отырады. Жоғары сатыдағы жаңа топтар ароморфоз жолымен пайда болып, жаңа мекен орталарына тарала бастайды. Жаңа тіршілік жағдайында идиоадаптация нәтижесінде ағзалар сол ортаға қоныс теуіп, өзінің құрылым дәрежесін сақтай отырып бейімделеді, оның барлық жерін мекендейді. Ағза мен орта жағдайлары арасындағы қарым-қатынас қарапайым күйге көшкен кезде жалпы дегенерация жүре бастайды. Идиоадаптацияға қарағанда ароморфоз әлдеқайда сирек байқалатын, органикалық дүние дамуындағы жаңа кезең болып саналады. Ароморфоздың байқалуы идиоадаптацияға жаңа мүмкіндіктер ашып береді, соның нәтижесінде даралар саны артады, ареал кеңиді