Негізгі функцияның әлсіреуі оның күшеюі сияқты кәдімгі эволюциялық процесс. Киттәрізділердің тіршіліктің сулы ортасына өтуі кезінде олардың тектеріндегі түкті жабынның термореттегіш қызметі (қазіргі заманғы киттәрізділердің түкті жабындылары іс жүзінде жойылған) әлсірейді. Бұл әлсіреу дене бетіндегі түктер санының біртіндеп қысқаруымен байланысты. Бұл процестің жекелеген сатыларын салыстырмалы экологиялық – анотомиялық қатарлардың құралы арқылы елестетуге болады. Өсімдіктер әлеміндегі жартылай паразитті және паразитті формалар эволюциясындағы фотосинтез қызметінің әлсіреуін келтіруге болады.