Эволюция-тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
Эволюция-тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
Популяция-белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін,бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы.
Селекция – жаңа сұрыптар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым.
Конвергенция – табиғи сүрыпталу барысында ұқсас бірдей ортада тіршілік етуге байланысты әртүрлі систематикалық топтарға жататын тірі ағзаларда ұқсас сыртқы белгілердің дамуы байқалады яғни белгілердің жақындасуы
Дивергенция – табиғи сұрыпталудың әсерінен түр немесе популяция ішіндегі даралардың белгілерінің ажырауы.
Қолдан сұрыптау – өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттары мен тұқымдарын шығару.
Табиғи сұрыпталу - тіршілік үшін күресте күштілердің жеңуін қамтитын эволюцияның жүзеге асырылуы үрдісі.
Өзгергіштік – организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын көрсететін күрделі процесс.
Түр — тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық бірлік.