Үшіншіден, К.Линнейдiң iрi жетiстiктерiнiң бiрi таксондар иерархиясын анықтау болды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отряд класқа біріктірілді.
Бiрақ К.Линней эволюциялық көзқарасты жақтамады. Оның ойы бойынша «басында қанша түр болса, нәтижесiнде сонша қалады», түрлер өзгермейді олардың саны құдірет жаратқаннан аспайды деген сенімде болды. Оның концепциясы креационизмге тән сипатта жазылды.
Сонымен, түрдiң тiрi табиғаттың негiзгi құрылымдық бiрлiгi болуы мен систематика биология саласында дарвинизмге дейiнгi кезеңде басты орынға ие болды.
Преформизм және эпигенез
А. Левенгук жыныс жасушаларды, ал У. Гарвей жұмыртқа жасушасын табуы және ағзалардың жеке дамуы белгілі бір жоспарлы түрде жүретіндігін көрсеттi. Онтогенездiң iштен жоспарлануы преформизм концепциясының негiзi болды. Көптеген белгiлi ғалымдар жыныс жасушаларында миниатюра түрiнде дайын ағза қалыптасқан деп санады. Мысалы, немiс биологы Р. Ганнердiң ойынша тауық жұмыртқасында дайын шөже бар. Преформистердiң көзқарастарының негiзi онтогенез әрекетінiң барысында жаңа туындылар пайда болмайды дедi.
Преформизм концепциясына қарама-қарсы жаңа көзқарас - эпигенездi ағылшын эмбриологы У. Гарвей енгiздi. Гарвей бойынша эпигенез дегенiмiз - материяның даму тәсiлi және ол бiрден пайда болады әрі дамиды. Сонымен, эпигенез концепциясы бойынша, алғашқы бiркелкі материалдан даму нәтижесінде дененің жаңа бөлiктері пайда болады және жүйелi түрде бiртұтас ағза қалыптасады. Орыс ғалымы К. Вольфтың классикалық еңбегiнде эпигенез концепциясын тауық эмбрионының дамуы арқылы түсіндірілді. Вольф жұмыртқада ешқандай дайын тірі ағза жоқ екенiн, iштегі эмбриональды даму барысында бiртiндеп жаңа бөлiктер және мүшелер дамитынын көрсеттi. Бұл метафизикалық көзқарасқа қарсы жақсы соққы болды. Бiрақ, өзi түрдiң тарихи өзгередi деген идеядан аулақ болды.
«Ұрықтың iштей салыну» гипотезасы. Өсiмдiк бетiнiң көбеюiн зерттеп,