Эволюцияның қозғаушы күштері. Табиғи сұрыпталу нәтижесіндегі бейімделуішілік. Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата27.11.2023
өлшемі1,6 Mb.
#129044
  1   2   3   4


Эволюцияның қозғаушы күштері.
Табиғи сұрыпталу нәтижесіндегі бейімделуішілік.
Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің
(мутациялық,комбинативтік) рөлі
Орындаған:Өмірқұл Диана 
Қабылдаған:Айдарбаева Дина


Жоспар:
Эволюцияның қозғаушы күштері
Табиғи сұрыпталу нәтижесіндегі бейімделуішілік
Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің (мутациялық,комбинативтік) рөлі
Қорытынды


Эволюцияның қозғаушы күштері
Эволюция-тірі табиғаттың қайта айналып
келмейтін және тура бағытталған тарихи
дамуы.
Дарвин 
өзінің 
эволюциялық 
ілімінде
органикалық дүниенің тарихи дамуының
қозғаушы күштері – тұқым қуалайтын
өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи
сұрыпталу деп көрсетті.
Чарльз Дарвин 


Тұқым қуалайтын өзгергіштік дегеніміз - бірнеше ұрпақ қатарында
белгілердің сақталуымен, генотиптің өзгеруімен жүретін өзгергіштік.
Сондықтан да тұқым қуалайтын өзгергіштікті генотиптік өзгергіштік
деп те атайды.
Тұқым қуалайтын
өзгергіштік 
Комбинативтік 
Мутациялық 
Тұқым қуалайтын өзгергіштік 


Комбинативтік өзгергіштік 
Комбинативтік өзгергіштік - гендердің алуан түрлі жаңа комбинациялары
мейоздық бөліну кезінде байқалатын гомологтік хромосомалардың бір-
біріне тәуелсіз ажырауы, хромосомалардың айқасуы және ұрықтану
кезінде гаметалардың кездейсоқ қосылуының нәтижесінде түзіледі.
Комбинативтік өзгергіштікке себеп болатын осы үш жағдай бір- біріне
байланыссыз, бір мезгілде жүріп, алуан түрлі генотиптердің түзілуіне
мүмкіндік береді. Сол себепті бір үйдің балаларының бір-біріне айна
қатесіз ұқсауы сирек кездеседі. Сол сияқты, балалары еш уақытта әке-
шешесінің біреуіне толық ұқсамайды, кей белгілері бойынша әкесіне
ұқсаса, басқа белгілері бойынша анасына ұқсас келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет