Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы



Дата09.03.2022
өлшемі17,56 Kb.
#27302
Байланысты:
Англия буржуазия


Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
Тақырыбы:  XVII ғ. орт. Англия. Ағылшын буржуазиялық революциясы.


География – тарих мамандығы

Орындаған: Муханова Замзагул Ильясовна


2022 жыл

«Жаңа заман» ұғымы Еуропадағы тарихи- философиялық ойдың дамыған қайта өрлеу, яғни «Ренессанс» кезеңінде пайда болды. Жаңа заман тарихы 17-19 ғасырлар аралығында Ұлы географиялық ашылулар заманынын бастау алып, 20 ғасырдың басындағы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл заманды екі кезеңге бөлуге болады, алғашқы кезең 17 ғасырдағы Ағылшын буржуазиялық революциясынан басталып, 18 ғасырдың ширегіне дейінгі кезеңде, ал екінші кезеңі 18 ғасырдың соңындағы Француз революциясынан 20 ғасырдығы басындағы Индустриялы қоғамға өту кезеңі болып табылады.

 Англияда болған буржуазиялық революция- тұңғыш буржуазиялық револициялардың бірі болды. Оның жеңуі елде капитализмнің нығайып, буржуазиялық құрылыстың орнауына себепші болды. Ағылшын буржуазиялық революция капитализмнің дамуымен байланысты болып , ескі феодалды-экономикалық қатынастарды және Стюарттар мен Яков I 1603-1625 жылдар аралығында , Карл I 1625-1649 жылдар тұсында буржуазиялық қатынастардың онан әрі дамуына кедергі жасаған абсолютизмді жоюға бағытталды. 16 ғасырдың аяғынан бастап Абсолютизм мен оны қолдаушы англикан шіркеуіне қарсы шыққан буржуазия және жаңашыл дворяндар тобы идеологиялық жағынан пуританизм негізінде ұйымдық жағынан парламентте қалыптасты. Корольдық өкімет пен буржуазиялық оппозиция арасындағы жанжал 1640 жылы қатты шиеленіскен еді, бұл кезде 11 жылдық үзілістен кейін парламент шақырылған болатын - алдымен оның қысқа мәжілістері, кейіннен ұзақ мәжілістері өтті. 1642-1646 жылдары парламентті жақтаушылар мен роялистер - корольды жақтаушылар арасындағы 1-азамат соғысы болды. О. Кромвель құрған парламенттік армия Нейзби түбінде болған шайқастарда король әскерлеріне шешуші соққы берді. Ағылшын буржуазиялық революцияның барысында бірнеше саяси ағымдар мен топтар қимыл жасап, негізінен Лондонның ірі буржуазияның мүддесін көздеген пресветирандар, орта дәрежелі буржуазия мен буржуазияланған дворяндардың сойылын соққан индепенденттер, демократияшыл ұсақ буржуазиялық партиясы - левеллерлер, негізінен жері аз шаруалардың жоғын жоқтаған диггерлер; феодалдық ақсүйектер мен абсолютизмді жақтаушыларға қарсы күресте біріңғай болғанымен, революцияның негізгі міндеттері мен мақсаттарын түрліше түсінді.

1648 жылы көктемде екінші азамат соғысы басталып, Престон іргесінде революцияшыл армияның жеңіске жетуімен аяқталды. Революцияшыл бұқараның қысымымен 1649 жылы Ағылшын буржуазиялық революция буржуазиялық-демократикалық сипат алды. Карл I-нің басы алынғаннан кейін, монархия мен лордтар палатасы жойылып, республика жарияланды, индепенденттер үстемдік жағдайға жетті. Ағылшын буржуазиялық революцияның негізгі қозғаушы күші шаруалар, қала кедейлері мен ұсақ буржуазия болды, бірақ жеңістің нәтижесін ірі буржуазия мен буржуазияланған дворяндар пайдаланып кетті. Ағылшын буржуазиялық революция аграрлық мәселені еңбекшілердің пайдасына шешпеді, себебі шаруалардың дворяндарға алым-салық төлеуі сақталды. Корольдан, шіркеуден, роялистерден тартып алынған жерлер сатылып, негізінен жаңашыл дворяндар мен буржуазияның қолына көшті. Бұл шаруалар бұқарасының наразылығын туғазды. Бос жатқан жерлерді бөліп алу үшін болған левеллерлер көтерілісін, диггерлердің бас көтеруін индепенденттер республикасы басып жаныштады. 1653 жылы Кромвель протектораты - жаңашыл дворяндар мен буржуазияның әскери диктатурасы орнады. Кромвель Ирландия мен Шотландиянығы көтерілістерді талқандап, Голландиямен, Франциямен, Испаниямен болған соғыстарда шешуші жеңіске жеткен еді. Англияның теңіздегі үстемдігін нығайды. Ол қайтыс болғаннан кейін шаруа-плебейлер қозғалысына қарсы күресуші реакция күшейе түсті, сөйтіп конституциялық монархия негізінде Сюарттар әулеті қайтадан өкімет басына келді. 1688-1689 жылдары мемлекеттік төңкеріс болып, оның нәтижесінде Вильлгелм III Оранский таққа отырды. Бұл төңкеріс Ағылшын буржуазиялық революциясында жеңіске жеткен буржуазия мен жаңашыл дворяндар және ірі жер иелері - ақсүйектердің бір бөлігі арасында өз ара келісім болғанын бейнелейді. 1689 жылы қабылданған құқық туралы Билль корольдық пұрсаттарына бірқатар конституциялық тежеулер тағайындады. Ағылшын буржуазиялық революция Англияда капитализмнің онан әрі дамуына жол ашты, жаңа заман тарихының бастамасы болды.

17 ғасырдағы ағылшын революциясы және Пуртианизм идеяларының таралуы дәстүрлі қоғам мен монархияны жойып, елде конститутциялық парламенттік монархия орнатты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет