1-10 күн
Excel бағдарламасын өтіп бастадық, бұл бағдарламада график пен функцияларды құруды үйрендік.
Бұл кестеде сату мәндері көрсетілген. Күндер және де бағалар арқылы топтар мен бағандарға бөлінген.
Бұл кестеде азық түліктің сатылған даналары диаграмма түрінде көрсетілген.
Бұл суретте бағандарда күні,сатылган бағасы және жаратылған ақша диаграмма түрінде көрсетілген.
Бұл жерде диаграмманы қалай қосуға және жөндеуге болатыны көрсетілген.
10-20 күн
Python және С++ тілдерінде код теріп үйрендік.
Бұл екі код Python тілінде жазылған.
Python - жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді. Бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалы функцияларды қамтиды.
Python — жоғары дәрежедегі бағдарламаллау тілі. Python тілі қазіргі кезде ең көп таралған бағдарламаллау тілі болып саналады. Бұл тілде жасалған ең атақты бағдарлама ол бәріміз білетін Instagram əлеуметтік желісі. Бұдан баска Python бағдарламалау тілінде BitTorrent, Ubuntu, Blender, GIMP, Civilization IV, Battlefield 2, World of Tanks секілді бағдарламаларда кездестіре аламыз. Python-ды қолданатын компанияларға Google, Facebook, [[Yahoo!|Yahoo], NASA, Red Hat, IBM, Instagram, Dropbox, Pinterest, Quora, Яндекс, Mail.Ru т.б келтіре аламыз.
C++ (дауысталуы "си плас плас") 1983 жылы Bell Labs зертханасында Бьёрн Страустрап дамытқан бағдарламалау тілі. 2019 жылға қарай әлемдегі таралуы бойынша үшінші бағдарламалау тілі болып келеді. C++ өзінің ұзақ тарихында көптеген өзгерістерден өтіп, бүгінгі күнге өте жылдам, компиляцияланатын, көптеген кітапханаларға ие тілге айналды. C++ жоғарғы және төменгі деңгейдегі программалау тілдерінің қасиеттеріне ие.
Достарыңызбен бөлісу: |