Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Біздің мемлекетімізде саяси жүйе ауқымында сапалық ілгерілеулер болды, ең алдымен бұл әртүрлі партияларды құрудан қөрініс тапты, кейбір деректер бойынша олар бізде оннан астам болып отыр, мұның өзі стандарттар бойынша көппартиялық жүйе деп есептеледі.
Қазақстанда партиялар мен партия жүйелерінің қызмет атқару, ерекшелігі отандық партиялардың саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпалының төменгі деңгейін көрсетеді. Көптеген ондаған жылдар бойы тоталитарлық мемлекеттің бір бөлігі ретінде дамыған Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін атқарушы билікке қарсы тұра алатын саяси институттарсыз қалды. Сөйтіп, саяси салада батыс елдері демократиясының деңгейіне бірден қол жеткізуге (объективті және субъективті түрде) әлі де әзір бола қоймаған Қазақстан мен басқа да бұрынғы кеңес кеңістігіндегі мемлекеттер авторитарлық сатысын бастарынан кешіруде.
Біздің республикамыздағы партиялар мен партия мүшелері дамуының қазіргі кезеңі сипаттайды?
Қазақстанда екіблокты партия жүйесі қалыптасуда.
Егеменді даму жылдары ішінде Қазақстанның партия жүйесі бірпартиялық жүйеден көппартиялық жүйеге дамып, содан соң екі блокты партияға дамыды, мұнда біp блокта үкіметтік партия, екіншісі — қарсылас партиялар болды.
Қазақстанда үш қарсылас бағыттағы партия болып бөлінеді:
а) кертартпа-дәстүрлі партия ағымы, ол жаңғыртуға қарсы партия болып табылады соңдай-ақ ұлттық идеяны уағыздаушы партия, оның ұясы бұрынғы заманның дәстүрлерін тірілтуге шақырады. Бұған коммунистік бағдардағы партиялар мен қозғалыстар жатады, өйткені жуық уақыттағы өткендегіге қайта оралып соғу ұрандарын көтереді (БК(б)П, "Алаш" ҚӨҰП);
б) солшыл радикалдық ағым — Жұмысшы қозғалысы, Компартия, "Поколение" қозғалысы және т.с.с. Олар өкімет билігі тарапынан ұдайы ара-кідік килігуге тап болады. Авторитарлық режимдегі көшеген елдерде мұндай бағыттағы саяси ұйымдардың қызметіне тыйым салынған;
в) буржуазиялық-либералдық ағым, ол басқарудың авторитарлық-төрешілдік әдістеріне көңілдері көншімейтін орта буржуазияның, зиялы қауымның, ұсақ буржуазияның мүдделерін білдіреді.
Барлық партиялар ҚР "Саяси партиялар туралы" Заңына сәйкес белгіленген мүшелігін тәжірибеде қолданады.
ҚР саяси партияларын жіктеу:
а) шығу тегіне қарай — барлық партиялардың "сыртқы" шығу тегі болады, парламенттік партиялар жоқ;
б) ұйымдық кұрылымына қарай — кадрлар партиялары (ҚХКП), бұқаралық партиялар (ҚРП, ҚСП, ҚСДП және басқалары), ұйымдардың тоталитарлық түрі (ҚКП, БК (б)П, "Алаш");
в) үкіметке бақылауды жүзеге асыру деңгейіне қарай — Қазақстанда жетекші партиялар жоқ сондықтан біз партияларды олардың билікке адалдығы немесе қарсылығы тұрғысынан қарастыра аламыз. Адал ниетті партияларға — "Отан", ҚӨП, ҚХКП және басқалары, қарсы партияларға — ҚКП, БК(б)П, "Алаш", "Табиғат", "Азамат" және басқалары жатады;
г) идеологиялық айқындамасына қарай — солшыл саяси күштер ҚКП, "Поколение", "Республика" Үйлестіру Кеңесі, "Табиғат", "Азамат", "Желтоқсан", "Азат" КАҚ және басқалары өкілдері болыл табылады, центристер — ҚХКП, КӨП, РЕСП; оңшыл саяси күштер — ҚССП, ҚХКП, Реформаларды қолдаудың Халықтық Одағы.
Адамзат қоғамының демократиялық қайта өзгертулер жағына қарай дамуының тарихы мынаны айқый көрсетіп берді: кез келген қоғамдағы басты демократиялық институттар, ең алдымен., күшті саяси партиялар түріндегі азаматтардың бірлестігі болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстанда партия жүйесі дамуының барлық аталған үрдістеріне қарай нақты әлеуметтік топтардың нақты экономикалық мүдделеріне сүйенетін партия құрылымдарын қалыптастыруда саяси қажеттілік пен қоғамдық қажеттілік пісіп жетілді. Ұрандарының сырттай көптігі мен тартымдылығына қарамастан, барлық бұрыңғы саяси құрылымдар, егер жаңа саяси шыңдыққа қайта бағдарлана алмаса, өзінің қызметіне іс жүзінде арқа сүйей алмаса, сөзсіз болашағынан айрылады.