Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет2/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Сабақтың міндеті мен мақсаты:
Курсты оқу нәтижесінде студент мынаны білуі қажет:
-әлеуметтік және саяси ғылымдардың пәні мен әдістері туралы білім алу, әлеуметтік және саяси ойлардың негізгі бағыттарына көңіл бөлу;
- әлеуметтік және саяси ғылымдардың мәнін, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін ажырата білуі;
-саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен функцияларын;
-әлеуметтік мәселелер мен саяси тәртіптерді ажырату, саяси партиялар мен белсенді топтарды, сонымен қатар саяси жетекшілерді білу қажет;
-әлеуметтік және саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың рөлін, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы саяси процестердің мәнін көрсете білуі керек;
-күнделікті өмірде және өзінің кәсіби іскерлігінде, саяси мәдениеттің жаңалықтарын игеру арқылы әлеуметтік, саяси білімдерді меңгеруі қажет.
1.ТАҚЫРЫП: Әлеуметтану ғылым ретінде. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.
Жоспары.
1.Әлеуметтану мен саясаттанудың объектісі мен зерттеу ерекшеліктері.

  1. Әлеуметтану мен саясаттану курсының құрылымы мен міндеті.

  2. Әлеуметтану мен саясаттанудың басқа да қоғамдық ғылымдармен ара қатынасы.

  3. Әлеуметтану мен саясаттанудың қызметтері.

1.Әлеуметтану мен саясаттанудың объектісі мен зерттеу ерекшеліктері.
Жоғары оқу орындарының оқу жоспарына әлеуметтану пәні дербес ғылым ретінде 90-жылдардың басында енгізілді. Әлеуметтануды оқып үйренудегі мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер арасындағы кұнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта – жігерді арттыру.
Әлеуметтік білімнің негізгі қызметі - әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.
Бұл ғылымның «социология» деген атауы латын, грек сөздерінен құралған: «societas»-латын тілінде қоғам, «logos» грекше ілім, ұғым деген сөз. Демек социология қоғам туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Бірақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Сондықтан әлеуметтану – қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән обьектісі мен пәнін ашып бере алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет