6
Алғы сөз
Қазақстан тарихының әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт
межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы
жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру,
болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды
көрсеткіш.
Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның
жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін
зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі
заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде
өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл
адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі.
Достарыңызбен бөлісу: