46
3.
Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе
шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу
генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.
4.
Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға
болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу.
Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарғабірлесу, өз
көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.
5.
Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік
дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін — өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу,
дискуссияны қолдау немесе қарама – қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі
ұстау және т.б.
6.
Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің
пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және
этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларынқалыптастыруды
талап етеді.
Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі
ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және
ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін
жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу
әдістерімен оңай байланысуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: