Ф 03-03 Жолдыбаева М. С. «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы Шымкент 2023ж



бет1/22
Дата09.10.2024
өлшемі186,9 Kb.
#147453
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
t12ohT2yvulbVAVrIUAZSIGHxBw1zRAq4ANgnRIb 2


Ф.7.03-03


Жолдыбаева М.С.
«Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы

Шымкент 2023ж.

Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары білім министірлігі




М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті


«Философия» кафедрасы

Жолдыбаева М.С.


«Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы
барлық білім беру бағдарламасына арналған

Шымкент 2023 ж.


ӘОЖ 947.1(574)(075.5)
КБЖ 63.3 (2Каз)

Құрастырған: магистр, аға оқытушы Жолдыбаева М.С. Барлық білім алушыларға арналған «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚУ, 2023. 80-бет.


Дәріс жинағында Жоғары білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік-саяси білімдер модулінің үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынған. Типтік оқу бағдарламасы сәйкес әзірленген. ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі 2023 жылғы 13 шілде №314 бұйрығымен өзгертулер енгізілген.
Мәдениеттану пәнінен дәріс жинағы оқу жоспары және жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес жасалынған. Дәріс жинағы оқыту үшін барлық қажетті ақпарат қамтылған.
Дәріс жинағы мазмұны, сабақты жүргізу жоспары, негізгі терминдер мен ұғымдар, қысқаша теориялық ақпарат пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер қамтылған.

Рецензент: Ибраева Н.А.- ф.ғ.к., аға оқытушы


«Философия» кафедрасының мәжілісінде (хаттама №___, «____»_____2023 ж.), «Заң» факультетінің әдістемелік комиссиясымен (хаттама №___,«____»______2023ж.) қарастырылып баспаға ұсынылды.


М.Әуезов атындағы ОҚУ оқу - әдістемелік кеңесімен басылымға ұсынылды.
( хаттама №___ «___»_____ 2023ж.)

© М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан университеті 2023
Басылымға жауапты Жолдыбаева М.С.


МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................6


№ 1 Мәдениет морфологиясы...............................................................................8


№ 2 Мәдениет тілі................................................................................................13

№ 3 Мәдениет семиотикасы ...............................................................................17


№ 4 Мәдениет анатомиясы..................................................................................21


№ 5 Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті..........................................................25


№ 6 Арғытүркілердің мәдени мұрасы................................................................29


№7 Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті................................................33


№8 Түркілердің мәдени мұрасы...........................................................................37


№ 9 Қазақ мәдениетінің қалыптасуы...................................................................43


№ 10 VIII ғ.– ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті...............................48


№ 11 ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті..................................................................52


№ 12 Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті.............................57


№ 13 Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті.....................................................60


№ 14 Қазақстанның мәдени саясаты...................................................................64


№ 15 «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы............................................68


Білім алушының лекция сабағынан білімін бағалау критериялары.................72


Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................73


Кіріспе

«Мәдениеттану» курсы әлеуметтiк-гуманитарлық циклындағы жалпы бiлiм беруi пәнi болып саналады. Мәдениеттану ғылым ретінде қарастырылып, қолданыла бастағанына көп болған жоқ. Бұрын мәдениет саласын философия, тарих, өнертану, этика эстетика және басқа да ғылым салалары қарастырып келген болатын. Біздің қоғамымыздағы рухани өмірдің түбірлі өзгеруіне байланысты Қазақстанның тәуелсіз даму жылдарында мәдениеттану тек ғылым ретінде бөлініп қарастырылмай, жоғары оқу орындарында пән ретінде оқытудың өзектілігі күн тәртібіне қойылып отыр.


Осындай жағдайда мәдениеттану курсы білім алушыларға мәдениеттің көп образды екендігіне бағыттар береді. Мәдениеттану курсы мен танысу барысында білім алушы мәдениеттің даму тенденциялары және даму заңдылықтарын анықтай алады, адамның күнделікті өмірде мәдениеттің алатын орны туралы білім алады. Бұл курс мәдениет құрылымы, мәдениеттің субьектісі туралы, культурогенез, мәдениет диалектикасы, мәдени құндылықтар және нормалар, мәдени салт-дәстүрлер, әлемнің мәдени картинасы, мәдениеттің әлеуметтік институттары, мәдениеттің даралығы, мәдени модернизация, мәдениет типологиясы, этникалық және ұлттық, элитарлық және бұқаралық мәдениеттер, мәдениеттің Шығыстық және Батыстық типтерінің ерекшеліктерін терең түсінуге және айырмашылықтарын ажырата білуге көмектеседі. Бұл курсты оқып білу барысында білім алушы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің мәдениеттерінің дамуы туралы терең танысып, Қазақстан мәдениетінің даму тарихынан толық мәлімет алып, оның әлемдік мәдени үрдісіндегі орнын анықтай алады. Мәдени үрдістерді талдау жасаудың диалектикалық әдісін меңгереді.
Мәдениет - жеке адамның өзіне тән қасиеттерінен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін қамтитын күрделі ұғым. Мәдениетті жасайтын және оны тұтынатын – адам. Сондықтан мәдениет, ең алдымен адам әлемі ретінде саналады. Өйткені мәдениеттің қандай түрі болмасын онда адамның ақыл-ойы, парасаты, наным-сенімі, дүниетанымы, эстетикалық талғамы заттандырылып, материалдық және рухани игіліктер көрініс тауып отырады.
Пәндi оқытудағы мақсат: Бағдарламаның мақсаты – «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәні мәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мәдениеттану тілінің қоғамдағы орны мен ролін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани ізденістерін студенттермен бірге талқылау. Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
-қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
-заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;
-студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
-әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
-сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет