Ф 03-03 Жумабеков М. У., Тасполтаева М. Р., Жамелов Б. А. «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы Шымкент, 2019ж


Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары



бет15/24
Дата01.11.2023
өлшемі352,71 Kb.
#121301
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Ф 03-03 Жумабеков М. У., Тасполтаева М. Р., Жамелов Б. А. «Мәден-emirsaba.org

Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары:
  1. Ортағасырлық қала мәдениетінің ерекшелігі қандай болды?


  2. Ұлы Дала мәдениетінің материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасу ерекшелігі қандай болды?


  3. Қазақ әдебиетіндегі поэззия және жыраулық өнері қалай дамыды?


  4. Қазақ мәдениетінің этногенезі туралы не айтасыз?


  5. Қазақ мәдениетіндегі шешендік өнері қалай дамыды?




Пайдаланған әдебиеттер
  1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.


  2. Ғабитов Т.Х., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013.


  3. Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология. - Алматы, Раритет, 2008.


  4. Раев Д.С. Қазақ шешендігі адамның рухани болмысы хақында//Адам әлемі. Философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журнал. №4 (58), 2013. (75-82 бб.).


  5. Молдабеков Ж.Ж. Казактану. - Алматы, 2015.


  6. Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018.


  7. Шәлекенов У.Х. Қазақ өркениеті – Алматы; Қазақ университеті, 2009.


  8. Акишев К.А. Искусство и мифология саков. - А., 1984.


  9. Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1998.




Дәріс 10. ХVIII-XIX ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті.



    1. Қазақ Ағартушылығы феномені.


    2. Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» феномені.



    Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рысқұлов және т.б.

1. ХVIII-XIX ғ қазақ мәдениеті. Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық.Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікті емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәнгігі берілген еңші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті- оның тылсымдық сипаты. Мысалы, "ата қоныс" ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды.


Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі, Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуан даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.
Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады.Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының онтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді.Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір к онтиниум ретінде бағалаумен қатысты.
ХХ ғасырда қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар. Қазақ және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан бүкіл еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін байқаймыз. Мысалы, қазақ эпосында Қырым, Қоқан, Ыстамбол, Хиуа, Алтай, Қазан, Ордос т.б. түріктердің өз жері, ал бұлардың сыртындағы Шам, Мысыр қысылғанда арқа сүйейтін тілектес елдер болып есептелген. Қазақ эпосын және басқа да мәдени мұраларын зерттеушілер "өзгенікіне" тек беріне пайда болған қалмақтарды ғана емес, сонымен қоса сонау ерте заманнан көшпелілермен тартысып келген отырықшы империяларды жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет