Ф 03-03 Жумабеков М. У., Тасполтаева М. Р., Жамелов Б. А. «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы Шымкент, 2019ж


Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары



бет18/24
Дата01.11.2023
өлшемі352,71 Kb.
#121301
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
Ф 03-03 Жумабеков М. У., Тасполтаева М. Р., Жамелов Б. А. «Мәден-emirsaba.org

Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары:
1.Қазақстанның Ресейге қосылуының дәстүрлі қазақ дүниетанымына ықпалы?
2. Қазақ ағартушылығының ерекшелігі неде болды?
3. Қазақ музыка өнерінің даму сипаты қандай болды?
4. Зар-заман мәдениетінің басты ерекшелігі не болды?
5. Кеңестік дәуірдегі қазақ мәдениетіндегі кемшіліктер мен жетістіктер қандай болды?


Пайдаланған әдебиеттер
  1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.


  2. Ғабитов Т.Х., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013.


  3. Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология. - Алматы, Раритет, 2008.


  4. Раев Д.С. Қазақ шешендігі адамның рухани болмысы хақында//Адам әлемі. Философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журнал. №4 (58), 2013. (75-82 бб.).


  5. Молдабеков Ж.Ж. Казактану. - Алматы, 2015.


  6. Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018.


  7. Шәлекенов У.Х. Қазақ өркениеті – Алматы; Қазақ университеті, 2009.


  8. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпоха и цивилизации. - М., 1993.


  9. Фромкин В., Роберт Родман, Нина Хайамс Тіл біліміне кіріспе /пер. На каз.яз.». -А.,2017.-




Дәріс 12. Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті.



    1. Жаһандану және этно-аймақтық мәдениеттердің өзін-өзі бірегейлендіру мәселесі.



    Заманауи қазақ өнерінің негізгі жанрлары: әдебиет, кескіндеме, театр, сәулет өнері, музыка, кино, телеведение.
  1. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің рухани құндылығы және Қазақстан жағдайындағы батыс құндылықтарының сіңіру мәселелері.


1. Жаһандану үдерісі етек жая бастағаннан мемлекеттік-құқықтық кеңістікте ірі құбылыс ретінде дамыды. Құқық пен жаһандану мәселесін қарастыру – заңды құбылыс, дамуы бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ екі маңызды мәселелер тобын қарастыратын дербес ұғымдар. Біріншіден, жаһандану үдерісінің анықтамасын, мазмұнын, табиғатын ашып, содан кейін мемлекет пен құқықтың жаһандану үдерісіндегі орны және жаһанаданудың құқыққа әсерін талдайды. Шетел зерттеушілері бұл үдерісті қаншалықты ұзақ зерттегенімен, жаһандану феномені және онымен пайда болатын, немесе керісінше, шешілетін проблемалары, сонымен қатар жалпы жаһандану анықтамасы мен мазмұны әлі күнге дейін даулы және жан-жақты сарапталуды қажет ететін мәселе болып келеді. Кейбір авторлардың пайымдауынша, «глобализм – заңи бейтарап түсінік», бұл «әр түрлі мақсаттарда қолданылуы мүмкін, соның ішінде антигумандық мақсаттар да бар».



Глобализация терминінің анықтамасы құқықтың ешбір саласында, тіпті, халықаралық құқықта анықталмаған, бірақ та ХХ ғасырдың соңында бұл сөзді қолдану кең өріс алды. Оған себеп – әлемдік қауымдастықтың алдында күрделі, барлық адамзаттың мүдделерін қамтитын, жалпы ғаламшарлық (планеталық) проблемалардың пайда болуы. Заң сөздігінде бұл терминнің жоқтығымен қатар, сәйкесінше оны қамтитын анықтаманың шетел әдебиеттеріндегі болмауы бір мәселе болса, «глоба­лизм», «глобализация» және тағы басқа іспеттес терминдер тек қана заңи ортада ғана емес, әлеуметтік және саяси орталарда да осындай бұлыңғырлық пен екі ұштылықты байқатады. Оптимистік қабылдаушылар, үдеріске бір анықтама беріп, өз бағасын қойса, пессимистік жағынан басқа көзқарастарға өзгеріп, сын көзбен баға береді. Жаһанданудың негізгі анықтамаларына назар аударсақ: жүйелілік – жаһанданудың, қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтуы, динамизм, яғни жаһандану динамика, үдеріс. Жинақтаушылық, бұл тек бір ғана және біркелкі үдеріс емес, қоғамда болып жатқан көптеген үдерістердің жиынтығы ретінде танылады. Шетел авторлары көрсеткен маңызды мәліметтерге сүйене отырып, жүйелілік әдісімен анық­тағанда, ғаламдану – жүйелі, сан қырлы және көп деңгейлі, әлемде бар мемлекеттік-құқықтық, экономикалық-қаржылық, қоғамдық-саяси инсти­туттардың, идея, принцип, байланыс, моральдік- саяси, материалдық және басқа құндылықтардың, әр түрлі қатынастардың интеграциясы. Заңи әдебиеттерде көрсетілгендей, «жаһандану» өзінің «генетикалық шығу тегімен» универсиализм, континуальділік, типтілік, абстрактілік, жалпыламалық түсініктеріне жақын. Авторлардың үшінші тобы жаһандану мәсе­лесіне тоқталғанда, «аралық» позицияны ұста­нады, яғни ғаламдану – тарих, сонымен қатар қазіргі үдеріс. Кувалдиннің айтуынша, «жаһанданудың түп тамыры тарихта, соның өзінде ол ХХ ғасырдың феномені». Осы көзқарастан шыға отырып, автор «ХХ ғасыр – жаһандану ғасыры деп анықтауға болады», – дейді.
Сондықтан, үдерістің негіздері мен болашағын түсіну үшін ХХ ғасырдың сабақтары маңызды. Ең маңыздысы, барлық авторлар, жаһан­данудың объектілік және табиғилық ерекше­ліктерін мойындайды. Мұндай ойларды тек қана теоретиктер ғана емес, практиктар да, саяси қайраткерлер де, мойындайды. Мысалы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымдамасы: «жаһан­ дану – уақыт талабы, оны тоқтатуға неме­ се болдырмауға болмайды», сонымен қатар ол «халықаралық экономиканың даму тенденциясына, копьютерлік технологиялар мен ортақ ақпараттық кеңістікке неізделеді». Әлем, автордың айтуы бойынша, «тығыздалу (тарлану)» үстінде және одан қашу немесе қарсы тұру мәнсіз. Жаһанданудың пайда болу уақытына қатысты айтылған ойлар бойынша, айрықша екі көзқарас қалыптасқан.
Біріншісі, жаһанданумен қатар, онымен байланысты, сонда да дербес болып табылатын: регионализм, провинциализм, лока­лизм сияқты құбылыстар. Жоғарыда біз қарастырған кезде, кез келген «адамдар мен мәдени өнім алмасу» ғаламдық ауқымда емес, көбінесе локальді немесе аумақтық деңгейде екендігін байқаймыз. Тек нақтылы кезеңде, яғни барлық немесе көпшілік әлемдік мемлекеттер мен құқықтық жүйелер және ұлттар, этностар мен халықтарды қамту деңгейінде ол ғаламдық сипат алады.
Екінші көзқарас, бір жағынан жаһанданудың пайда болуына қатысты адам қауымдастығы дамуының әр кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен алғышарттары болса, екінші жағынан, ғаламдануды тенденция ретінде, өркениеттің анықталатын дәрмені, оның қабiлеттiлiгiмен планетарлық деңгейдегі өзiн тиiмдi проекциялау мен глобализм, цивилизациялық стандарт, дүние тану, өзінің көлеңкелі жақтары мен одан туатын өзіндік антитеза-идеология мен антиглобальдік қозғалыс. Осылардың арасынан айқын қырды өткізу керек. Бүгінгі таңда халықаралық құқық таңқаларлық деңгейде дамуда.
Әрине, барлық ұлттық құқықтық жүйелер ертелі-кеш біркелкілік пен бірігуге тырысады, оған тағы бір себеп біздің қарастырып жатқан жаһандану және мақсатқа жету тәсілі – құқықтық унификация. Мысалдардың бірі европалық құқықтың өмір сүруі мен өз қызметтерін орындауы. Ал европалық құқықтық жүйесінің функционалдығы «халықаралық құқық» концепциясын, халықаралық құқықтың эволюциялық келесі сатысы деп таниды. Европа құрлығындағы құқық шын мәнінде феномен болып табылады да, құқықтық интеграцияның үлкен жетістігі ретінде қарастырылады. Жоғарыда айтылғандарды сараптай келе, қорытындыласақ, шынында да бұл мәселеміз, қайтпас үдеріс, түзеуге келмейтін, бір бағытта жүретін ерекше сипаты бар феномен. Жаһандану әрқашан дамып отырған үдеріс, адамзат таихында эволюцияланып, ХХ ғасырда барлығымызға анық мемлекеттер мен ұйымдардың ықпалынан қарқынды өршіді. Бұл құбылыс қоғамның барлық салаларын қозғалысқа әкеп соқтырады. Нәтижесінде құқық пен құқықтық жүйенің өзгеріске ұшырауы басталып, жаңа халықаралық құқық пайда болды. Және бұл құбылысқа қарсы тұратын «ұлттық» кедергілерді, жаһанданудың өзі-ақ бейтараптандырады деуге болады. Бұл оғаштықтың орын алуы, қарас­тырылған мәселеге қатысты тұжырымдар мен көзқарастардың көптігін түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет