Байланысты: Ф 03-03 Жумабеков М. У., Тасполтаева М. Р., Жамелов Б. А. «Мәден-emirsaba.org
Сақ қоғамы әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамудың жоғарғы сатысына көтерiлiп, дүниежүзiлiк мәдениет тарихына айқын айтарлықтай iз қалдырды. Қазақ халқының негiзiн құраған, мәдени-рухани жаңғыруына жол салған тайпа - ұлыстардың арасында ғұндардың да орны бөлек. Ғұндар өте жауынгер халық болған. Олардың тегеурiнi шығыста қытайдың елiн қорғау үшiн Ұлы Қытай қорғанын салуға, батыста Рим империясының құлауына себепшi болған. Ғұндардың қазақтың арғы тегi екенiн айғақтайтын дәлелдер көп. Олардың моласынан шыққан бұйымдардағы ою-кестелер құрылымы жағынан қазақ арасында кең тараған ою-өрнектермен ұқсас. Ғұндардың дiнi - Тәңiрiлiк болған. Түркi тiлiнде сөйлеген, жазуы түркi жазуы болды. Ғұндардың әскери өнерi дүниежүзiлiк тарихына жоғары деңгейде дамыған халықтардың бiрi. Олардың негiзгi қаруы садақ болды.
Сақтардың (скиф) массагет тайпалары туралы тарихшы Страбон: «Кейбіреулер таулы жерді мекендесе, жазық дала мен өзен жағалауында, тіпті аралдарда тұратындары да бар. Аралдарда тұратын массагеттер мал өсіріп, егін егіп жер өңдемейді. Өзен жағалауындағы сазда тұратын сақтар балық аулаумен шұғылданады» — дейді. Таулы өңірде өмір сүрген массагеттер азын-аулақ қой өсіріп, олардың сүті мен жүнін пайдаланған. Массагеттер жер өңдеп дәнді-дақылдар екпейтін, олар тек мал өсіріп көпшенді тұрмыс кешкен. Көшпенді өмір сүру салты сақтардың (скиф) негізгі кәсібі малшарушылығымен байланысты. Сактардың (скиф) ішінде мал, егін шаруашылығынан басқа да балық, аң аулап өмір сүрген тайпалар болды. Сонымен сақтардың (скиф) кәсібі өмір сүрген аймақтарына қатысты болды деп айтуға болады.
Массагеттер (сақтар) күнге табынған, сондықтан оларда күнге арнайы құрбандыққа жылқы шалу дәстүрі ғұрпы. Массагеттер туралы тарихи деректер парсылықтардың тасқа түсірген сына жазуларында кездеседі. Геродот, Ксенфонт массагеттерді қас жауынгер ретінде сипаттайды. Олар малшаруашылығымен қатар аң аулаумен айналысқан. Массагеттер бір әйелге ғана үйленген, егер олардың басқа әйелге көңілі түссе сол үйдің төбесіне найзасын қадап кететін салты болған. Массагеттерде иссендондықтар сияқты қайтыс болған адамның етін жеу ғұрпы болған. Олар аурудан қайтыс болған адамды ғана жерлейтін.