Ф 03-03 Жумабеков М. У., Тасполтаева М. Р., Жамелов Б. А. «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы Шымкент, 2019ж


Сақ қоғамы әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамудың жоғарғы сатысына көтерiлiп, дүниежүзiлiк мәдениет тарихына айқын айтарлықтай iз қалдырды



бет9/23
Дата02.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#71072
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Сақ қоғамы әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамудың жоғарғы сатысына көтерiлiп, дүниежүзiлiк мәдениет тарихына айқын айтарлықтай iз қалдырды. Қазақ халқының негiзiн құраған, мәдени-рухани жаңғыруына жол салған тайпа - ұлыстардың арасында ғұндардың да орны бөлек. Ғұндар өте жауынгер халық болған. Олардың тегеурiнi шығыста қытайдың елiн қорғау үшiн Ұлы Қытай қорғанын салуға, батыста Рим империясының құлауына себепшi болған. Ғұндардың қазақтың арғы тегi екенiн айғақтайтын дәлелдер көп. Олардың моласынан шыққан бұйымдардағы ою-кестелер құрылымы жағынан қазақ арасында кең тараған ою-өрнектермен ұқсас. Ғұндардың дiнi - Тәңiрiлiк болған. Түркi тiлiнде сөйлеген, жазуы түркi жазуы болды. Ғұндардың әскери өнерi дүниежүзiлiк тарихына жоғары деңгейде дамыған халықтардың бiрi. Олардың негiзгi қаруы садақ болды.
Сақтардың (скиф) массагет тайпалары туралы тарихшы Страбон: «Кейбіреулер таулы жерді мекендесе, жазық дала мен өзен жағалауында, тіпті аралдарда тұратындары да бар. Аралдарда тұратын массагеттер мал өсіріп, егін егіп жер өңдемейді. Өзен жағалауындағы сазда тұратын сақтар балық аулаумен шұғылданады» — дейді. Таулы өңірде өмір сүрген массагеттер азын-аулақ қой өсіріп, олардың сүті мен жүнін пайдаланған. Массагеттер жер өңдеп дәнді-дақылдар екпейтін, олар тек мал өсіріп көпшенді тұрмыс кешкен. Көшпенді өмір сүру салты сақтардың (скиф) негізгі кәсібі малшарушылығымен байланысты. Сактардың (скиф) ішінде мал, егін шаруашылығынан басқа да балық, аң аулап өмір сүрген тайпалар болды. Сонымен сақтардың (скиф) кәсібі өмір сүрген аймақтарына қатысты болды деп айтуға болады.
Массагеттер (сақтар) күнге табынған, сондықтан оларда күнге арнайы құрбандыққа жылқы шалу дәстүрі ғұрпы. Массагеттер туралы тарихи деректер парсылықтардың тасқа түсірген сына жазуларында кездеседі. Геродот, Ксенфонт массагеттерді қас жауынгер ретінде сипаттайды. Олар малшаруашылығымен қатар аң аулаумен айналысқан. Массагеттер бір әйелге ғана үйленген, егер олардың басқа әйелге көңілі түссе сол үйдің төбесіне найзасын қадап кететін салты болған. Массагеттерде иссендондықтар сияқты қайтыс болған адамның етін жеу ғұрпы болған. Олар аурудан қайтыс болған адамды ғана жерлейтін.
Ғұндар, хундар - ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанып, Қытай жылнамаларында «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген.
Ғұндар Еділден өтіп, алдарына сармат - аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азиялық ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.
2. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері. Мифологиялық сананың ерекшеліктері. Діни мейрамдар мен алғашқы діндердің феномені: анимизм,сиқыршылық,фетишизм, тотемизм, шамандық.
Миф және оның алғашқы адамдардың өміріндегі рөлі. Мифологиялық сана дін, өнер, ғылымның негізі болды. Әлемге көзқарас, адамның тегі, табиғат құбылыстары туралы мифте қалыптасты.
Діни мейрамдар мен алғашқы діндердің феномені: анимизм – Э.Тайлор (1832-1917) зерттеп, латын тілінен- рух, фетишизм – (француз тілінен – тұмар, идол; тотемизм – ру, тек; магия, шамандық.
К.Ясперс: «Адамның басты себептері не? Оның тіршілік серпіндері қалай?» деген сұрақты қоя отырып, оған жауап іздеді: 1) Миф арқылы табиғилықпен сезімнен тыс нәрселердің араласуы, құдайлардың жерге түсті дегенге сенуі; 2) қазіргі қолда бар археологиялық ескерткіштер мен жазбалар адамның болмысының мәні туралы толық мәлімет береді деп айта алмаймыз; 3) ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған адам қасиеттері бейсаналылық сипатта болды; /дилювий – мұзды аралық кезең, алювий – соңғы мұзды дәуір, 20 000 жыл бұрын хроманьондық адам пайда болды, ол Испания мен Франция үңгірлерінде тас үңгірлерде бейнелер қалдырған. Бұл дәуірді тарихтың үнсіздік заманы деп атаған.
3. Көшпелілік мәдениеттегі кеңістік пен уақыт. Еуразия кеңістігіндегі номадалар мәдениетінің басты ерекшеліктері. Номадизм – мәдениет типi ретiнде. Көшпендiлiк, номадизм – шарушылықтың ерекше түрi және өмiр сүру формасы болып табылады. Номадизм – адамдар топтарының кеңiстiкте орналасуы деген мағына бiлдiредi. Номадизм қолға үй жануарларының көптеп үйретiле бастауына және оларға жаңа маусымдық жайылымдарды, сулы жерлердi жиi ауыстырып отыруына байланысты көшпендi (намадтық) өмiр салты қалыптасты. Көшпендiлiк мал шаруашылығы б.з.д. I мыңжылдық басында пайда болған. Б.з.д. I мыңжылдықтың орта шенiнде мал шаруашылығының үш типi қалыптасты:

  1. көшпендi (Батыс және Орталық Қазақстан).

  2. жартылай көшпендi (Жетiсу және Шығыс Қазақстан)

  3. отырықшы (Оңтүстiк Қазақстан).

Бұлардың әр типiнде өзiндiк ерекшелiктерi қалыптасты көшпендiлiк радиусы (3 шақырымнан – 3000 шақырымға дейін) асып жатты. Слайд №4
Номадизмнiң ерекшелiктерi: тұрақты тұрғылықты жерi болмады, екiншi бiр типi ортаға тәуелдi болды және мал түрiнiң ерекшелiгiне қарай жартылай номадтық, жартылай отырықшы, тiкелей номадтық, маусымдық номадтық т.б. пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет