Екі иодты сынап – Hydrarqyri dijodidum. Иотты, калийді сулемамен әрекеттестіру арқылы алады. Ұсақ кристалды, ащы қызғылт түсті иіссіз ұнтақ. Суда ерімейді иодты калиймен иодты натрийдің сулы ерітінділерінде оңай ериді. Қыздырған кезде екі иодты сынап өзгеріске ұшырамайды, «А» тізімі бойынша сақталады.
Ерітінділерде препарат суйлема тәрізді қатты тітіркендіріп және күйдіре әсер етеді, бірақ концентрациясы төмендеге сайын, әсері айтарлықтай болмайды.
Препарат тері, ет және сіңірлердің созлмалы ауруларында, қабынуды қоздырып, аурудың жазылуын жылдамдататын зат ретінде қолданады.
Сары сынап тотығы - Hidrarqyri oxydum flavum.Сары түсті суда ерімейтін азот және тұз қышқылдарында жақсы еритін ұнтақ. «Б» тізімі бойынша сақталады. Иодты сынапқа қарағанда ұлпаларды онша тітіркендірмейді, бірақ концентрациясы жоғарлаған сайын (5%) күйдіре әсер етеді. Қабынуға қарсы зат ретінде кілегейлі қабықтарға әсер ету үшін, офтальмологияда 0,5-5% - ті сүрпе май түрінде қолданады.
Амидохлорлы сынап - Hidrarqyri amidochloridum.Аммикаты сулемамен әрекеттестіру арқылы алады. Ақ түсті суда ерімейтін ұнтақ. «Б» тізімі бойынша сақталады. Сүртпе дәрі түрінде (1-5%) тері ауруларының қабынуын қоздырып, жазылуын жылдамдататын дәрі ретінде қолданады.
Екі хлорлы сынап (Сулема) – Hydrarqyri dichloridum. Ақ түсті ұнтақ немесе түссіз кристалдар.
Сулема - өте күшті дезинфекцялықзаттардың бірінен саналады. Препарат 1:330000 қатынасындай ерітіндісінде сібір жарасы ауруының қоздырғышының өсуін тоқтатып, 1:20000қатынасындай ерітіндісінде оларға өлтіре әсер етеді.
Оның жоғарғы бактериоцидтілігі тек in vitro жағдайында ғана байқалады, ал мал қоралары жоғарыдағы органикалық қоспалар онвң микро бқа қарсы активтілігі төментетіп жібіеді. Теріге, кілегей қабықтарға жане жараға сулема концентрациясына байланысты әртүрлі әсер етеді:0,5-2% ерітіндісі қабынуға қарсы, 5-6% концентрациясы күйдіре әсер етеді.
Өте уытты болғандықтан, жануарларға сулеманы қолданбайды. Оны тек дезинфекциялық мақсаттармен (0,05-0,2%)жане паразиттерге қарсы зат ретінде (0,1%). Сонымен бірге жылқы мен иттің (0,2-1%спиртті ертіндісі) қотыр ауруларына қарсы қолданады.