Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А



бет34/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

Мұнда ЕPS - ұсыныс икемділігі; ∆Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі; ∆ Р% - бағаның қатысты өзгеруі.
Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлуге болады:

  1. дәл кәзіргі кезеңде- өте (абсолюттік) икемсіз ұсыныс;

  2. қысқа кезеңде – икемсіз ұсыныс

  3. ұзақ мерзімді кезенде- икемді ұсыныс)

Тақырып бойынша қосымша сұрақтары:

  1. Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларды атаңыз?

  2. Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларды атаңыз?

  3. Өте икемді таурларға не жатады?

  4. Өте икемсіз тауарларға не жатады?

  5. Нарықтық экономикадағы баға белгілеу механизмі.


Негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, сұраныс заңдары, ұсыныс заңдары, икемділік, өте икемді сұраныс, өте икемсіз т.б.
Тақырып 7. Фирма және кәсіпкерлік
7.1 Кәсіпкерліктің мәні. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері.
7.2 Фирма түсінігі. Фирма мақсаттары мен қызметтері.
7.3 Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары.



    1. Кәсіпкерліктің мәні. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері

Буржуазиялық саяси экономияда «кәсіпкерлік» түсінігі 18 ғасырда пайда болды. Оны атақты ғалымдар Р.Кантильон, А. Тюрго, Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сэй есімдерімен байланысты.
Француз экономисі Жан Батис Сэй (1767-1832жж.) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Кәсіпкерлік французша «делдал» дегенді білдіреді.
«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Кәсіпкерлік - бұл табыс алуға бағытталған және тәуекелмен байланысты шаруашылықтық қызмет.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Өндірістегі ерекше адамдық ресурс кәсіпкерлік қабілет болып табылады.
Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері: тәуекел, белсенділік, тәуелсіздік, тапқырлық, жауапкершілік, белсенді түрде іздену. Барынша көп табыс табу кәсіпкерлік жұмыстың қозғаушы факторы. Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел буу. Тәуекел бұл кәсіпкерліктің басты ерекше белгісі.
Кәсіпкерлік қызметтің мәні өндіріс құрал жабдықтарын шаруашылық обьектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану.
Кәсіпкерлік қызмет мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет