Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет1/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92

Ф 7.1/7.3-2016-06-02-05-02



Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Адам даму психология», «Этнопедагогика», «Педагогика және психология тарихы» және т.б.
Пәннің постреквизиттері: «Педагогикалық менеджмент», «Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» және т.б.
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Еліміздің білім беру саясатын айқындайтын Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар төмендегі бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді.
Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанның экономикалық жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарына деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты. Қазақстан елінің ресурстық байлығын игеретін білікті жұмысшыларды дайындау қажеттілігі туындайды. Олай болса, білікті жұмысшыларды дайындау кәсіптік білім беретін оқу орындарында жүзеге асырылады. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім беруді меңгертудің алғашқы кезеңі кәсіптік педагогика курсын оқып-үйренуден басталады. Кәсіптік педагогика – адамның кәсіби бағыттылығын барлық жүйелеріне таралған ғылыми танымның теориялық және практикалық негіздерін, оның жас ерекшелігіне, болашақ білім беру деңгейі, еңбек және кәсіби іс-әрекетінің сипаты мен саласына байланысты. Бұл тұжырым жеке тұлғаны кәсіби даярлаудағы рөлі мен орнын анықтауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет