Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет55/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92
3-тапсырма.
Типтік (стандарттық тапсырмалар)
1. Неге педагогикалық үрдіс оқытушы іс-әрекетінің объектісі болып табылады?
2. Оқытушы педагогикалық үрдістің дамуына әсер етуі мүмкін бе?
3.Педагогикалық үрдісте қандай қарама-қайшылық топтары қатысты?
4-тапсырма.
Төмендегі жағдаяттарды талдаңыз.
1-жағдаят. Сіздің алдыңызда екі оқытушы. Біріншісі – көңілді, жылдам, ширақ: екіншісі – баяу, тұрақты, бірқалыпты. Екеуі де бір педагогикалық тапсырманы орындауда.
Біріншісі сабаққа жарыс әдісін қолданады. Дер кезіндегі жауапқа балл есептелінеді. Сабақ қызу, кездейсоқ жағдаяттармен жүргізілуде, оқытушы тіпті басқарып үлгермеуде.
Екіншісі грамматикалық талдауға эмоциональды қанық сауалнаманы таңдаған, сабақты жүргізу ретін мұқият ойластырған, өзінің сыны да бар. Тақырып бойынша сабақ білім алушылардың жоғары белсенділігімен жүргізілуде, бірақ оқытушы өзінің орнында тыныш отыр, бірақта осы белсенділікті өзі құрды.

  • Екі оқытушының қайсысы жақсы жұмыс істеді?

  • Егер алғашқы оқытушы екіншінің әдісімен жұмыс істесе қалай болады және керісінше?

  • Оқытушының іс-әрекетін оның жеке сапаларын іске асыруы жағынан бағалауға болама?

2 жағдаят. Топтағы білім алушылардың бірі техника қауіпсіздігі сабағына жеңіл-желпі қарайды. Бұл сабақ көрнекі құралдардың қолдануынсыз, осы сала бойынша қазіргі жетістіктерді демонстрациялауынсыз жүргізілді. Осы тақырып бойынша сауалнама төмен балды көрсетті.
Техника қауіпсіздігі сабағының кемшіліктерін жоюға тырысқан оқытушы өзінің пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын көтеру үшін барлық жаңа оқу құралдарын қолдануды шешті.
Техника қауіпсіздігі сабағы газ тәріздес жанармай кемшілігі туралы фильм көрінісін көрсетуден басталды. (сондай-ақ олардың артықшылықтары). Олардың бірінші кемшілігі – газ ауа қоспаларының жарылу қауiптiлiгi.. Екінші басты кемшілігі – тек жанғыш газдар түріне тән, уландырғыштығы. Бұдан әрi оқытушы отпен ұқыпсыздықтан пайда болатын өндiрiсте газ құбырының жарылысы туралы айтты.
Сабақ табысты өтті және білім алушыларды қызықтырды. Осы күннен бастап техника қауіпсіздігі сабағына көңіл аударатын болды.
Берілген сабақтың типін анықтаңыз және сипаттама беріңіз.
Білім алушылар неге техника қауіпсіздігі сабағына артық көретiн болды?
Білім алушылардың аталған пәнге қызығушылығын ояту үшін сабақты басқа қалай құруға болады?
3 жағдаят. Өндірістік оқыту шебері бағдарламаны оқыту шамасына қарай және білім алушылардың мамандық бойынша білімінің біртіндеп жинақталуына байланысты практикалық тапсырмалады қиындатады.
Кейбір тапсырмаларды шешуде электротехника саласы бойынша арнаулы білім талап етіледі. Сондықтан шебер білім алушыларды колледжде бар қосымша әдебиеттерді көрсетеді. Сондай-ақ білім алушыларға үйге технологиялық-нұсқау картасы мен сызбаларды өздігінен үйренуді ұсынады.

  • Бұл жағдаяттағы шебер жұмысының ерекшелігі қандай?

  • Тапсырмаларды орындауда білім алушылардың өз бетінше болуы жеткілікті ме?

  • Картамен және сұлбамен жұмыс білім алушылардың дербестігін дамыту қандай деңгейде көмектеседі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет