Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет61/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Бабанский Ю.К., Потамник М.М. Педагогикалық үрдісті оптимизациялау / сұрақ-жауап түрінде. – Киев: Родянская школа, 1984.
2.Зорина Л.Я. Жоғары сынып білім жүйесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері. – М.: 1987.
3.Лернер И.Я. Дидактикалық оқыту әдістерінің негіздері – М.: 1981.
4.Хмель Н.Д. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық үрдіс. Алматы, 1984.
5.Батышев С.Я. и др. Кәсіптік педагогика. – М.: «Кәсіптік білім» ассоциациясы, 1999.
6.Өстемиров К.Ө., Шаметов Н.Р., Васильев И.Б. Кәсіптік педагогика – Алматы,2005.

Тақырыбы: Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
Мақсаты:оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары және оның формасы ретінде сабақ туралы түсінікті қалыптастыру; қазіргі сабақтың негізгі міндеттері, талаптары мен жағдайларымен таныстыру; кәсіптік оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдерге сипаттама беру.
Негізгі сұрақтар:
1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы түсінік. Ұйымдастыру формаларыныңм жіктелуі.
2. Оқытудағы сынып-сабақ жүйесін ұйымдастыруды дамыту.
3.Теориялық және өндірістік оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары. 4.Білім алушылардың білім, біліктілік пен дағдысын қадағалау ерекшеліктері.

Әдіснамалық нұсқау
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары тақырыбы -«Кәсіптік педагогика» курсындағы күрделі тақырыптардың бірі, оқыту сипатының мәні оқытушы мен білім алушы бірлестігі негізінде танымдық үрдістерді ұйымдастырудың практикалық мәселелерімен ұштасады.
Осыған байланысты сұрақтың пайда болуына назар аударған орынды, сабақтың түрі мен құрылымы қалай дамиды; сабақтың әр түрлері мен құрылымында педагог пен білім алушының бірлескен жұмысын ұйымдастыруда қандай амалдар қолданылады; сабақта кәсіптік оқыту оқытушысы жетекші ретінде білім алушылардың танымдық белсенділігін қалай ынталандыруға болады.
Сабақ көрінісін талдауға арналып, пән және амалдар бойынша ажырататын білім алушыларды ұйымдастыру ұсынылады, сабақ – бұл қатып қалған форма емес. Сабақ – педагог пен білім алушының шығармашылық зертханасы болып табылады.
Оқыту формасын сипаттайтын негізгі белгілер: сабақтың дидактикалық мақсаты, уақыт-кеңістікті анықтау (сабақтың режимі, өткізу орны, білім алушылар мен оқушылар құрамы), сабақтың құрылымы яғни жұмыс кезеңдерінің бірізділігі, білім алушылардың өз бетінділік деңгейі. Оқыту формасының қызметі: интегративті, коммуникативтік, басқару. Сабақ кәсіптік колледждегі оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Сабақ түрлері: теориялық оқыту сабақтары, практикалық оқыту сабақтары (өндірістік). Сабақтың ұйымдастырушылық және дидактикалық құрылымы. Оқу шеберханалары немесе оқу цехтарында жүргізілетін сабақ түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет