Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет22/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

3.3.Бизнес-модельдің канвасы
Біз бизнес-модель ұғымымен таныспыз. Бизнес-модельдің канвасы қалай құрылатынын қарамай тұрып, сіз үшін жаңа ұғым - үнемшіл (немесе Lean Startup) стартапты енгізу керек
Lean Startup - бұл үнемшіл өндіріс тұжырымдамасы. Стартап төтенше белгісіздік жағдайында әрекет етеді және іске қосу кезінде мұны ескеру қажет. Дамудың бастапқы кезеңінде қателіктер арқылы үйрену және негізін қалаушылардың гипотезаларын барынша тез тексеру үшін стартап икемді болып қалуы қажет, яғни ірі салымдар мен шығындарды болдырмау қажет. Дәл осындай тәсіл Lean әдісінің негізінде жатыр, оның мақсаты кәсіпкерлерге стартаптың табысқа жету мүмкіндігін арттыруға көмектесу.
Үнемшіл стартап циклы үш кезеңнен тұрады: "құру - бағалау - үйрену". Оның мәні: алдымен өнімнің ең төменгі жұмыс нұсқасын жасау, тұтынушылардың реакциясын бағалау, содан кейін шешім қабылдау, таңдалған бағытпен жүруді жалғастыру немесе бағытты өзгерту.
Стартапты іске қосқанға дейін өнімнің нарыққа қажеттігіне сенімді болу мүмкін емес. Сондықтан стартаптың маңызды міндеті - нарықта не қажет екенін, клиенттер нені қалайтынын және олар не үшін төлеуге дайын екенін тез түсінетін қабілетті қалыптастыру болып табылады. Стартапты басқаруды жол жағдайына бейімделіп, бағытты жылдам өзгертуге болатын автомобиль жүргізумен салыстыруға болады және мұндай тәсілді барлығын алдын ала есептеп, алдын ала жоспарлайтын зымыранды ұшырумен салыстырады. Автокөлік рөлінде отырып, біз қайда баратымызды дәл білеміз. Егер біз оқуға бара жатсақ тек бұрылыстан қателескеніміз үшін немесе жолды жауып қойғаны үшін қайтып кетпейміз және айналма жолды іздейміз. Бізге бет алған жерімізге қалай да бару керек. Стартап та өзінің қайда бағыт алғанын, өзінің межелі пунктін дәл біледі: әлемді өзгерте алатын гүлденген бизнес.
Lean Startup әдісі бастапқыда мінсіз өнім жасауға емес, өміршеңдігі ең аз жұмыс өнімін (MVP) шығаруға және клиенттерден олардың нақты қажеттіліктерін түсіну үшін тұрақты кері байланыс жасауға бағытталған. Егер бастапқы жорамалдар практикамен расталмаса, онда олар қате және онда пивот (вираж) жасау — қозғалыс бағытын түбегейлі қайта қарау қажет. Мұндай тәсіл стартап ешкім қажет етпейтін өнім жасайды деген тәуекелді толық төмендетеді.
Негізін қалаушы Ник Суинмерннің адамдар интернетте аяқ киім сатып алады деген гипотезасынан басталған аяқ киімнің ең табысты интернет-дүкені Zappos - осындай стартаптың мысалы бола алады. Суинмерн бірнеше аяқ киім дүкендерінің ассортиментін суретке түсіріп және фотосуреттерді интернетте орналастыра отырып, өзінің болжамдарын тексеру үшін кішігірім эксперимент өткізді. Егер клиент сайтта тапсырыс қалдырса, Суинмерн жай ғана дүкеннен аяқ киімді қалыпты баға бойынша сатып алып, оны сатып алушыға жіберді.
Lean Startup құралдарының бірі – бизнес-модельдің канвасы (business model canvas) немесе lean canvas. Бұл бизнес жұмысының негізгі компоненттері мен процестерін көрсететін көрнекі сызбасы.
Александр Остервальдер жасаған Business Model Canvas бизнесті бір парақта қарапайым және көрнекі түрде салуға көмектеседі. Шаблон бизнестің басты элементтеріболып табылатын 9 блоктан тұрады. Олармәтіндер, стикерлер,суреттер немесе видеолардыпайдалана отырып толтырылады.



Сонымен, бұл кесте қалай толтырылады? Шын мәнінде, өте оңай. Өз моделіңізді логикалық тізбектер арқылы құрыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет