Ф 11-19 Турекулова Ж. Е


Отбасындағы әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін механизмдер



бет23/63
Дата16.03.2023
өлшемі1,16 Mb.
#74793
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
Байланысты:
364651 3

Отбасындағы әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін механизмдер:
1. Дүниеге келгеннен басталатын әлеуметтену үрдісі персонификация және идентификация (ұқсастырылу) механизмдері негізінде жүзеге асады. Дүниеге жаңа келген сәби ата-анасының өмір тәжірибесін көріп өседі де есейе келе сол көргендерін қайталай отырып, болашақта атқаратын қызметі мен орындайтын рөлдерін игереді.
Фрейдтің әлеуметтік дамуға енгізген келесі психологиялық механизмдері: имитация (еліктеу), идендификация (ұқсастырылу), ұят және кінә сезімдері.
Имитация (еліктеу) – баланың қандай да белгілі әрекет-қылық үлгісін саналы қайталауға тырысуы. Мұндай үлгі ата-ана, жақындарының, достарының және т.б. әрекеттері болуы мүмкін. Осы механизм негізінде бала көргендерін, естігендерін ұқсастыра қайталай отырып,болашақта нені айтуға, істеуге болмайды дегендей жақсы мен жаманның ара қатынасын ашады.
Идентификация (бірегейлік) бала өзін ата-анасымен, ағайын- туыстарының,достарының ішіндегі өзіне ұнаған адамдармен ұқсастырылу арқылы жақсы (өкінішке орай кейде теріс) әрекет-қылық үлгілерін, олардың бойындағы құндылықтар мен нормаларды қабылдап өзінің меншікті әлеуметтік-психологиялық сапа-қасиеттеріне айналдырады.
Америка психологы Ч.Кули әлеуметтену үрдісінде баланың өзіндік санасының қалыптасуына оны қоршаған бастапқы әлеуметтік ұжымдардағы өзге адамдардың (ата-аналар, туыстар, көршілер, достар және т.б.) пікірлері мен түсініктерінің маңыздылығына назар аударады.
Қоршаған жақын адамдарының пікірлері бала үшін соншалықты маңызды да мәнді, себебі олардың ықпал-әсері арқасында оның «Мен» бейнесі қалыптасады. Егер отбасында татулық, сыйластық болса, уақыт өте келе бастапқы әлеуметтік ұжымдардағы әлеуметтік ықпалдар мен байланыстардың шеңберінің кеңеюі нәтижесінде субъективті «Мен» нығайып, тұрақтанады, қоршаған адамдар ықпалымен баланың өзін-өзі қадағалау, бақылау қабілеті артады, әлеуметтік нормалары мен құндылық бағдары, әлеуметтік белсенділігі жоғарылайды.
Ч. Кули өз теориясында баланың «Мен» бейнесінің қалыптасуындағы әлеуметтік қарым-қатынастарға үлкен мән беріп, кіші әлеуметтік топтардың (ата-аналар, жақындардың, көршілер және т.б.) ықпалын жоғары бағалаған. Дегенмен, олар бала өміріндегі «Мен» дәрежесінің кемелденуіндегі бастапқы баспалдақтары болып табылады.
Американдық ғалым-психолог Дж.Г. Мид баланың әлеуметтік кемелденуінде әлеуметтік қарым-қатынастардың рөлін ерекше бағалаған. Дж.Мид отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластық болашақтағы үйлесімді әлеуметтік қатынастардың негізі екенін айта келе, ата-ананың балаға айтқан жақсы және жаман сөздерінің бала психикасының, өзін-өзі бағалау деңгейіне ықпалына баса назар аударған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет