Модернизация мақсаты – белгілі бір жетістік пен табысқа жету. Мұнда нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика стандарттарына жету міндеті қойылады.
Модернизация теориясының классиктері: О. Конт, К. Маркс, М. Вебер, Г. Зиммел, Ф. Теннис, Э. Дюркгейм, Т. Парсонс болып табылады. Бұл аталған ғалымдардың ұсынған модернизацияның классикалық теориялары мен еңбектері мыналар:
О. Конт, «адамзат дамуындағы үш кезең» идеясы;
К. Маркс, «тарихи материализм» теориясы ;
М. Вебер, «рационализация» (ұтымды ету) теориясы;
Г. Зиммел, «абстракция» теориясы;
Ф. Теннис, «қауымдастық» және «қоғам» туралы теориялар;
Э. Дюркгейм, «механикалықтан органикалық ынтымақтастыққа өту» теориясы;
Т. Парсонстың «әлеуметтік жіктеу рөлін талқылау» идеясы.
Модернизациялау үдерісін зерттеп, сипаттауға қажетті саяси дамудың әртүрлі тұжырымдамалары бар. Олар:
«модернизация»;
«даму»;
«артқа қалу»;
«тәуелділік».
Демократиялық модернизациялану процесін американдық зерттеуші К. Менгес сатыларға бөліп көрсетті;
Біріншісі, дағдарыс пен бұрынғы режимнің моральды-саяси төзуі;
Екіншісі, әр түрлі коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі;
Үшінші, бұрынғы режіммен қалған кейбір жетекшілер мен ұйымдардың билікке қайта оралуы.
Демократиялық мордернизацияның өзіндік, қазақстандық жолын Н.Ә. Назарбаев ұсынды: «Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол – сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида – қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық».
Модернизацияның түрлері: Классикалық үлгісі, (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі құрылымының модернизациясының жүйелілігі қазіргі қоғамның негізгі құрылымдарының пайда болуына түрткі болды.
Модернизацияның екінші үлгісі, кешіккен және негізгі емес үлгі (Жапония, Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі).
Кешігу модернизациясы үлгісі (Испания, Португалия).
Кесте Саяси модернизация эволюциясы және мазмұны
Үшінші кезең( 80-90жж ХХ ғ) дәстүр және қазіргі заман қарсы келуінің болмайтындығы жайлы ойдың ары қарай таралуы; технологиялық прогресс, «батыс» иституттарын және нормаларын енгізу сияқты факторлар жоққа шығарылмады, осы факторлардың екіншілігі байқалады және олардың басқа бір оғамда басқаратын әлеуметтік қатынастар және мәдениәлеуметтік құндылықтардың бағыныштылығы