ҚФ 301 – топ студенті Турсатаева Самал 6-СӨж тақырыбы: Шақ категориясын анықтық-танықтық тұрғысынан сипаттау Етістіктің граматикалық категориясының бірі –шақ



бет2/8
Дата07.01.2022
өлшемі36,52 Kb.
#19721
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қф-301топ студенті Турсатаева Самал СӨЖ тапсырмасы.

Өткен шақ (айғақты, айғақсыз);

  • Осы шақ (нақ осы шақ, жалпы осы шақ, ауыспалы осы шақ);

    1. Келер шақ (сенімді келер шақ, сенімсіз келер шақ).

    Т. Қордабаев қалып етістіктерін мағыналық ерекшеліктеріне қарап, “жатыр”, “жүр” етістіктерін жалпы осы шақ деп, “тұр”, “отыр” етістіктерін нақ осы шақ деп атаса дұрыс болар еді дейді. Бұларды бөлудегі көрсеткіш етіп, “жатыр”, “жүр” етістіктерінің ұзаққа созылатын ісәрекеттерді білдіруі ғана емес, іс-әрекеттердің арасында үзілістердің болуын, дәл сөйлеу үстінде ол әрекеттердің болып жатпауын негізге алады. Бұдан Т. Қордабаев ойларының Қ. Жұбанов пікірімен келісетінін аңғаруға болады.

    Ы. Маманов еңбегінде шақ формаларының мағыналық ерекшеліктерін былай көрсеткен: өткен шақты – жедел өткен шақ, бұ- рынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ, дағдылы өткен шақ, қатысты өткен шақ деп бес түрге бөліп, олардың арасындағы айырмашылық – әртүрлі мезгілдік мағына білдіруінде емес, әрқайсысы- на тән өзіндік семантикасында екендігін дәлел- дейді.

    Келер шақтың үш түрін көрсетеді: ауыспалы келер шақ (жаз+а+мын); болжалды келер шақ (жаз+ар+мын); ниет келер шақ (жаз+бақ+пын).

    Ы. Маманов етістіктің осы шағының арнайы грамматикалық морфемасы жоқ, осы шақ қалып етістіктеріне және созылыңқы сыйпатқа жіктік жалғауы тікелей жалғану арқылы жасалады деп нақ осы шақ формасын және ауыспалы осы шақты береді.

    1967 жылғы академиялық грамматикада өткен шақ – жедел, бұрынғы, ауыспалы, осы шақ – нақ, ауыспалы осы шақ, келер шақ – болжалды, сенімді (кіргелі отырмыз), ауыспалы келер шақ болып мағыналық топтарға ажыратылады.



    Ы.Маманов еңбектерінде шақ категориясына былайша сипаттама беріледі: «Грамматикалық шақ категориясының қарастыратын мәселесі, обьектісі – істің, қимылдың болған нақты мезгілі де емес, нақты мезгілін білдіретін жеке сөздер де емес, шақтық мағына білдіретін етістіктің қалыптасқан грамматикалық формалары. Шақ формалары істің, қимылдың нақтылы өту кезін дәл көрсетпейді. Олардың шақтық мағынасы абстракт түрде сөйлеу кезімен өлшенеді. Былайша айтқанда, етістіктің шақ формалары сөйлеу кезінен бұрын, сөйлеу кезінен кейін және сөйлеу кезінде болатын қимылдың, уақиғаның уақытын жалпы түрде көрсетеді.
    Ғалымның тұжырымдауынша, қимылдың, уақиғаның дәл өту мезгілін сөйлемде нақты түрде мезгіл үстеулерімен және жыл санын көрсететін сан есімдермен тіркесу арқылы ғана білдіре алады. Бұл тұжырымның функционалды грамматиканың зерттеу нысанына сай айтылғандығын айту керек. Сөйлеуде шақтық мағына, Ы.Маманов көрсеткендей, лексикалық бірліктер арқылы ғана анық көрінеді.
    Ы.Маманов шақ формаларының мағыналық ерекшелігіне баса назар аударған. Шақ түрлерінің атаулары шартты түрде алынған терминдер деп көрсетеді. Өткен шақ формаларының түрлі жағдайларда кездесетінін атап көрсетіп, олардың арасындағы айырмашылық әр түрлі мезгілдік мағына білдіруінде емес, әрқайсысына тән өзіндік семантикасында екендігін дәлелдейді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет