2.4.1. Макарон өнімдерінің ассортименті
Макарон өнімдерінің ассортименті 130 астам аттан тұрады. Ұн сапасы мен сұрыпына байланысты А, Б, В топтарына және 1, 2 класқа бөлінеді. А – қатты бидайдан, Б – шынылы жұмсақ бидайдан, В – наубайханалық бидай ұнынан, 1 класс – жоғары сұрып, 2 класс – І сұрып дегенді білдіреді.
Макарон өнімдерінің жіктелуі төмендегі 2.5-кестеде көрсетілген.
Макарон өнімдерін олардың пішіндеріне байланысты 4 типке бөледі: түтікше, жіп тәрізді, таспа тәрізді және әр түрлі пішінді. Сонымен бірге әрбір типтегі бұйымдарды ұзындығы, ені немесе диаметрі және басқа көрсеткіштері бойынша көптеген түрлерге жіктейді.
Түтікше өнімдер формасы бойынша типшелерге (макарон, қысқа-түтікше, қанатшалар) және сыртқы диаметрінің өлшемі бойынша түрге бөлінеді.
Макарон – қабырғасы қалыңдығы 1,5 мм аспайтын тура кесілген түтікшелер. Ұзындығы бойынша олар қысқа (15–20 см) және ұзын (20 см жоғары) болады. Сыртқы диаметрі бойынша: түтікше (4 мм аспайды), ерекше (4,1-ден 5,5 мм дейін) дейін және кәдімгі (5,6-дан 7 мм дейін) және әуесқойлық (7 мм жоғары) түрлеріне бөлінеді.
Қысқа түтікшелер – сыртқы пішіні 1,5-тен 4 см дейін ұзындықтағы қисық немесе тура түтікшелер. Олардың келесідей түрлері бар: түтікше, ерекше, жиырылған ерекше, көп қырлы жай және т.б.
2.5-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |