Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет37/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Қарабидай нанының жай және жақсартылған сұрыптарын пісіреді. Нанның жай сұрыптарын еленген, кебекті және кебексіз ұннан алынады; пеш табанында және қалыптарда пісіріп, өлшенетін және дара түрін шығарады. Нанның байытылған сұрыптарын сірне және уыт қосып еленген, кебекті және кебексіз ұннан дайындайды; кейбір сұрыптарынына тмин, кориандр немесе анис қосады. Жақсартылған сұрыптарына Бородиндық, Мәскеу, Рижск және тағы басқа нандары жатады.

Қарабидай және бидай ұнының қоспасынан жасалған нанды қарабидай ұнның барлық сұрыптарынан және І, ІІ сұрыпты, кебекті бидай ұнынан пісіреді. Бидай ұнын қосу нан құрылымын жақсартады, ал екі түрлі ұнды араластыру дәмі, көлемі, шұрықтылығы, сыртқы түрі бойынша әртүрлі өнімдер алуға болады.

Жай нанды кебексіз қарабидай ұнына кебекті бидай ұнын (Украиндық), ІІ сұрыпты бидай ұнын (жаңа Украиндық), І сұрыпты бидай ұнын (Дарницский) қосып пісіреді; бірақ басқа да нұсқалары болуы мүмкін.

Қарабидай нанының байытылған сұрыптарын кең ассортиментте пісіреді: Бородиндық (80% кебексіз қарабидай ұнына 15% ІІ сұрыпты бидай ұны, 4% сірне, тмин немесе кориандр); Ресей (кебекті ұн – 60%, І сұрыпты бидай ұны30%, сірне – 6%); Рижский (еленген қарабидай ұны – 85%, І сұрыпты бидай ұн – 10%, ақ уыт -5%, сірне немес қант, тмин), Минск (еленген қарабидай ұны – 90%, І сұрыпты бидай ұны – 10%, сірне, тмин); Асханалық (кебексіз қарабидай ұны – 50%, ІІ сұрыпты бидай ұны – 50%, қант – 3%).

Бидай ұнынан жай және жақсартылған нан, тоқаш және май қоспалы өнімдер шығарады. Жай нанды кебекті, жоғары, І, ІІ сұрыпты бидай ұнынан Забайкальский, Целинный, Бутербродный нандарын пісіреді. Жақсартылған нанды ашытқыда дайындайды, қант (3–6%) және май (2–7%) қосады. Оған Красносельский, Горчичный, Чайный, Карельский нандары жатады.

Тоқаш өнімдерін жоғары, І, ІІ сұрыпты ұнынан пісіреді. Бұл өнімдер массасы 500 г және одан төмен батон, бөлке, өрме нан, ватрушка, қалаш түрінде шығарады, рецептурасына 7%-ке дейін май және қант қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет