Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет71/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Асқабақты көкөністердің аурулары. Асқабақты көкөністер көбінесе антракнозбен, бактериозбен, ақ шірікпен, ұнды шықпен сонымен қатар зиянкестермен зақымданады.

Бактериоз ауруының қоздырғышы бактерия болып табылады. Жапырақтарда майлы сары дақтар пайда болады, жемістерде сулы дақтар пайда болады, жемістердің пішіні өзгеріп, тағамдық құндылығы төмендейді.

Антракноз қарбызды, қауынды және қиярды зақымдайды, бұл кезде жемістерде қою сары дақтар пайда болады,оның астындағы ұлпа ыдырайды. Зақымданған жемістердің тауарлық қасиеті жоғалады.

Ақ шірік қиярды зақымдайды. Саңырауқұлақтар тудырады. Қиярдың бетінде ақ мамық түзіледі де, шіри бастайды.

Ұнды шық – қауіпті саңырауқұлақ ауруы. Қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, кәді зақымданады. Жапырақтарында алдымен ұнды ақ дақтар пайда болады, содан кейін ақ дақтың үстінде қара нүктелер түзіледі. Жапырақтар кеуіп кетеді. Бұл ауру әсіресе жоғары ауа ылғалдылығында, күндізгі және түнгі температура күрт өзгергенде түзіледі.

Асқабақты көкөністерді үйіп және контейнерде, қияр, кәді, патиссонды 30 кг жәшіктерге салып тасымалдайды. Дүкендерде қияр, кәді, патиссонды суыту камераларында 8С температурада 85-95% салыстырмалы ауа ылғалдылығында 3-5 тәулік сақтайды. Қарбыз, қауын, асқабақты 2-3С температурада 85-90% салыстырмалы ауа ылғалдылығында жинағаннан бастап 2 ай бойы сақтауға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет