Қызыл қаудандыорамжапырақ ақ қауданды орамжапыраққа қарағанда күлгін-қызыл түсімен ерекшеленеді, оның түсі құрамындағы антоциандарға негізделген. Құрамында қант – 4,7%, С дәрумені 60 мг%. Бұл орамжапырақ суыққа төзімді және жақсы сақталады. Қызыл қауданды орамжапырақты балғын күйінде салат жасау үшін, сонымен қатар маринадтау үшін қолданады.
Бұл орамжапырақ ашыту үшін жарамсыз. Кең таралған сұрыптары: Каменная головка, Гако.
Савой орамжапырағы ақ қауданды орамжапырақтан қатпарлы ашық жасыл түсті жапырақты борпылдақ қауданымен ерекшеленеді. Бұл орамжапырақта азотты заттар (3,3%) және минералды тұздар (1,6%) көбірек. Кең тараған сұрыптары: Юбилейная, Вертю, Весенняя ранняя. Балғын күйінде қолданыллады. Өңдеуге жарамсыз, себебі бұл кезде жағымсыз иісті заттар түзіледі.