Ф и з и к а әож 53. 049. 1 Физика сабақтарында


МҦҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата18.03.2017
өлшемі4,01 Mb.
#10040
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

МҦҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ 
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 
М.И.Салғараева – 2-курс магистранты, Н.С.Қатаев – п.ғ.к., аға оқытушы 
 (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  Бұл  жұмыста  мектеп  мұғалімдерінің  ӛз  қызметінде  ақпараттық  және 
коммуникациялық  технологияны  тиімді  пайдалануы  мен  оларды  қолдану  деңгейлері 
жайлы мәселелер қарастырылған. 
Түйінді  сӛздер:  ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялар  (АКТ),  ақпарат, 
мұғалім, амал, құрал. 
Мұғалім  дайындығының  негізгі  базасы  ақпараттық  және  коммуникациялық 
технология (АКТ) кӛмегімен ӛз қызметін тиімді ұйымдастыру және оның ішкі тәртібінің 
игерілуін  жоғары  деңгейде  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Мұғалімнің  кәсіби 
қызметіндегі  АКТ  құралдарының  тәжірибе  жүзінде  қолданылуы  дайындық  нәтижесін 
бағалауды  және  оның  кӛмегімен  ақпараттық  қызметтің  ұйымдастырылу  тәсілін  игеру 
деңгейімен бӛліп кӛрсетеміз.  
Таңдалған деңгейдің алғашқы шарты ретінде АКТ құралдарының кӛмегімен ақпарат 
қызметінің жүзеге асуы кезінде әрекеттің және дербестіктің жүйелерін таңдаймыз. Осыған 
байланысты  В.П.Беспалько  ұсынған  әрекет  деңгейі  жүйесінің  бейімделуін  ақпарат 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 99
 
қызметінің  тӛрт  деңгейіне  бӛлеміз,  яғни,  олар  репродуктивті,  бейімділік,  эвристикалық, 
шығармашылық [1]. 
АКТ-ны  қолдану  аймағындағы  репродуктивті  деңгейінде  мұғалім  ақпараттық 
білімнің  бір  бӛлігін  ғана  игереді,  яғни  АКТ  құралдарын  ӛз  қызметінде  толық 
пайдаланылмайды.  Ол  берілген  алгоритм  немесе  басқа  да  амалдардың  тек  әрекеттерін 
ғана  кӛшіреді.  Сонымен  қатар  оқу  үдерісінде  АКТ  құралдары  мен  амалдарын  қолдануы 
тӛмен немесе қолданбайды. 
Мұғалім  бейімделген  деңгейге  жету  кезінде  алған  білімін  қолдануға  саналы  түрде 
дайын  болады,  алынған  жаңа  ақпарат  қызметінің  тәсілін  ӛз  деңгейінде  қолдана  біледі. 
Бірақ  осыған  ұқсас  жағдайлар  болуы  да  мүмкін:  талдау  мен  ӛзін-ӛзі  бақылауды  жүзеге 
асыра  білуі;  қойылған  талаптардың  шешу  барысында,  оларға  жекешілік  кӛрсете  білуі; 
кәсіби қызметінде АКТ-ны қолдануға бағыт-бағдар бере білуі. 
Эвристикалық деңгей мұғалімнің терең және берік білімді игергендігін кӛрсетеді; ол 
қойылған  талаптарды  шешу  барысында  АКТ  құралдары  мен  амалдарын  дара  қолдануы 
мүмкін;  онда  нақты  талаптарға  бейімделу  мен  қолданылуының    қабылданған  әдістерін 
дұрыс  пайдаланады;  АКТ  аймағында  ӛз  білімі  мен  біліктілігін  кӛтере  отырып,  кәсіби 
қызметтегі  АКТ-ны  қолданудағы  нақты  бағыты  байқалады.  Бұдан  байқайтынымыз, 
мұғалім АКТ-ның жаңа амалдарын ӛз бетінше үйренуге икемді болуы керек. 
Шығармашылық  деңгей  белсенді  шығармашылықтың  жоғарғы  деңгейінің 
жетістіктік  кӛрсеткіші  болып  табылады.  Мұғалім  АКТ  амалдарының  ақпараттық 
қызметтерін  кең  кешенді  түрде  қолдануға  дайын  және  ӛз  алдына  жеке  талап  қоя  алады, 
әдістерді  таңдап  және  олардың  шешімі  үшін  амалдар  таңдайды,  таңдалған  әдістерді 
қолданудың  нәтижесін  бағалайды;  бағытталған  шығармашылық  қызметте  мұғалім  жаңа 
ақпараттар ала алады, АКТ амалдарын қолдану жүйесін ӛзі ӛңдеуге мүмкіндігі болады [2]. 
АКТ  құралдары  мен  амалдарын  қолдануда  мұғалімнің  қызметі  екі  деңгейде  жүзеге 
асуы  мүмкін:  эмпирикалық  және  саналық.  АКТ  амалдарының  кӛмегімен  ақпараттық 
қызметінің эмпирикалық деңгейі сыртқы пәндік қызметті игеруді ұйғарады, сонымен бірге 
тәжірибелік логикалық әрекетке әдістемеленгенде оқу-тәрбиелік үрдіс компоненттері мен 
жаңа  ақпараттанған,  коммуникацияланған  технология  арасындағы  заңды  байланысты 
түсіндірмейді. Осындай деңгейді меңгерген студент сол немесе ӛзге ақпараттанған білімді 
мақсатты  қолдануын  негізсіз  деп  шешеді.  Сонымен  қатар  ол,  неге  сол  әрекет  тәсілі 
таңдалғаны және ӛзге әрекеттерді кӛшіруді де негізсіз етеді.  
Эмпирикалық  қызметте  ұстазды  дайындау  репродуктивті  және  кәсіби  деңгейіне 
сәйкес  келеді.  Саналы  әрекет  бағдарлаушы  нәтижеге  алып  келетін,  саналы  мақсатқа 
бағынышты  үрдіс.  Оқу  тәрбиелік  үрдістегі  АКТ–ны  қолдану  бойынша  әрекетін 
қабылдаудың  саналы  деңгейі  сыртқы  пәндік  әрекеттің  теориялыққа  ауысатын  білім 
мақсатындағы  қолданылуды  ұсынады.  Сондықтан  осы  әрекет  барысында  туындаған 
мақсат пен АКТ амалдарындағы сол немесе ӛзге қолданылған бағдарланушы нәтижелері 
жүзеге асып, қолданудың шарты бағаланады. 
Саналы әрекет ұстазды дайындайтын эвристикалық және шығармашылық деңгейіне 
сәйкес келеді. 
Деңгейлердің аралық шекарасын жеткілікті шартын белгілейміз, ал білім, ниет, икем 
кешендері білімнің ақпараттануының дәрежесіне қарай ӛзгеріп отырады. 
Мұғалім  қызметіндегі  АКТ-ны  қолдану  мүмкіндіктерін  талдау  деңгейдің 
бейнеленуіне  сәйкес  білімді  ақпараттандырудың  жаңа  кезеңіндегі  АКТ  амалдарының 
кӛмегімен  ақпарат  әрекеттерінің  әртүрлерінің  жүзеге  асуының  нақты  тәсілін  анықтайды 
(Кесте-1).  
 
 

100  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Кесте-1.  
АКТ шарасының кӛмегімен ақпараттық қызметті ұйымдастыру тәсілдерін 
 қабылдау деңгейі 
 
Ақпаратты жинау 
(іздеу) 
Ақпаратты жинау 
(іздеу) 
Ақпаратты жинау 
(іздеу) 
Ақпаратты жинау 
(іздеу) 
Стандартты 
қайнар 
кӛздерден 
ӛңделген 
дайын 
ақпаратты 
қолдану 
Стандартты 
қайнар 
кӛздерден 
ӛңделген 
дайын 
ақпаратты 
қолдану 
Стандартты 
қайнар 
кӛздерден 
ӛңделген 
дайын 
ақпаратты 
қолдану 
Стандартты 
қайнар 
кӛздерден 
ӛңделген 
дайын 
ақпаратты 
қолдану 
Ақпаратты 
енгізу 
құрылғысын 
қолдану, 
интернеттен  қарапайым 
іздеу 
Ақпаратты 
енгізу 
құрылғысын 
қолдану, 
интернеттен  қарапайым 
іздеу 
Ақпаратты 
енгізу 
құрылғысын 
қолдану, 
интернеттен  қарапайым 
іздеу 
Ақпаратты 
енгізу 
құрылғысын 
қолдану, 
интернеттен  қарапайым 
іздеу 
Интернеттен 
ақпараттарды  теру  және 
енгізу 
құрылғысының 
кӛмегімен қол жетпейтін 
ақпараттарды цифрлау 
Интернеттен 
ақпараттарды теру және 
енгізу 
құрылғысының 
кӛмегімен 
қол 
жетпейтін ақпараттарды 
цифрлау 
Интернеттен 
ақпараттарды теру және 
енгізу 
құрылғысының 
кӛмегімен 
қол 
жетпейтін ақпараттарды 
цифрлау 
Интернеттен 
ақпараттарды теру және 
енгізу 
құрылғысының 
кӛмегімен 
қол 
жетпейтін ақпараттарды 
цифрлау 
Ақпаратты 
енгізудің 
ӛзіндік 
құрылғысын 
қолдану, 
белгілері 
бойынша 
интернеттен 
ақпаратты күрделі іздеу 
Ақпаратты 
енгізудің 
ӛзіндік 
құрылғысын 
қолдану, 
белгілері 
бойынша  интернеттен 
ақпаратты күрделі іздеу 
Ақпаратты 
енгізудің 
ӛзіндік 
құрылғысын 
қолдану, 
белгілері 
бойынша  интернеттен 
ақпаратты күрделі іздеу 
Ақпаратты 
енгізудің 
ӛзіндік 
құрылғысын 
қолдану, 
белгілері 
бойынша  интернеттен 
ақпаратты күрделі іздеу 
 
1-кестеде  ұсынылған  эвристикалық  деңгейге  сәйкес  ақпараттық  қызметтің 
ұйымдастыруы тӛмендегі икем, ниет кешендеріне әкеледі. 
Педагог келесідей ниет, икемдерге ие болуы керек: 
Ақпаратты жинау, іздеу шараларын қолдануы бойынша: 
-Ақпаратты  енгізу  шарттарын  қолдану  –  сканер,  санды  сурет,  бейнекамера,  МIDI-
құрылғы,  микрофон  және  т.б.,  олар  мәтінді,  дыбысты,  графикті,  видео  ақпараттарды 
енгізу; 
-Ақпаратты  іздеу  жүйесін  және  ақпарат  іздеу  үшін  интернеттің  іздеу  ресурстарын 
қолдану; 
Ақпаратты сақтау шараларын қолдану бойынша:  
-Қарапайым  құрылымды  мәліметтерді  сақтауды  ұйымдастыру  үшін  мәліметтер 
базасының басқару жүйесін қолдану; 
-Электронды  құжаттарды,  мәтінді,  дыбысты  графикалық  және  видеоақпараттарды 
құру үшін қажет шараларды қолдану; 
-Электронды  құжаттардың  иерархиясын  (шежіресін)  құру  үшін  гипербайланысты 
қолдану; 
-  Оқу  белгіленуінің ақпараттарын  жинау үшін интернеттің ақпараттық  ресурстарын 
қолдану; 
Ақпаратты ӛңдеу шараларын қолдану бойынша:  
-
 
Оқу  мекемелерін  басқаруды  автоматтандыру  үшін  АКТ  шараларының  дайын 
бағдарламаларын қолдану; 
-
 
Сабақта  оқу  белгіленуінің  мультимедиалық  бағдарламалық  шараларын  қолдану, 
олардың сапасына тәжірибелік бағаны жүзеге асыру; 
-
 
Оқу  белгісінің  бағдарламалық  шараларына  қойылған  талаптарды  сақтай  отырып, 
бағдарламалық шараларының мультимедиалық фрагментінің қойылымын ӛндеу; 
-
 
Ӛңдеудің 
кӛрінетін 
шарасының 
кӛмегімен 
бағдарламалық 
шараның 
мультимедиалық фрагментін жүзеге асыру, жасау; 
-
 
Сабақта интернеттегі ақпараттың ӛңделген ресурстарын қолдану; 
Ақпаратты беру шараларын қолдану бойынша:  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 101
 
-
 
Сабақта және жеке қызметте компьютерлік желінің базалық шараларын қолдану; 
-
 
Компьютерлік сыныптарды сабақ ӛткізу үшін «Виртуалды сынып» түріндегі жүйені 
қолдану; 
-
 
Интернеттің коммутативті ресурстарын қолдану: электронды пошта жүйесі, оқуды 
жетілдіру мақсаты үшін ақпараттандырылған ӛзара әрекет үшін чаттарды қолдану. 
Сонымен,  АКТ  шараларының  кӛмегімен  ақпарат  қызметін  ұйымдастыру  тәсілін 
қабылдаудың тӛрт деңгейі бар. Репродуктивті деңгейде мұғалім тек ақпараттық қызметтің 
тәсілінің  елесі  болады,  ол  бейімделу  деңгейге  жеткенге  дейін  жаңа  жағдай  тәсілін 
қолдануы мүмкін. Эвристикалық деңгейде ұстаз алдына қойылған тапсырманың шешімін 
табу  үшін,  олардың  тәсілі  мен  қолданылуын  ескере  отырып,  АКТ  шараларын  жеке  ӛзі 
қолдана  алады.  Шығармашылық  деңгей  АКТ  шараларын  қолданатын  ақпараттық 
қызметтегі ұстаздың кең кешенді қолданысына ие, ол ӛзі жеке дара тапсырма қойып, оны 
шешу үшін әдістер мен шараларды таңдай алады [3]. 
АКТ-ны  қолдану  мүмкіндіктерін  талдау  нәтижесінде  мұғалімнің  қызметі  жалпыға 
бірдей  ақпараттық  қызметтің  әр  деңгейіне  қарай  анықталады,  онда  дайындық  курсының 
базалық  нұсқа  ішілік  мазмұнының  негізгі  бӛлігі  болып  икем  мен  ниет  кешендері 
анықталады. 
Таңдалған  деңгей  негізінде  АКТ-ны  қолдану  бойынша  студенттің  дағдысы  мен 
шеберлігінің кешені ӛңделген, ол кәсіби қызметтегі ақпаратты жинау, іздеу, сақтау, ӛңдеу, 
беру шараларын қолдану бойынша дағды мен шеберлік, икемінен тұрады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Г.Н.Александров Компьютер в структуре педагогической деятельности //Вопросы 
психологии. 1986. №5. стр. 75-79 
2.
 
М.Буняев  Подготовка  учителя  –  решение  проблемы  информатизации  // 
Информатика и образование. 1991. №4. Стр.93-95 
3.
 
С.М.Кеңесбаев. Студенттерді жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға жүйелі 
деңгейде дайындау. Хабаршы,Абай атындағы ҚазҰПУ,№3,2004ж. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  этой  статье  рассмотрены  проблемы  эффективного  применения  и  уровни 
использования  информационных  и  коммуникационных  технологии  в  работе  учителя 
школы.  
 
SUMMARY 
The article deals with the problems of effective usage and levels of using of informational 
and communication technologies in teaching. 

102  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Х И М И Я 
 
 
ӘОЖ 541.(64+127):547.952 
АКРИЛАМИДПЕН АКРИЛОНИТРИЛ СОПОЛИМЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ 
ПОЛИЭЛЕКТРОЛИТТЕР 
 
Ж.Б.Досымова– магистрант, Б.Н.Бурисова– магистрант,  
Е.Ж.Меңліғазиев– х.ғ.д., профессор (Алматы қ.,  Қазмемқызпу) 
 
Аннотация: бұл мақалада акриламид пен акрилонитрил сополимерлерінің гидролизі 
қарастырылған. 
Түйін сӛздер: акриламид, акрилонитрил, гидролиз, сополимер, модификация. 
Бүгінгі таңда, ғалымдар суда жақсы еритін полимерлер буындар құрамында кӛптеген 
функционал  топтары  бар  полиэлектролиттер  алу  жолдарына  және  оларды  ӛндірісте 
пайдалануына кӛңіл бӛлуде. Оларды кӛбіне полимерді модификациялау әдісімен алады.  
Осыған  орай  осы  мақаланың  мақсаты    акриламидтің  акрилонитрил  сополимерінің 
85-15  мас%  сілті  ерітіндісіндегі  гидролизденуін  зерттеу.  Ол  үшін  сополимердің  
гидролиздену дәрежесіне сілті  концентрациясы, жүйе температурасы және гидролиздену 
уақыт қарастырылды.  Бұдан гидролиздену сілтінің 2,0 моль/л  қатынасында 43 пайыздық 
мӛлшерде, 70ºС және процесс бір сағат аралығында ӛтетіні анықталды. 
Тәжірибе  үшін  алынған:  акрил  қышқылының  нитрилі  d-0,811  г/см
3
,  қайнау 
температурасы 77,3°С, калий гидроксиді ТУ6-09-2540-87, дистилденген су, ГОСТ 6709-72, 
динитрил азо-бис-изомай қышқылы. 
Сополимерлену  процесін  жарты  литрлік,  үш  тесікті  (трехгорлая  колба)  бірінші 
температураны,  екіншісі  айналдырғышы,  үшіншісі  сырттан  құйғышы  сонымен  қатар, 
полимерлену жүйесіне инертті газ бергіш бар ыдыста ӛткізілді.  
Полимерлену  процесінен  бӛлшектеліп  алынған  заттар  сонымен  қатар,  жалпы 
түзілген бұйымды спиртте жуып полимерлер мен иницаторлардан тазартады, кептіріледі. 
Полимерлену  процесінің  басталуын,  жүйе  температурасы  тұрақталған  соң,  оған  енгізген 
мономерге  немесе  мономерлер  ерітіндісіне  қажетті  есептелген  инициатор  енгізілген 
уақытымен ӛлшенеді [1-2]. 
Полимердің және сополимердің гидролизденуін жүйеге есептелген мӛлшердегі, сілті 
мӛлшерінің ерітіндінің рН немесе амид топтардың гидролиздену дәрежесін универсиалды 
иономердің ЭВ-74-тің кӛмегімен анықталды. 
Алынған полимер немесе сополимер құрылымын JASCO-A-32 маркалы инфрақызыл 
аппаратында  KRS  әйнегіне  жабыстырылған  қабыршық  (пленка)  сәуле  ӛткізу  арқылы 
анықталды. Функционал топтардың сандық мӛлшерінін табу үшін тексерілетін ерітіндіге 
(полимердің 1-2%) калийдың стандартты роданиды енгізіледі.  
Аппаратта  түсірілген  инфрақызыл  спектрлерін  белгілі,  стандартты  функционал 
топтардың спектрімен салыстыру арқылы анықталды [3-5]. 
Гидролизденген  полимер  микроқұрамындағы  функционал  топтарды  ЯМР 
13
С    бұл 
үшін  TESLA  BS-567  A  аппаратының  қызметтік  жұмыс  жиілігі  25,142  МГц  қолданып, 
оның  ішкі  салыстырмалы  стандартына  гексаметилдисилоксан  пайдаланылды.  Спектр 
жазылуы  60°С  аралығында  ӛткізілді,  ал  сызықтар  (спектрлер)  идентификациялауы  мына 
нұсқауларға сүйенілді [6]. 
Бүгінгі  күнде,  акриламид  полимерлерін  жер  бұрғылау  үшін  қолданылатын  ерітінді 
ретінде  пайдаланатыны  бірақ  оның  кӛмір  қышқылына  және  күкіртті  органикалық 
қосылыстарға  тӛзбейтіні  белгілі  [7].  Осы  кемшілігін  жою  мақсаты  үшін  Ресейде 
акриламидтің акрилонитрил сополимерінің гидролизі тексерілді [8].  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 103
 
Аталған жұмыстардан белгілі бір дұрыс, мағұлмат алу мүмкін болмағандықтан, осы 
еңбектің  мақсаты  акриламидпен  акрилонитрил  сополимерінің,  белгілі  құрылымы,  85:15 
массалық қатынас алынып, осы сополимердің гидролиздену процесін тексеру. 
Сополимердің  гидролиздену  дәрежесіне  қажетті  калий  гидроксидінің  мӛлшері 
зерттеліп, одан сілті мӛлшерінің ұлғаюы, жүйеде гидролиздену процесінің жылдамдығын 
және  гидролиздену  дәрежесінің  артатынын  кӛрсетті.  Сонымен  қатар,  гидролиздену 
процесі алғашқы 30 минут аралығында 48 %-дың дәрежесімен ӛтетіні және анықталды. 
 
 
1-сурет. Акриламидтің акрилонитрилмен 85:15 массалық қатынасы сополимерінің 
гидролиздену дәрежесіне сілті концентрациясының моль/л 1-0,1; 2-0,5; 3-0,2 0(9) 4,0 (-0-) 
және уақыттың әсері 
 
Акриламид  және  нитрил  топтарының  гидролиздену  процесіне  температураның 
әсерін зерттегенде реакция 70-75°С аралығында 48-49%-дық дәрежеде функционал топтар 
карбоксил тобына айналатыны дәлелденді. Сол үшін бұл процесс ықтимал температурада 
(70-75°С) 35-45 минут аралығында ӛтетіні дәлелденді. 
 
 
2-сурет. Акриламидтің акрилонитрил сополимерлерінің гидролиздену дәрежесіне 
жүйе температурасының әсері, t-2 сағат; КОН-1,0 моль/л. 
 
Полимер  тізбек  буындағы  функционал  топтардың  химиялық  активтілігі 
(реагенттерге, ортаға, қысымға, температураға) сол функционал топтарының реагенттерге 
кездесу  функциясына  тура  пропорционал  екендігі  белгілі.  Осылай  болса,  алынған 
сополимердің (акриламид акрилонитрил 85:15 мас%) сілті ерітіндісіндегі гидролизденуіне 
олардың  ерітіндідегі  жүйедегі  концентрациясына  тәуелділігі  айтпасада  түсінікті.  Бұл 
зерттеу  жұмысынан  сополимердің  жүйедегі  концентрациясы  неғұрлым  аз  болса,  ондағы 
функционал  топтардың  гидролиздеуші  агенттерге  жету  мүмкіншіліктері  жоғары 
болатыны кӛрсетілді. 
 

104  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
 
3-сурет. Акриламидтің акрилонитрил сополимерінің (85:15 мас% -70°С, КОН-0,8 
моль/л) гидролиздену дәрежесіне жүйедегі сополимерлер мӛлшеріне (%) байланыстығы  
 
1-2,0; 2-6,0; 3-10,0; 4-13,0 
 
Жоғарыда  кӛрсетілген  зерттеулерден  сополимерлердің  гидролиздену  дәрежесінің 
50% аспайтыны, біздің ойымызша, жүйедегі  нитрил топтарының сілті  молекулаларының 
әсерінен  амид  топтарға,  температураның  әсерінен  циклді  қосылыстардың  пайда  болу 
мүмкіншіліктерін шегеруге болмайтындықтан. 
Сонымен,  акриламидтің  акрилонитрилмен  (85:15  мас%)  сополимері  сілтілік 
гидролиздену  кезінде  полимер  тізбек  буынында  акриламид,  нитрил  және  карбоксил 
топтары  болатын  жаңа  сополимер  алынды.  Ондағы  функционал  топтардың  (-СООН;  -
CONH
2
,  -C≡N)  концентрациясы  гидролиздену  процесінің  толық  жүру-жүрмеуіне 
байланысты.  Сол  себепті  олардың  тізбектерінің  буынында  аталған  топтардың  мӛлшерін 
ЯМР 
13
С(^Н) аппаратымен тексерілді. 
Тізбек  буынындағы  нитрил  топтардың  блокты  орналасуы  циклді қосылыс  беретіні, 
жүйедегі  температураға  байланысты  ал  сілтінің  әсерінен  амидті  және  карбоксил  топқа 
айналуы тӛмендегі механизм бойынша ӛтетіні белгілі 
 
 
 
 
Осылай  болса,  біздің  жағдайда,  акриламидтің  акрилонитрилді  (85:15  мас%) 
сополимерінің  сілтілік  гидролиздену  нәтижесінде  түзілген  сополимерлер  тізбек 
құрамында  амидті  нитрилді  және  карбоксилді  топтардың  бар  жоқтығы,  оларды  алу 
кезінде гидролиздену процесі алынған мынандай толқын жиіліктері (МГц) табылды.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 105
 
 
 
4-сурет.  Гидролизденуге  дейінгі  сополимер  (а)  микроқұрамында  акриламидтің  СО 
(190м.д)  –СН  (40м.д)  –СН
2
-  (34м.д)  акрилонитрилдің  -С≡N  (~120м.д)  –СН  (35м.д)  –
СН
2
(25м.д).  ал  гидролиздену  кезінде  (б,в)  және  соңындағы  (в)  сополимер  толқын 
жиіліктерінен  (м.д)  акриламидтің  -СО,  ≡СН,  =СН
2
;  акрилонитрилдің  ≡СН,-СН
2
;  акрил 
қышқылының ≡СН-, -СН
2
- бар екенін кӛруге болады. 
Нитрил  (-С≡N)  тобына  тән  толқын  жиілігінің  (б-гидролиздену  кезінде  (120м.д) 
гидролизденуге  дейінгі-а)  120м.д  гидролизденуден  кейін  (в)  жоғалғанын  кӛруге  болады. 
Бұл  гидролиздену  кезінде  сополимер  тізбек  буынында  нитрил  тобының  жоқтығын 
кӛрсетеді.  Ол  топтың  жоғарыда  кӛрсетілгендей  амидке  одан  карбоксил  тобына 
айналатыны дәлелденді. 
Синтезделген сополимер ең соңғы тізбек буындарында, «кӛрші эффектісі» әсерінен, 
блокты  амидті  және  карбоксилді  сополимер  алу  мүмкіншілігі  осы  гидролиздену  процесі 
арқылы ғана алу мүмкіншіліктеріне жетуге болатыны дәлелденді. 
Алынған сополимер арқылы химиялық модификацияға түсіру арқылы сополимердің 
жаңа түрлерін алуға болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Рекламный  проспект  фирмы  Kem-Tron  Inc.  (Техас,  США)  /  Межд.  Выставка 
«Нефть и газ, Миодж 97», Москва, 1997. 
2.  O.K.Швецов   Синтез-анионных  полимерных  ПАВ  и  получение  бутадиен-
нитрильных каучуков с их использованием. / Диссертация докрахим. наук. г. Ярославль, 
1990. 
3.  Металловедение  и  технология  металлов:  Учебник  для  вузов;  Под  ред. 
Ю.П.Солнцева М.: Металлургия, 1988. - 512 с. 
4.  Новая  закалочная  среда  на  основе  полимера  ПК-2  /  Анненкова  В.З., 
Л.Н.Жданкович,  В.М.Анненкова  и  др.  //  Металловедение  и  термическая  обработка 
металлов, 1986, №10, с.3-6. 
5.  Термопас-34  новый  универсальный  регулятор  фильтрации  буровых  растворов  / 
O.K.Швецов,  В.А.Алаичев,  Е.В.Зотов,  Е.Я.Оксенойд  //  Нефтяное  хозяйство,  1997,  №5,  с. 
10-13. 
7.  E.H.Зильберман,  A.A.Старков,  Э.Г.Померанцева  Исследование  гидролиза 
полиакрилонитрила при высоких температурах / Высокомолекулярные соединения, 1977, 
т. (А) 19, №12, с.2714-2718. 
8.  Ж.Матье,  Р.Панико  Курс  теоретичексих  основ  органической,  химии.  М.:  Мир, 
1975. - 556 с. 
9. Превращения полиакрилонитрила и сополимера акрилонитрила с изобутиленом в 
присутствии 
серной 
кислоты 
/E.H.Зильберман, 
Н.Б.Воронцова, 
Н.Б.Новикова, 
Э.Г.Померанцева,  Р.Я.Староверова  //  Высокомолекулярные  соединения,  1973,  т.  (А)  15, 
№7, с.1648-1653. 

106  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  синтезированы  сополимеры  акриламида  и  акрилонитрила  и  изучена  и 
гидролиза. Изучена структура сополимеров методом ИК-и ЯМР
13
С спектроскопии. 
 
SUMMARY 
The  article  deals  with  the  synthesized  copolymers  of  acrylamide  and  acrylonitrile,  and 
studied and hydrolysis. The structure of copolymers by IR and NMR spectroscopy is studied. 
 
 
 
ӘОЖ 534.22. 
ҚҦЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒДАРЛАНҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
 
Қ.О.Кішібаев- х.ғ.к., доцент, Н.О.Мырзахметова-х.ғ.к., доцент м.а. 
 (Алматы қ., Қазмемқызпу)  
 
Аннотация
мақалада 
бейорганикалық 
химияны 
оқытуда 
құзыреттілікті 
қалыптастыруда  қолданылатын  проблемалық  оқыту  технологиясын  пайдалану  жолдары 
қарастырылған. 
Түйін  сӛздер:  инновация,  оқыту  әдістері,  инновациялық  технология,  құзыреттілік, 
кәсіби және химиялық құзыреттілік. 
Елбасының  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты»  атты  Жолдауында:  «Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз 
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», - деген [1].  
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесі міндеттерінің бірі 
-  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу  және  педагогтардың  ӛзіне  қолайлысын 
қолдануға мүмкіндік беру»,- деп кӛрсетілген [2]. 
Еліміздің болашақта ӛркендеп дамуы қазіргі заманғы талапқа сай мектептерде білім 
мазмұнын ӛзгерту, жаңашыл идеяларды ӛмірге ендіру, озат педагогикалық тәжірибе мен 
тұлғаның  жан-жақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  технологияларды  енгізудің  ӛзектілігі 
артуда. Ӛркениетті қоғамға сай білімді, зерделі, ӛз бетімен әрекет ете алатын, қоғамнан ӛз 
орнын  таба  білетін,  шығармашылық  тұрғыда  жұмыс  жасай  білетін  адамзатты  дайындау 
міндеті-ұстаздың  алдында  тұрған  үлкен  міндет.  Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін 
мұғалімдердің инновациялық  даярлығын қалыптастыру қажет. Ол үшін: 
-
 
озық  педагогикалық  және  психологиялық  тәжірибені  басшылыққа  ала  отырып, 
мұғалімнің ӛз жұмысына деген жаңаша кӛзқарасын қалыптастыру; 
-
 
әр  мұғалімнің  ӛзінің  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін  айқындай  білуін  қамтамасыз 
ету; 
-
 
мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуына жағдай жасау; 
-
 
мұғалімнің  инновациялық  технологияларды  пайдалана  отырып,  жұмысын 
жандандырып  отыруы  және  жүргізген  экспериментінің  нәижесін  хабарлап  отыруы, 
оқушылардың жан-жақты құзыреттілігін дамытуы керек. 
Оқыту  үдерісінде  инновациялық  технологияларды  қолданудағы  негізгі  мақсат- 
құзыреттілікті  дамыту.  Оқушы  бойында  пәндік  құзыреттілікті  қалыптастыру  оның  жеке 
тұлға  ретінде  дамуына,  алған  білімдерін  ӛмірде  қолдана  білуіне,  ӛз  іс-әрекеттерін  ой 
елегінен ӛткізе білуіне жағдай жасайды. 
Химия  пәнін  оқытуда  қолданылатын  қазіргі  мынадай  технологияларды  атап 
кӛрсетуге болады: бағдарламалап оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, дербес оқыту, 
топтап  оқыту,  деңгейлеп  оқыту,  жобалап  оқыту,  кіріктірілген  оқыту,  модульдік  оқыту, 
дидактикалық бірлікті ірілендіру, ойын арқылы оқыту, интерактивті оқыту технологиясы 
[3]. Проблемалық оқыту технологиясы қазіргі таңда химия пәнін оқытуда жиі қолданылып 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 107
 
жүр. Студенттің немесе оқушының алдына белгілі бір проблеманы тудырып, оны шешуге 
оларды жұмылдыру мұғалімнен асқан шеберлікті қажет етеді. 
«Бейорганикалық  химия»  пәнін  оқытуда  проблемалық  оқыту  технологиясын 
қолдануды  қарастырайық:  «Электролиз»  тақырыбын  ӛткенде  студенттердің  алдына 
мынадай проблемалық жағдайлар қойылады: қай кезде катодта металдар бӛліне алмайды, 
қандай жағдайда олар бӛлінеді, анодта қай жағдайда таза оттек немесе басқа газдар бӛліне 
алады? Осы проблемалық сұрақтарға теория жүзінде жауап бере отырып, алған білімдерін 
бекіту  үшін  зертханалық  жұмыс  жүргізіледі:  «Мыс  сульфаты  сулы  ерітіндісінің  инертті 
электродтардағы  электролизі».  Алған  білімді  толығымен  бекітіп,  студенттердің  пәндік 
құзыреттіліктерін  дамыту  мақсатында  сабақта  проблемалық  жағдайы  бар  есептер 
шығартылады [4]. 
1-
 
есеп.  Натрий  иодидінің  балқымасының  электролизі  кезінде  электродтарда  не 
бӛлінеді? 
Шешуі:  Натрий  иодидінің  балқымасында  диссоциациялану  процесінің  нәтижесінде 
мынадай иондар түзіледі: 




I
Na
NaI
 
Электр  тогын  ӛткізгенде  натрий  катиондары  катодқа  (теріс  зарядталған  электрод), 
иодид иондар анодқа (оң зарядталған электрод) қарай жылжиды. 
Электролиз кезінде мынадай процестер жүреді: 
 
2
2
2
:
:
I
e
I
Анодта
Na
e
Na
Катодта






1
2
 
 
2
2
2
J
Na
NaJ
электролиз








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет