р/с
№
|
Психологиялық-педагогикалық практика бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
|
Психологиялық-педагогикалық практика жеке тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері
|
Мектептен Психологиялық-педагогикалық практика жетекшісінің қолы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
1.
|
Ұйымдастырылған бағыт-бағдар конференциясына қатысып, психологиялық-педагогикалық практика бойынша толық мәлімет алып, қалай жұмыс жүргізетінімізді айқындап алдық. Практикада орындалуы керек жұмыстар мен қатар, оның міндеттері мен мақсаттарына назар салып, түсіндік.
|
31.01.2022
|
05.02.2022
|
|
2
|
Психологиялық-педагогикалық практиканың алғашқы аптасын дүйсенбі күнге тура келді. Бұл күні мекеме басшысы мен оқу ісі жөніндегі орынбасармен кездесіп, таныстым. Менің практикама жетекшілік ететін Нұртазаева Жансұлу апайға бағытталдым. Ол кісімен бірге алдағы уақытта жұмыс жасайтын «жұмыс-жоспар кестесін» құрдық. Мектептегі химия және химиялық лаборатория кабинеттерінің есігін алғаш ашып, көріп таныстым.
|
08.02.2022
|
12.02.2022
|
|
3
|
Практиканың бұл аптасында өзіме жүктелген сынып пен қатар сол сыныптың жетекшісімен таныстым. Сынып жетекші мені сыныптың тізімі мен сабақ кестесімен таныстырды. Нәтижесінде Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектебінің 7 «А» сыныбына жетекшілік еттім.
|
15.02.2022
|
19.02.2022
|
|
4.
|
Сынып жетекші маған ағымдағы тәрбие жұмыстары мен тәрбие сағаттарын зерделеп түсіндіріп шықты. Арасында өзіме бейхабар жерлерін сұрап, пікірталастарда ұйымдастырдық. Толық ағымдағы тәрбие жұмыстарымен танысып, өз ой пікірімді қалыптастырып, жұмыс жасадым.
|
22.02.2022
|
26.02.2022
|
|
5.
|
Өзімізге жүктелген сыныптың оқушыларымен жасалынған тәрбие сағаттарына, ұжымдық жұмыстарына қатысып, тәжірибе жинадым.
|
01.03.2022
|
05.03.2022
|
|
6
|
Сыныптың белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын сырттай бақылау жасап, зерттедім. Оқушылар бір-бірінен жоғары деңгейде асып түсіп, белсенділік танытты. Олардың бойындағы көшбасшылық, ұйымдастырушылық қасиеттерді байқадым. Тәртібі мен үлгері төмен оқушылармен жеке түзелту жұмыстарын жүргіздім. Және олардың үлгерімі мен тәртібін зерттеуді және алдағы 1 айдағы көрсеткіштерімен салыстыруды ұйғардым.
|
07.03.2022
|
12.03.2022
|
|
7.
|
Тәрбие сағаттарының жоспарын құрастырып, түрлерімен және әдістемесімен таныстым. Оқушылармен мектептегі ұйымдастыру шараларына қатысып, Әз-наурыз тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, өзімді мұғалімдіктің басқа тұстарынан жетілдірдім.
|
15.03.2022
|
18.03.2022
|
|
8.
|
Тоқсандық демалыстан келген сыныптарға өзімнің жылы лебізімді көрсетіп, Нұртазаева Жансұлу апайға жүктелген сыныптарға кіріп, химия сабағына қатысып әр сыныптың деңгейімен таныстым.
|
31.03.2022
|
01.04.2022
|
|
9.
|
Пән мұғалімі мен сынып жетекшілердің берген тапсырмаларын түгіл әрі толық орындап, ұқыптылығымды көрсеттім.
|
05.04.2022
|
09.04.2022
|
|
10.
|
Химия сабақтарына қатысты мәліметтерді қарап, түсінбеген оқушыларға өз білгеніммен бөлістім.Жетекшімнің сабақ өту барысын,әдістерін бақыладым.
|
12.04.2022
|
16.04.2022
|
|
11
|
Алдағы уақытта жоспарланған тәрбие сағаттарына байланысты, өзіме тансық сұрақтардың жауабын іздеу мақсатында сынып жетекшіге жүгіндім. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру барысында сынып жетекшісімен бірге отырып,сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырдық.Тәрбие сағатына тиянақты дайындалдым.
|
19.04.2022
|
23.04.2022
|
|
12
|
Тәрбие сағатын ұйымдастыру мақсатында 7 «А» сынып оқушыларына жеке тапсырмалар беріп, тақырыпқа сай көрініс, ән, және түрлі тақпақтармен таныстырып, осы жұмыстарды бірге атқаруға негіздедім.
|
26.04.2022
|
30.04.2022
|
|
13
|
Бұл аптада өзіме жүктелген сыныпқа тәрбие сағатын өту жұмыстарын жүргіздім.Оқушыларды табиғатқа , туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында “Табиғат және біз” деген тақырыпқа тәрбие сағатын ұйымдастырым.
|
03.05.2022
|
06.05.2022
|
|
14
|
Практика жетекшісімен дайындаған жұмыс жоспар кестесіне негіздеп, психология-педагогикалық есепті құрдым. Практикаға қажетті құжаттарға қол қойдыртып, өзіме жүктелген сыныптағы екі оқушыға мінездеме жаздым.
|
10.05.2022
|
14.05.2022
|
|
15
|
Психология-педагогика практикасын қорғап, жасаған жұмысым мен өткізген тәрбие сағатыма лайық өз бағамды алдым.
|
16.05.2022
|
18.05.2022
|
|