Ф-об-012/060 №2 практикалық сабақ


Автоклавтау туралы түсінік



бет10/15
Дата10.02.2022
өлшемі70,57 Kb.
#25199
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
2 практика

Автоклавтау туралы түсінік.

Автоклавтау булы стерилизаторлармен жүзеге асады. Булы стерилизаторларда жоғары температура (138˚С ке дейін) және жоғары қысым (2,5 атм дейін) орнатылады.

ЕПҰ-да стерилизацияның 2 режимі ұсынылады.

1 режим – температура 132˚С, қысым – 2 атм, уақыты-20 минут.

Бірінші (негізгі) режим бөз дәкеден жасалынған таңу материалдарын, киімдерін, жаймаларды және коррозияға төзімді металдан, шыныдан жасалған саймандарды залалсыздандыруға арналады.



2-режим – температура 120˚С, қысым 1,1 атм, уақыты 45 минут.

Екінші режим (сақтаушы) резина, латекстен (хирургиялық қолғаптар т.б.), полимердің кейбір түрлерінен жасаған саймандарды залалсыздандыруға ұсынылады. Жоғары қысымды бумен залалсыздандырылатын саймандарды алдын ала арнайы бикс немесе контейнерлерге орналастырады немесе арнайы крафт-пакетке немесе бөз матаға оралады.Залалсыздандырудың бұл түріне тиімділік, сенімділік тән. Залалсыздандырудың сенімді нәтижесін алу үшін материалдарды бикске өзара бос орналастырып, залалсыздандыру уақытын нақты ұстау керек.



Залалсыздандырудың шарттары: Залалсыздандыру филтрлі, филтрсіз қорапшада, бөз матада немесе дымқылдықты өткізбейтін қағаздан жасалған қорапшада, Е маркалы автоматтарда бұйымдар орағыштарға арналған қағаз қорапшада өткізіледі. Бикске салудың универсалды, мақсатты, түрлі (видовая) түрлері бар:

-Универсалды бір бикске бір түрдегі халаттар салынған, салфеткалар, мақта шариктер.т.б.

-Мақсатты үлкен операцияға арналған таңу материалы мен жаймалар салынады.

-Түрлі кезінде бір операцияға арналған барлық материал бір бикске салынады.



Медициналық саймандарды мен операциялық жаймаларды дайындау және бикске орналастыру

• Биксті, халаттарды, жаймаларды, таңғыш материалдарды дайындаймыз;

• Бикстің ақаусыздығын тексереміз;

• Бикстің ішін 2 рет сүртеміз;

• Бикстің ішіне жайма төсейміз:

• Бикске біріңғай материалдан жасалынған заттарды саламыз;

• Халаттарды, жаймаларды, орамалды, салфеткаларды, мақта шариктерін т.б

• Бикске тек қана залалсыздандыруға дайын материалды қатаң тәртіппен саламыз;

• Бикске салынатын материалдардың саны белгіленген болуы керек;

• Таңу материалдарын 10 дана етіп, орам түйіншегімен саламыз:

•Дәкелі шариктерді 50-100 дана етіп, дәкелі түйіншекке саламыз;

•Бикстің ішін спиртті салфеткамен өңдеп аламыз;

• Сосын жайманы төсейміз, материалдарды салып, жайманың шеттерімен үстін жабамыз, арасына бу кіріп, жақсы зарарсыздандыру үшін бос етіп саламыз;

• Материалдарды жайғастырған кезде вертикальді және қатарымен салуды қадағалау керек;

• Бикстің қақпағына индикатор қағазын саламыз;

Ыстық, құрғақ ауамен залалсыздандыру.

Металл және шыны саймандарда ұсынылады. Стерилизация камерасында жұмысшы 180˚С температура, уақыты – 60 минут.

Іс-әрекеттері:

1. Крафт-пакеттерді ашық эмальды астаушаға салынған шприц пен инелерді хирургиялық саймандарды арнайы ыстық-құрғақ ауа шкафқа жайғастырылады.

2. Шкафтың қызуын өлшеу үшін тиомочевинасы бар флакон салады.

3. Залаалсыздандыру 180˚С –та 1 сағат жүргізіледі.

4. 1 сағат уақыт өткеннен соң шкафты ашып, тиомочевина тексеріледі, егер тиомочевинаның ұнтағы сары қоңыр теске кірсе, онда шкафтың ішіндегі ауаның қызуы жеткілікті екенін білдіреді.

5. Жоғарыда аталған іс-әрекеттер орындалғаннан кейін, медициналық құрал-саймандар залалсыздандырылған болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет