Бұлшықет жарақаттары (жақтың қарысуы) мандибуляр, торусал анестезияларында кездеседі. Асқыну қант тәрізді етті өтпес немесе ұшы майысқан инемен жаралау, бұлшықетке шектен тыс көп анестетик енгізуден болады.
Клиникасы. Ауырсынып, ауыз жақсы ашылмайды.
Емі. Ауызды сода ерітіндісімен шаю, жақ астына жылу қою, контрактураны тарататын терапия, механикалық ем.
88. Самай төменгі жақ сүйегі буынның контрактурасы Клиникалық көрінісі, Нақтамасы, салыстырмалы нақтамасы.Емдеу ерекшеліктері Төменгі жақтың контрактурасы - бет-жақ аймағының патологиялық өзгерістері мен жұмсақ тіндердің пластикалық қасиетінің және самай-төменгі жақ буыны қызметінің бұзылуы
Төменгі жақ контрактурасы кезінде сөйлеу және тамақ қабылдау қызметі бұзылады. Әсіресе алдыңғы тістер «желпігіш» тәрізді орналасады. Сирек жағдайда жоғарғы және төменгі жақ деформациясы болады. Егер контрактура бет қаңқасының өсуінен бұрын пайда болса, онда төменгі жақтың дамуы кедергіленеді, бірақ деформа-циясы анкилоз кезіндегідей өте анық. Жақтың толық қарысуы және барлық тістердің болуы - төменгі жақ бұтағының ішкі бетінің тексерілуін қиындатады.
Емі. Тыртықты контрактураның отасыз-консервативті емі парафин, пирогенал, В. П. Филатовтың тінді терапиясын гиалуронидазамен, лидазамен, ренидазамен, гидрокортизонмен, терапия және ультра-дыбыспен жүргізіледі.
Отасыз-консервативті емінің негізгі мақсаты коллогенді талшықтарда гиалиноз дамуына жол бермеу. Бұл ем егер тыртық жас, жаңа және 9-12 айдан аспаған жағдайда нәтижелі болады
89. Артриттердің Клиникалық көрінісі, Нақтамасы, салыстырмалы нақтамасы.Емдеу ерекшеліктері Самай-төменгі жақ буынының арнайы емес инфекциялық артриттері жедел ағымды, созылмалы деп бөлінеді. Ауру инфекцияның қанмен немесе көрші аймақтан келуінен (отит, жақтың остеомиелиті, құлақмаңы аймағының флегмонасы, паротит, мастоидиит) басталады. Балалардағы артритке көбінесе ортаңғы құлақтағы іріңді қабыну процестері себеп болады.
ртриті кезінде науқастар жалпы жағдайының нашарлығымен қатар, құлағы мен самай буындарындағы қатты ауыру сезімге шағымданады. Ауызды ашу мен шайнаудың мүмкіндігі болмайды.Буынның айналасындағы жұмсақ тіндер инфильтраттанған, беткей терісі қызарған.
Емі. Жақтың функциялық ерекшеліктеріне байланысты емдеу қиынға түседі. Себебі емдеу кезеңдерінде буынды ұзақ уақыт мүмкіндігінше қозғалтпай қоюға тура келеді. Сондықтан жедел арнайы емес артритті емдеу әртүрлі шаралар комплексінен тұрады.
1) . Буыннан тыс қабыну ошақтарының инфекция көзін жою.Гангренозды тістерді немесе қабынған бадамша бездерді алу операцияларынан соң артриттің қайтадан өршуінің алдын алу үшін ацетилсалицил қышқылымен, амидопирин, бутадион, сульфаниламидтермең және антибиотиктермен емделеді.
2)Буынға тыныштық беру
4) . Физиотерапия.
5) . Ине рефлекс емі.