Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов


да  ығыр  ете  бастайды.  Сонда  ерегіскен  біреу  түрып



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

да  ығыр  ете  бастайды.  Сонда  ерегіскен  біреу  түрып: 
"Бауыржан  машинасын  сатады  деп  естідім.  Барып,  сауда- 
ласып  көріңдер.  Тілін  тапсаңдар,  өзі  жомарт  адам,  тшті 
тегін  беріп  жіберуі  мүмкін",  — деп,  екі  пайдакүнемді  Мо-
мышұлының үйіне  жұмсапты.
Баукең  ертеңгі  шайын  қанып  ішіп,  үстіне  шапанын  жа-
мылып,  газет  қарап  отырса  керек.  Екі  саудагер  есік  қағып,
ішке  еніпті. 
Қазақтың  салт-дәстүрін  қатаң  үстанған
қонақжай  Баукең танымаса да,  екеуін төрге  шығарып:
— Әй,  қатын,  қазан  көтер,  — деп,  асүй  жаққа  дауыс-
тайды. 

.  I 
*
Екі  қолын  алдарына  сыйдыра  алмай  отырған  қос
қонақ  мұрын  астынан  міңгірлеп,  негізгі  шаруаларын  айт- 
пақ  боп,  қозғалақтай  бастағанда,  батыр:
— Тоқтаңдар!  — деп  шорт  үзеді.  — Қазақтың  дөстүрі 
бойынша,  мейман  сыбағалы  асын  жеп  болмай,  келген
шаруасын  ауызға  алмайды.
Шай  ішіледі.  Артынан  үйме  табақ  ет  келеді.  Тамақ
•  жеп,  қол  шайып,  қайтадан  жайғасқан  меймандарына
Баукең:

-   Ал  енді  келген  шаруаларыңды  айта  беріңдер. 
Рұқсат,  -  деп,  өзі темекісін  жайбарақат езуіне  апарады.
Сонда  таңертеңнен  бері  құдайдай  сыйлап  отырған 
қонағының  бірі тұрып:
-   Сізді  машинасын  сатады  деп  естідік...  Мінбейтін 
көрінесіз...  Сатсаңыз,  біз  алар  едік,  —  деп  кібіртіктеп 
әңгімесін  бастайды.
Табиғатында  сатуды,  бір  затын  біреуге  саудалауды 
білмей  өткен  әрі  олай  етуді  өзіне  ар  санайтын  мәрт  адам 
қаны  басына  шапшып,  мұрты  тікірейіп,  орнынан  атып 
тұрып,  жазу  үстелінің  суырмасынан  пистолетін  суырып 
алады да:
-   Встать!  — деп  ақырады.  Тізелері  діріл  қаққан  екеуі 
орындарынан  жалма-жан  ұшып тұрады.
-  Ложись!  -  деп  бұйырады  қайтадан.
Жан  тәтгі  емес  пе,  қолына  пистолетін  ойнатқан  Мо- 
мышұлының  "встать!",  "ложись!"  деген  әмірін  амалсыздан 
орындап,  40-50  рет  жатып-тұрған  әлгілер  ақыры  қара 
терге түсіп,  діңкесі  құриды.
-   Кругом!  -   дейді  әлден  уақытта  құшыры  қанған  ба­
тыр.  -   Марш!  Машинаны  сендерге  сатқанша,  өртеп 
жібергенім  артық!
Осындай  әңгіменің  неше  атасын  естіп  жүрген  Бау- 
кеңнің  алдынан  пионерлерді  ертіп,  жалғыз  шығуға 
жүрексіндім.
Оңтүстікте  Нарбай  есімді  ақын  өтті.  Мінезі  аса 
қызық  адам  еді.  Жазғандарын  оқудың  өзіне  кереметтей 
төзім  қажет  болатын.  Соңғы  бір-екі  әрпі  ұйқасса  бітті, 
мүрнынан  жіптей  тізіп,  өлең  құрай  беретін.  Онысына 
қарамай,  мінезі  шәлкес  еді.  Жұрт  адуын  мінезінен 
қаймыға  ма,  әлде  жасы  үлкенді  сыйлап  үйренген  дәстүр 
ме,  әйтеуір,  Оңтүстікте  өтетін  түрлі  жиындардың  басы- 
қасында  сол кісі  жүретін.
-   Бауыржан  — аталас  інім,  күні  бүгінге  дейін  алдым- 
нан  қия  басып  өткен  емес,  —  деп  бөскенін  талай 
есіткенмін.
Жаным  қысылған  соң,  Нөкеңе  телефон  шалдым.
-  Аға,  сіз  Бауыржан  Момышұлын  білесіз  ғой?  -  дедім 
амандық-саулықтан  соң.
-   Эй,  не  деп  оттап  тұрсың  өзің?— деді  ол  шақ  ете 
түсіп.  — Білесің  бе  дегенің  не  сенің?  Ол  менің  інім  емес 
пе?  Жат десем,  жантаяды,  тұр десем,  қарғып  түрады.
-   Онда  бітті,  -   дедім  қуанышым  қойныма  сыймай.  -  
Баукең  ертең  таңертең  "Алматы  —  Мөскеу"  жүрдек

пойызынан  түседі.  Қарсы  алуға  бірге  барайық.  Мен  Сізді
машинамен  ала  кетейін.
Телефон  құлағын  орнына  қойып,  уһ  деп  демімді  бір 
алдым.  Зиян  тартпасым  анық.  Жасы  үлкен  кісіні  Баукең 
қатты  сыйлайды.  Рулас  туысқандығы  болуы  да  ғажап 
емес.  Тек  "жат  десем,  жантаядысын"  кәнігі  бөспелігіне
жорыдым.
Келесі  күні  таңертең  Нәкеңді  машинаға  отырғызып, 
бірден  вокзалға  тарттым.  Үш  пионеріне  гүл  ұстатып,  Сы- 
патаев  атындағы  мектептің  оқу  ісінің  меңгерушісі 
Жұмағұл  Сәрсенов  те  жетіп  үлгерген  екен.  Ж үрдек 
пойыз  межелі  уақытта  келіп,  перронға  тоқтады.  Ішінен 
Баукең  де  түсті.  Демалысқа  кетіп  бара  жатса  керек,  гим­
настерка  киген  екі  солдат  екі  үлкен  қол  сандықты  ба- 
тырдың  қасына әкеліп  қойды.
Дәстүр  бойынша,  Баукеңе  алдымен  жасы  үлкен  Нар- 
бай  ақын  барып  сәлемдесті.  Шынында  да,  жақсы  тани- 
тыны  көрініп  тұр.  Сәрсенов  барып  қолын  алып,  қаздай 
тізіліп  тұрған  пионерлері  гүл  берісті.  Мен  амандаса  сала, 
қос  қолсандыққа жармастым.
Баукең  жүзін  жылытып,  пионерлердің  маңдайынан 
сүйіп,  бауырына  басып,  рақметін  айтты.  Вокзалдың  сыр- 
тында  тұрған  машинаға  қарай  қозғалдық.  Осы  сәтте 
Нарбай:
-   Бауыржан,  келінді  ала  келмедің  бе?  — деп  қалды.
Баукең  естімеген  сыңай  танытты.
Соңынан 
ере 
түскен 
Нәкең 
алғашқы 
сұрағын
қайталады.
-  Бауыржан,  келінді  неге  ала  келмедің?
Бұл жолы да  батыр  тіл  қатпады.
Машинаға  да  таядық.  Баукеңді  өкшелеп  келе  жатқан 
Нарбай  әлгі  сұрағын  патефонның  бір  орында  тұрып  ай- 
налатын  сынық табағындай  тағы  қайталады.
Осы  кезде  Баукең  кілт  тоқтады.  Бір  қырындап 
қабағын  түйіп,  мұртын  тікірейтіп:
-   Келінді  қайтейін  деп  ең,  алжыған  шал!  -   деді 
тістеніп.  Нарбай  селк  ете  түсіп,  боп-боз  боп  сала  берді.
-  Ж -ж-жәй,  әншейін...  Елді  көрсін  дегенім  ғой...  -  деді 
сасқалақтап.
Аяқ  астынан  бір  ши  шығып  кете  ме  деп,  жүрегім  алас 
ұрды.  Сонымен  "Восход"  қонақүйіне  жеттік.  Баукең  төл- 
құжатын  қолыма  ұстатты.  Орын  дайындатып  қойғанбыз, 
қонақүй  кезекшісіне  толтыруға  бердім.  Бір  таңқалар-
* лығы,  тозығы  жеткен  төлқұжаты  екіге  айырылып  жатыр. 
Алғашқы  суреті  жапсырылған  беті  ішінде  бос  жүр.

Бөлмеге  бас  сүқсам,  Баукең  Нарбай  екеуі  өңгімелесіп
отыр  екен.  Абыройым  барында  жылыстап  кеткім  келеді,
бірақ  қапелімде  ретін  таба  алмай,  әлекпін.  Қозғала  бас- 
тап  ем:
-  Бала, — деді  Баукең  гүр  етіп,  — төменде  ресторан  бар 
екенін  білесің  ғой.
-  Білемін.
-   Ендеше  барып,  заказ  бере  бер.  Менің  есебімнен. 
Қазір  бес  минуттан  соң  мына  шал екеуміз  түсеміз.
Ресторанға  кіріп,  төрдегі  бір  үстелге  келдім  де:  -   За­
каз 
қабылдаңыз. 
Бауыржан 
Момышұлы 
келіп 
та- 
мақтанады,  -  деп,  даяшыны  асықтыра  бастадым.
-   Это  тот  капризный  старик,  -   деп,  даяшы  әйел  зәресі 
қалмай,  тыпырлады  да  қалды.  Дереу  үстел  үстіне  жаңадан 
дастарқан тәсеп,  тамақ қамдағалы ас үйге безіп жоғалды.
Айтқан  уақытында  Баукең  мен -Нарбай  ақын  да төмен- 
ге  түсті.  Екеуі  де  жайдары,  өте  көңілді  боп  көрінді. 
Кешікпей,  Жұмағұл  Сөрсенов те  біздің топқа  қосылды.
Дәм  үстінде  Баукең  біраз  шешіліп,  өткен  жылы  Ыс- 
тықкөлде  демалғанын  айта  бастап  еді,  жанымызға  Созақ 
ауданында  совхоз  директоры  болып  істейтін  тығын- 
шықтай  семіз  біреудің  аяқ  астынан  келіп  киліккені.  Әлгі 
омыраулаған  қалпы  Баукеңнің  түсынан  ұмтылып  барып, 
Нарбайдың  қолын  қысты:
-   Ассалаумағалеукум,  Нарбай  аға,  өткен  жолы  біздің 
совхозға  келіп  кеткен  екенсіз.  Ауылда  болмай  қалғаныма 
Сіздің  алдыңызда  ұяттымын.  Арнайы  келіңіз.  Күтеміз,  -  
деп,  желімдей  жабысып,  айырылар  емес.  Өзгемізге  көз 
қиығын да салмады.
Бауыржан  тағы  жекіріп  тастай  ма  деп,  қипақтап 
отырған 
Нәкең, 
"иә, 
иә, 
жақсы, 
жақсымен" 
тез 
құтылғысы  кеп,  жаны  шығып  барады.
-  Ал сау тұрыңыз,  Нәке, -  деп,  әлгі  бұрыла  беріп  еді,
Баукең:
-   Әй,  жігітім,  -   деп  саңқ  ете  түсті.  Директор  қайтып 
оралды.
-   Мен  Бауыржан  Момышұлы  дегенмін.  Бір  дастар- 
қанның  басында  отырған  үш-төрт  адамды  алалап  сәлем
бергенді  қай  аТаңнан  көріп  едің?
Сасып  қалған  директор:  -   Ө-ө,  кешіріңіз,  кешіріңіз,- 
деп,  есі  шығып,  сасқалақтап  қалды.  Ортаға  түскен 
Нәкең:  "Бұл  бәленше  деген  совхоздың  директоры",  -  дей 
бастап еді,  Баукең:
-   Өз  мәдениетін  түзей  алмай  жүріп,  жұртты  қалай 
басқармақ?  Марш!  -  деді тағы да мұртын тікірейтіп.

Тамақ  желініп  бітті.  Өз  қалтамнан  төлеп  жіберуге 
оқталғанмен,  ақшам  ж етер  емес.  Құжатымды  қоса  тас- 
тап  кетейін,  кейін  есеп  айырыскдн  'соң  алармын  дегвн
ойға  бекіп,  қалтама  қол сала  бастап  ем:
-  Эй,  бала,  қалтаңа  қол  жүгіртпей,  тыныш  оты р,- деп
Баукең тыйып тастады.  -  Күні  бүгінге  дейін  өзім  отырған
жерде  ешкімге  ақша төлетіп  көрген  емеспін.
Даяшыны  шақырып  алып,  ақшаны  есептетті.  Даяшы
көліншвк  қатты  сасып,  әрі  онысын  жасырғысы  көліп, 
көзін  күлмеңдетіп,  бөксесін  бұлтыңдатып, 
бәлен  сом, 
бөлен  тиын"  деп  еді,  Баукең  айтқан  ақшасын  қолына
ұстатты да:
— Я  вам  не  кавалер  и  передо  мной  қылтың-сылтың  не 
полагается.  Марш!  -  деп,  бейшара әйелге  тіктеп  қарады.
Айтматов.  Өзімсініп  еліне  еркелеген  Момышұлы  -  
мінезінің  артық-кемі,  кедір-бұдыры  мол  болғанымен, 
туған  халқының  үлкенге  -   ізетін,  кішіге  -   құрметін 
ұмытпай,  қастерлеп  өткен  аяулы  тұлға.
Шаханов. 
'-л' 
г 
'  —
Бірдей  төзіп  ыстьщқа  да,  салк^інға,
Ж ер  бетінде жатпай ма  алтын
көзден  таса  қалпында.
Қашан  қазып  алғаныңша,  күтетін 
Шындык, кейде  үқсайды  сол  алтынға.
Ерте  ме,  кеш  пе,  шындықтың салтанат  құрары  анық. 
Отан  соғысынан  соң  араға  жарты  ғасырға  жуық 
уақыт 
салып, 
Кеңес 
үкіметі 
тарардың 
алдында, 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қайта-қайта  хат  жазып,  талап 
етуінің  арқасында,  Мәскеу  Бауыржан  Момышұлына
Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  берді.
Бұл  қуаныпггы  барша  қазақстандықтар  айтулы  мере-
ке  ретінде  атап  өтті.
1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасының  мәселелерімен
шұғылданып  жүрген  тұсым  еді.  Горбачевпен  жолығуым 
алдын  ала  келісіп  қойылғандықтан,  Мәскеуге  ұшар  алдын­
да  Қазақстанның  белгілі  бір  суретшісін  шақырып  алып,  ақ 
арғымақтың үстінде  қолына  найза  ұстап  түрған  Баукеңнің 
суретін  салдыртып,  астына мынадай  өлең жаздым:
Көз  жүмғанша  ел мүддесін  т у ғып  үстап  қасарған,
• 
Ар мен  Намыс сөз  болғанда,  өзіңнен  кім  аса  алған?!
Бір ғажабы,  қан  майданда  көзсіз  батыр  атанып,
Куәлігін  жарты  ғасыр кеш  алған
Сендей  қайсар  перзент туу  — әр  әйелге  бас  арман!

Шағын  сыйлығымды  сол  кезде  қарамағымда  істейтін
Оралжан 
Масатбаевтан 
Момышұлының 
шаңырағын
ұстап  отырған  үлы  мен  келіні  -   Бақытжан  мен  Зейнепке
беріп  жібердім.  Бұл  —  өзім  асқақ  адамгершілігі  мен
қайталанбас  мінезіне  тәнті  болған  батырдың  өшпес  ру-
хына  деген  үлкен  құрметімнің  кішкене  ғана  жаңғырығы 
еді.
Айтматов.  Манастың  1000  жылдық  тойына  Талас 
даласына  кетіп  бара  жатқанымызда,  Жамбыл  қаласын 
кесіп  өтпедік  пе?  Облыстың  сол  кездегі  әкімі  Өмірбек 
Байгелді  өзі  бас  болып,  қаланың  көрнекті  жерлеріне  Мо- 
мышұлының 
қанатты 
сөздерін 
екі 
қабат 
үйдің 
биіктігіндей  ғып  әсемдеп  жаздырып  қойыпты.  Бұрын 
партияның  қасаң  үрандары  мен  шақыруларына  көз 
үйреніп 
қалғандықтан 
ба, 
мына 
көрініске 
еріксіз 
сүйсіндім.
Шаханов.  Бішкектегі  Қазақстан  Елшілігіне  бірде  аме- 
рикандық  жас  ғалым  Ден  Приор  келді.  Екеуара  өткен 
шырайлы  сұхбат үстінде  ол:
-  
Биыл 
сіздің 
елдің 
ұлы 
ғалымы 
Шоқан 
Уәлихановтың 
қырғыз 
даласына 
саяхатқа 
шығып, 
"Көкетай  ханның  асын"  жазып  алғанына  140  жыл  тола- 
ды.  Бұл  ғылыми  мәні  бар  оқиға  екені  даусыз.  Қандай 
әзірліктеріңіз  бар?  -   дегенде,  шыны  керек,  қатты 
ыңғайсызданып  қалдым.
Мұхиттың  арғы  бетінде  жүрген  азамат  Шоқанның 
ғылыми  мүрасын  қастерлегені  соншалық,  аяулы  ғалым- 
ның  ғылыми  еңбектерін,  салған  суреттерін  өзінше  ой 
елегінен  өткізіп,  Шоқан  аралаған  Ыстықкөл  баурайын, 
Қызыл  Үңгір  бойын,  Манастың  Бозтөбесін  жаяу  шарлап, 
Түп  шатқалын  фотосуретке  түсірген.  Сөйтіп,  осыдан  бір 
жарым  ғасыр  бұрын  21  жасар  қазақ  ғалымы  салған 
шатқал  суретінің  түпнүсқасы  мен  бүгінгі  бейнесін  са- 
лыстыра  зерттеген.
Айтматов.  Мұха,  бозбала  жасында  Шоқан  ерлікке 
парапар  іс  тындырған  ғой.  "Манас"  сынды  ұлы  эпос 
барша  түркі  жүртына  ортақ  мұра  десек  те,  түпкі  иесі  -  
қырғыз  халқы.  Осы  сарқылмас  қазынаны  түңғыш  рет 
қағаз  бетіне түсіріп,  Еуропаға  танытқан  кісі  -   Шоқан.  Ол 
кезде  бұл  шет  ел  қауымына  түркі  фольклорындағы 
"египет  пирамидасын"  ашқанмен  бірдей  болатын.
Иә,  Шоқан  сол  сапарында  Түп  жайлауында  отырған 
қырғыз  жыршысына  жолығып,  күнделігіне  мынадай  сөй- 
лемдер  түсірген:  "Бүгін  менде  қырғыз  жыршысы  болды... 
"Манас"  жырының  бір  тарауы  саналатын  "Көкетай

ханның  асы"  дейтін  жырды  осы  қырғыз  ақынының  аитуы- 
нан  жазып  алдым.  Бұл  қағаз  бөтінө  бірінші  рет  түсірілген 
қырғыз  сөзі  болуы  керек.  Жырды  мен  орысшаға  аударып 
жүрмін.  Шығысты  зерттеуші  ғалымдарды  белгісіз  тілмен 
таныстыру үпгін,  қысқаша сөздік жасамақ ойым  бар."
Әскери 
экспедицияның  құрамында  жүрген 
жас 
Шоқанның 
қырғыз 
халқының 
ауыз 
әдебиөтіне, 
мәдөниетіне,  түрмыс-салтына  назар  аударып,  ілтипатпен 
қарауында  ажырамас  бауырластық  түйсік  (инстинкт)
жатқан  жоқ деп  кім  айта  алар? 

щ
Шоқан  өзі  жазып  әкеткен  "Көкетай  ханның  асы'  та-
рауын  орыс  тіліне  аударып,  1861  жылы  Ресей  Импера-
торлық  География  қоғамының  ғылыми  кеңесінде  акаде­
мик  Семенов-Тян-Шанский  бастаған  орыстың  белгілі 
ғалымдарының  сарабына  салады.  Кейіннен  осы  мәжіліс 
жайында  атақты  ғалым  Н.И.Веселовский:  "Шоқан  орыс 
тілін  қандай  шебер  қолдана  білген.  К,ырғыздардың  халық 
жырын  аз  сөзге  көп  мағына  сыйғызып,  сұлу,  көркем 
бейнемен  тамаша  етіп  аударған",  -  деп  тамсана  жазды.
Шаханов.  Дұрыс  айтасыз,  жырдың  бұл  тарауы  және 
қырғыздар  жайлы  зерттеу  мақала  Шоқан  Уәлихановтың 
“Жоңғария  очерктерімен" 
бірге 
1861 
жылы 
неміс, 
кейіннен  ағылшын,  француз  тілдерінде  жарық  көрді. 
Сөйтіп,  ұлы  ғалым  "Манас"  эпосын  тұңғыш  рет  өлем
назарына  алып  шықты.
Айтматов. 
Қалай  десек  те, 
Шоқанның  қысқа
ғұмыры,  түлғасы  құпияға,  сырға  толы.
Мынадай  бір деректі Достоевскиидің әйелі  Анна  Григорь- 
евнаның  естелігінен  оқығаным  бар.  Ш.Уөлихановпен  дос 
болған 
орыстың 
үлы 
жазушысы 
ф.М.Достоевский 
Шоқан  өлгеннен  кейін,  бірнеше  айдан  соң,  таң  алдында 
түс  көреді.  Түсінде  Шоқан  екеуі  Ертіс  өзенін  жағалап, 
ағын  суды  тамашалап,  сұхбат  құрып  жүр  екен.  Бұл  кез 
Федор  Михайловичтің  бойдақ,  өмірден  қағажу  көріп, 
қиналып  жүрген  шағы  болса  керек.  К,ыршынынан 
қиылған  досының  түсіне  енгенін  жақсылыққа  балап,  сол 
күні  жазушы  өзі  ынтық  боп  жүрген  Анна  Григорьевна 
Сниткинаға  сөз  салады.  Үйленген  соң,  екеуінің  аса  сый- 
ластықты,  тату-тәтті  ғұмыр  кешкені  тарихтан  мәлім. 
"Мен  осындай  жар  тапқаным  үшін  досым  Шоқанға  көп- 
тен-көп  қарыздармын",  — деп,  Достоевский  аузынан  тас-
тамайды  екен.
Қызық емес  пе?
Шаханов.  Шоқан  көз  жұмған  соң,  ғалымның  Омбы- 
дағы  кадет  корпусында  бірге  оқыған  досы  Г.Н.Потанин

Шоқанның  әжесі  Айғанымның  К,ұсмұрында  қоныс  теп- 
кен  ордасына  арнайы  барып,  әкесі  Шыңғысқа  көңіл 
айтқанын,  көзіне  жас  алып,  қамыққанын  зерттеушілер 
жазды.  Шоқанның  Омбы,  Петербург  мұрағаттарында 
қалған  қолжазбаларын  іздеп  тауып,  баспадан  алғаш  жи- 
нақ  етіп  бастырып  шығарған  академик  Н.И.  Веселовский 
еді.
1865  жылы  Шоқан  қыршын  жасында  дүниеден  өткен 
соң,. араға  көп  жыл  салып,  достары  оның  басына  мәрмәр 
тастан  белгі  қояды.  1917  жылы  иманы  қашқан  бір  кісәпір 
сол  құлпытасты  екіге  бөліп,  қол  диірмен  жасап,  қалаға 
апарып,  сатуды  ойлайды.  Бірақ  мақсатына  жете  алмайды.
Сізге  осы  тас  туралы,  Шоқан  мен  Достоевскийдің 
достық сезімі  жайлы  бір  баллада  оқиын.
Құлпытас  кепиеті  немесе  кері  тебу  заңы
"...Сізге  ғашың  екенімді  бүкпесіз 
айтқым  келеді.  Мен  ешқашан  және 
ешкімге  де,  тіпті  туған  ағама  да 
осындай  сезіммен  елжірей  берілген 
емеспін..."
(Федор  Достоевскийдің  Шоқан 
Уәлихановқа  жазған  хатынан)
“Досым  Федор,
Мына хат  -  соңғы  хатым.
Соңғы тыныс,
Соңғы  дем  қалды жақын.
Жайшылықюа  айырмас  ақ,  қараны 
Сыпсың  сөздер  бір  сәтке токдіалады.
Тоз-тоз  болған  ағайын  басын  крсып,
Ертең мені жерлеуге  ап  барады.
Намыстыны  өлімім  ойландырсын,
Босқа  теккен  қалың жүрт  қайран  күшін.
Мені жерлеу арқылы  өз  үлтының 
Бір  үыітін кемерін  қайдан  білсін?
Табылар-ау даңк^імның жоқиіылары,
Жалган жылау,
Жалған  мүң кешсін  әрі.
Бүл  хаш  саған  жеткенше,  досым  Федор,
Қабірімнің  үстіне  шөп  шығады.
Қажет  кезде  кергитін  шабаидана,
Әкпем  таудай  заңға  да,  заманға  да.

Мен  де  өзіңе  іңкәр  ем  елден  ерек,
Соңғы  демім  арналсын  саған  ғана.
Мынау жалпак,  әлемде  өзендер  бар:
Төсінен  самғатып  ак,  қанат  шағалаларын, 
Мойындамайтын  шектелу,  ихекара  заңын, 
Бір  елден  бір  елге кесіп  өтетін,
Байлығын  сан  ел несіп  ететін,
Еркіне  бағындыра  алмай, 
1 
Табындыра  алмай,
Есер күш  иелерінің  есі кететін.
Кер  бүлаң тірлік кері тартьиі,  арытқанмеь 
Кер  қабақ мінез  танытқанменен  не түрлі, 
Ғаламға  қарайтын  толық күш,  толық  қанмі 
Ойнауға  болмайды  алыіипарменен.
Үлы  адамдар  үлы  өзендер  секілді.
Үлы  өзенім,
Кім  бар  саған  тең келер,
Толқыныңды  терең  тартып  шалқыдың! 
Тереңіңде жүзе  алмаса  пенделер,
Онда  сенің кінәң  қанша,  жарқыным?!
Мейлі,  ол  да  арыныңды  тежемес, 
Айналаңда  қызғаныштан  тор күрар, 
Дарынының  әлсіздігін  өзі емес,
Өзгелерден  көретүғын  сорлылар.
Қай  кезде  де  шын  достыкдіың парқы  — үлы 
Тиісті  оған  әркім  басын  июге.
Бір  адамды  шексіз  сүю  арқылы
үкіл  үлтты  сүюге.
Ерте  ояндым, 
Ерте күлдім,
өзіңмен  бір гүлдеуге
Бірақ,  әттең,  келте  өмірім 
Келмей  қалды  күрмеуге...
Матай  таүын  көлегейлеп.  Ай  қарады  албырап
Қандай  кәусар,
таңғы
Жүлдыздар  түр  бір  сүмдықты  сезінгенд
қалтырап
Таңғы  ауамен  алып  соңғы  шынысын, 
Шоқан  мәңгі көзін  жүмды...
Аякдіалмай  қалды  хат.
Қырын  келген  ол ма,  әлде  ғасыр ма?
Уыз  шакта,
Жиырма 
Шокан  Сі

Ең  аидарлы жүлдызынан  айырылды 
Аңқау қазак,  аспаны.
Жылдар 'озды,
Ескі  тозды,
Көнерді,
Озғак, жылдар көнерте  алмас  өнерді.
Бір кез  Омбы түрмесінің түпщыны 
Федор даңқы  шарлап  кетті әлемді. 
Шоқан  жатқан Алтынемел төсі де 
Талай-талай  той-думанға  бөленді... 
Осыменен  бітіруге  болуиіы  еді өлеңді, 
Усщыт қаниіа жасырғанмен  өлмеген,
Бір  оқиға кездеспесе көлденең:
Жай  үңілсең,  көрінбейтін  астары,
Ол оқиға  -т ағдыр,  тағылым  дастаны. 
Көп жыл  бойы  Шоқанның 
Бір топ  орыс достары 
Үлы  адамның  үлы  рухын  азалап, 
Қайта-қайта  үлыкдіарды  мазалап, 
Сонау  Ташкент к,аласынан  алдыртып, 
Қырат  үстін  балға  үнімен жаңғыртып, 
Мәрмәр тастан  белгі орнатты  басына, 
"Достан  -  дүға"  осы  да.
Ізетті  іске  ізетсіздік жармасты,
Ардан  жүрдай  бір  безбүйрек албасты 
Үрланып  кіріп  молаға,
Екіге  бөліп,
Қол  диірмен жасап  сол тасты, 
Сатпақшы  бопты  қалаға.
Қүныққан  деген жаман,  ә?
Нені  үқсын  сорлы  есалаң кезде, 
Тағдырдың  өзі  салыпты  оған  қармақты. 
Мәрмәрды  бүзып,  қашаған  кезде,
Көзіне тастың  үнтағы  тиіп,  зарлапты. 
Таңменен  таңға  кірпігін  қакдай 
Дөңбекшіп,
Тулап,
Бір тыным таппай,
Жасаған  емі крнбапты.
Қанталак, көзі,  қабынып  ісіп,
Артынша жерді қармапты.
Нақ  сол жылы  көктемде 
Матай  тауы  маңындағы  көк белге 
Қонып  үищан  сыңар  аққу 
Петрбордың  төбесінен  өткенде,

Әлгі  аққудың  мүңлы  әніндей 
Мүңлы  хабар  Федордың 
Қүлағына жеткенде:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет