Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата13.02.2017
өлшемі217,12 Kb.
#4049
  1   2

Ф СО ПГУ  7.18.4/19

                

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

География кафедрасы

 СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)



Қазақстанның физикалық географиясы

                                                 

                                                              

Павлодар, 2013 ж.

Пән бағдарламасын бекіту

парағы (Syllabus)

Форма


Ф СО ПГУ 7.18.4/19

БЕКІТЕМІН  

                                                              ХТжЖФ  деканы

                                                                          _______

 

Қ.Қ. Ахметов



 

   «___»_____________20   ж.

  Құрастырушы: аға-оқытушы Ш.К. Какежанова_______________

География және туризм кафедрасы

ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша

5В060900-География мамандығының студенттері үшін

Бағдарлама     «____»   ___________20     ж.   бекітілген   жұмыс   оқу   бағдарламасы

негізінде құрастырылды

«___» __________ 20  ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды

Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-

әдістемелік кеңесімен мақұлданды 

 «___» ________20  ж. Хаттама № _______

ОӘК төрайымы__________________Ю.М. Каниболоцкая


1. Оқу пәнінің паспорты

Қазақстанның физикалық географиясы

Пән  міндетті компонент



Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Аудиториялық сабақтар, барлығы – 52,5 сағат       

Дәріс  - 15  сағат 

Тәжірибелік /семинар сабақтары – 22,5 сағат                                   

Зертханалық – 15 сағат

             СӨЖ – 82,5 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбексыйымдылығы - 135  сағат

Бақылау формасы

Емтихан – 5 семестр



Пререквизиттер:  Жалпы   жертану,   Топырақтану   және   топырақ

географиясы, Метеорология және климатология, геоморфология, геология және

геохронология, биогеография, гидрология, ландшафттану

Постреквизиттер:  Жер   кадастры,   Басқарудың   географиялық   негіздері,

ТМД-нің   физикалық   географиясы,   Құрлықтар   мен   мұхиттардың   физикалық

географиясы.

2. 

Оқытушы жөнінде ақпарат:

География магистрі,  аға оқытушы 

Какежанова Шынар Казболатовна

География және туризм кафедрасы

 

Тел. (ішкі 1277)



Қабылдау уақыты:    жұма   –     10

00

-ден 12



00

-ге дейін,

     

  ауд. №


313а

3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді   оқытудың   мақсаты    -  жекелеген   аймақтардың   физикалық-

географиялық  ерекшеліктерін  оқып-үйрену,  табиғат   кешендерінің  бір бірімен

қарым қатынасы, табиғат кешендеріндегі құбылыстар мен үрдістерді, Қазақстан

аумағының  ландшафт бірліктерінің күрделі құрылымдарын зерттеу.  Сонымен

қатар   табиғи   территориялық     кешендерді   (ТТК)   өлкелік   таксономиялық

бірліктер   деңгейінде   зерттеу.   Қазақстан   Республикасының   физикалық



географиясының   халық   шаруашылығындағы   қоршаған   ортаны   қорғаудың

қолданбалы мәселелерін шешудегі алатын орны зор.



Пәнді оқытудың міндеттері:

табиғатты зерттеудің негізгі тарихи кезендерін айқындау;

оның   шаруашылықта   одан   әрі   игерілуі,   табиғи   ресурстарды   тиімді

пайдалануда оның өзіндік ерекшеліктерін ескеру; 



табиғатты қорғау, оны байыту, мәдени ландшафттарды ұйымдастыру;

еліміздің   жекелеген   аудандары   мен   оның   табиғат   жағдайлары   мен

ресурстарына   студенттердің   өзінше   оқып   үйренуіне   қызығушылық

тудыру;

пәнді одан әрі оқудың негізін жасау; 

жақын   шетелдің   физикалық-географиясымен   және   Қазақстанның

экономикалық әлеуметтік географиясымен танысу; 



табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану;

география ғылымының тарихы мен тәсілдемесі, географиялық болжау.

4. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар 

Студент білу керек:

Қазақстан аумағының табиғатының зерттелу тарихын; 

табиғаттың негізгі ерекшеліктерін және елдің жекелеген аймақтарының

өзіндік физикалық-географиялық ерекшеліктерін; 



ландшафттардың   зоналық   ерекшеліктерін   және   негізгі   азоналдық

факторларын;



ел   аумағының   жылу   және   жауын-шашын   ара   қатынасының

заңдылықтарын; 



табиғаттың   плейстоцен   мен   голоценде   дамуын,   жер   бедерінің

динамикасын,   оның   морфоструктурасының   негізгі   бөліктерінің

құрылуын; 

табиғатты   қорғаудың   негізгі   мәселелерін   және   антропогендік

ландшафттар   -     табиғат   кешендерін,   адамның   шаруашылық   әрекетінен

көп өзгерген немесе қайта жасалған ландшафттарын; 

Қазақстанның физикалық-географиясының негізгі проблемаларын. 

Студент істей білу керек: 

еліміздің географиялық номеклатурасын тануы керек; 

кескін картасымен жұмыс істеу білу

ландшафттардың биіктік белдеулерінің құрылымын анықтай білу; 

таулы аймақтардың орографиялық және гидрогафиялық жобасын жасау; 

ландшафттар   түзілуіндегі   физикалық-географиялық   факторларды

айқындау; 



әр   түрлі   аймақтардың   табиғат   ерекшеліктеріне   әдеби   және

картографиялық   материалдар   арқылы   ол   аудандардың   физикалық-

географиялық сипаттамасын жасау; 

географияда математикалық есептеулер жасау; 


кешенді физикалық-географиялық кескіндер жасау; 

климаттың кейбір көрсеткіштерін анықтау - булану, ылғалдану индексі,

континенталдық   деңгейі,   әр   түрлі   тәсілдермен   бірнеше   географиялық

көрсеткіштерді картаға түсіру. 

5.

 

Пәннің тақырыптық жоспары

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

№ 

р/с



Тақырыптардың атауы

Сағат саны

Дәр.

Зерт.


Тәж.

СӨЖ


1

2

3



4

5

5



1

Кіріспе. 

1

1

0,5



5

2

Қазақстан Республикасының табиғат 



жағдайлары.

1

1



2

5

3



Жер бедері типьтері. Қазіргі кездегі жер бедері

түзілу үрдістері. Геоморфологиялық 

аудандастыру

1

1



1

5

4



Қазақстанның ішкі сулары. Климат.

1

1



2

5

5



Өсімдіктер типтері және олардың 

құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері. 

Жануарлар әлемінің құрылуының зоналық 

және аймақтық ерекшеліктері. 

1

1

2



5

6

Топырақ жамылғысының табиғи ортаның 



құрылымындағы ролі. Жер ресурстары. Жер 

ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері. 

1

1

2



5

7

Табиғи зоналар. 



1

1

1



5

8

Физикалық-географиялық жіктелу және 



антропогендік факторлардың табиғи 

кешендерге әсері. 

1

1

5



9

Физикалық-географиялық елдер мен 

провинциялардың сипаттамасы. Батыс-Сібір 

физикалық-географиялық елі. Қазақ платосы 

мен ұсақ шоқысы. Каспий маңы –Тұран 

физикалық-географиялық елі. 

1

1

2



5

10

Физикалық-географиялық провинциялар: 



Өзен-Орал-Ембі, Төменгі Торғай, Жезқазған-

Аягөз, Зайсан, Атырау, Солтүстік-Аралмаңы, 

Бетпақ-Дала, Тө менгі Шу, Балқаш маңы-Іле-

Алакөл, Маңғыстау-Үстірт, Сырдария маңы.

1

1

2



5

11

Оңтүстік-Сібір таулары. 



1

1

1



5

12

Орал физикалық-географиялық елі. Жоңғар-



Саур-Тарбағатай физикалық-географиялық 

елі. Ортаазия физикалық-географиялық елі.

1

1

2



6

13

Табиғатты зертеудегі геожүйелік-бассейндік 



көзқарас.

1

1



1

6

1115,



5

14

Геожүйелер сипаттамасы. Карск-Об, 



Теңіз-Нұра, Каспий-Орал, Каспий-Ембі,

Арал-Торғай, Арал-Сырдария, Сарысу-

Шу, Талас, Солтүсік Балқаш маңы 

макрогеожүйелері. 

1

1

2



5

БАР


ЛЫ

15

15



22,5

82,5


ҒЫ:

Қаза


қста

н 

Респ



улик

асын


ың 

таби


ғат 

жағд


айы

ның 


әр 

түрл


ілігі

нің 


физ

икал


ық-

геог


раф

иял


ық 

негіз


дері.

15

6. Дәріс сабақтарының мазмұны



№ Тақырып. Кіріспе

 

Жоспар 

1.Пәннің зерттеу обьектісі және мазмұны.

2.Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары.

3.Уақыт айырмасы.Сағаттық белдеулер.

1.   Қазақстанның   физикалық   географияның   негізгі   зерттелу   нысаны   географиялық   қабық

және бөліктері.Оның құрамды бөліктеріне табиғат компоненттері(ауа,  су, топырақ, өсімдік

және   жануарлар   дүниесі)   жатады.   Сонымен   табиғат   компоненттерінің   мұндай   күрделі

ұштасуының   нәтижесінде   сол   аумаққа   тән   табиғат   компоненттері   қалыптасады.Қазақстан

жерінің табиғат кешендерін оқып үйренгенде табиғаттың жеке және бір-бірімен әрекеттесе

отырып,бірте-бірте қалай өзгеретінін,осы күнгі сипатына қалай келгенін, қазіргі кезде онда

қалай өзгерістер болып жатқанын білу үшін әрбір табиғат компонентімен танысу қажет. 

Қазақстан аумағы 2,7 млн. Шаршы км.Аумағы бойынша дүние жүзінде 9-шы орын

алады.Республиканың   халқы   17   млн   адам.Қазақстан   халқының   тығыздығы   1   шаршы

километр   жерге   5,4   адамнан   келеді.Қазақстан   Еуразия   материгінің   дәл   ортасында

орналасқан,екі дүние бөлігін қамтиды.Кіші батыс бөлігі Еуропада,ал көлемді шығыс бөлігі

Азияда   жатыр.Жайық   өзенінің   екі   жағында   орналасқан   Атырау   қаласының   тұрғындары

Еуропа   мен   Азияға   саяхат   жасай   алады.Қазақстан   батысында   Еділдің   төменгі

ағысынан,шығысында-Алтай   тауларының   етегіне   дейін   3000   км-ге,Солтүстік-Батыс   Сібір



жазығынан,оңтүстіктегі   Қызылқұм   шөлі   мен   Тянь-Шань   тау   жүйесіне   дейін   1600   км-ге

созылып жатыр.

     Қазақстанның шеткі нүктелері 55

26



1

-40


0

 56


1

 с.е. және 45

0

 27


1

-87


0

 18


1

 ш.б. Белдеулік уақыт

Халықаралық келісім бойынша Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінеді.Оның ішінде ТМД

елдері 11 сағаттық белдеуге,ал Қазақстан 2 сағаттық белдеуге (IV-V) бөлінеді.Әрбір сағаттық

белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды.Сонымен 24 сағаттық белдеудің өз

номерлері бар (0-23-ке дейін).



Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

№ 2 тақырып.Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары.

Жоспар 

1. Қазақстан аймағының геологиялық және тектоникалық құрлысы

2. Негізгі пайдалы қазбалардың геоқұрылымдық ерекшеліктері.

3. Пайдалы қазбалар қоры және олардың таралу заңдылықтары.

Геологиялық   дамуы барысында Қазақстанды бірнеше рет су басып, кейіннен теңіз

табаны құрлыққа айналған. Палеозойға дейін, яғни архей және протерозой эраларында теңіз

сулары басып жатқан геосинклинальді аймақ болды. Батыс аймағында ғана жер қыртысының

тұрақтанған   бөлігі   Шығыс   Еуропа   (Орыс)   платформасының   шағын   аймағы   қалыптасты.

Палеозой басынан бұл аймақ біртіндеп төмендеп, бетін теңізсуы басты. Күшті тектоникалық

қозғалыстар   әсерінен   геосинклиндер   орнына   сарыарқаның   солтүстік   батысы   мен   Тянь-

Шаньнің   солтүстігіндегі   тау   жүйелері   қалыптасқан.   Палеозойдың   аяғында   жүзеге   асқан

герциндік тау түзілу процессі кезінде Алтай және Жоңғар Алатауы,  Сарыарқаның шығыс

бөлігі, Мұғалжар өңірлері көтерілді. Мезозой эрасы жер қыртысынан салыстырмалы түрде

тыныш   кезеңі   болған:   бұл   кезде   тектоникалық   қозғалыстар   баяу   болған,   тау   жүйесі

түзілмеген. Неогеннің аяғында бірнеше рет болған күшті тектоникалық қозғалыс әсерінен

альпілік таулар түзілген. Альпілік таулар түзілу процессі кезінде жер қыртысында жарықтар

пайда   болып,   бұрыны   қатпарлы   аймақтар   төмендеп,   көтерілген.   Нәтижесінде   қатпарлы-

жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасқан. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань

таулары екінші рет көтерілуге ұшыраған. Қазақстанда төмендегідей негізгі геотектоникалық

құрылымды аймақтар ажыратылады: платформалар (өте ескі – Шығыс еуропаның және Жаңа

Батыс Сібір мен Тұран), және қатпарлы облыстар (Тянь-Шань, Алтай, Сауыр, Тарбағатай,

Мұғалжар, Сарыарқа).

Пайдалы   қазба   орындары   жанатын,   кенді   және   кенсіз   болып   3   топқа   бөлінеді.

Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір кен орындары жатады. Қазақстанда аса

маңызды   минералдық   шикізат   түрлерінің   бәрі   дерлік   бар.   Еліміздің   жер   қойнауынан

Менделеев кестесіндегі 99 элементі кездеседі. 70 элементінің мол қоры барланған және 60-

тан астамы өндіріледі.

6   мыңға   жуық   пайдалы   қазбалар   қоры   ашылған.   Республика   дүние   жүзінде

вольфрамның   қоры   жөнінен   1-ші   орынға,   хромит   пен   фосфорит   кенінен   2-ші   орынға,

марганей кенінен (АҚШ, Украина) 3-ші орынға, қорғасын мен молибден қорларынан 4-ші

орынға, темір қорынан (Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей, Украина) 8-ші

орынға ие. Алтын қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде 6-шы орында, ТМД бойынша 3-

ші орында. ТМД-дағы мыс пен қорғасын 50-70% -ын өндіреді. 

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

№   3   Тақырып  Жер   бедері   типтері.   Қазіргі   кездегі   жер   бедері   түзілу   үрдістері.

Геоморфологиялық аудандастыру 



Жоспар          

1. Жер бедері типтері. 

2. Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері.

3. Геоморфологиялық аудандастыру

Қазақстанның   жер   бедері   өте   күрделі   және   алуан   түрлі.   Картадан   республика   жерінде

жазықтан бастап биік тауларға дейінгі барлық жер бедерінің биіктік сатыларын байқаймыз.

Оның аумағының үштен бір бөлігін ұлан байтақ ойпаттар (Солтүстік Қазақстан жазығының

оңтүстік   бөлігі,   Каспий   маңы   ойпаты,   Тұран   ойпаты)   алып  жатыр.   Қазаөстан   аумағының

жартысынан   астамы   биіктігі   400-500   м   болатын   көтеріңкі   жазықтар,   үстірттер   мен   ұсақ

шоқылар   (Торғай,   Үстірт,   Сарыарқа   және   т.б.)   үлесіне   тиеді.   Ал   биіктіктері   4000-5000

метрден астам, бастарын мұздықтар мен қар басқан биік таулар  республика  жерінің  10%

-ынан тұрады. Олар шығыс пен оңтүстік-шығыста орналасқан таулар: Алтай, Сауыр, Жетісу

Алатауы, Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік сілемдері.

Жер   бетінің   әр   түрлі   түзілуі   мүмкін,   сондықтан   мөлшеріне   (масштабына)   қарай   Жер

бедерін планетарлық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны), мегапішінді (тау жүйелері, аумақты

жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішінді

(төбелер,   аңғарлар,   сай-жырлар),   микропішінді   (шұқанақтар,   дала   бидайықтары),   және

нанопішінді   (түбіршіктер,   төбешіктер)   деп   бөледі.   Жер   бедерін   геоморфология   ғылымы

зерттейді. 

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

№4 Тақырып 

Қазақстанның ішкі сулары. Климат.



Жоспар:

1. Қазақстанның өзендері.

2. Көлдер мен бөгендер. 

3. Жер асты сулары.

4. Қазақстанның климаты

5. Климат түзуші факторлар



1. Қазақстанда  85 мың ірі, орташа, ұсақ өзен бар. Олардың ішінде  7 өзеннің  ( Ертіс,

Тобыл,  Есіл,  Жайық,  Сырдария,  Іле,  Шу  )  ұзындығы  1000   км-ден   асады.  Каспий   теңізі

алабына-  Жайық,  Жем,  Сағыз,  Ойыл   т.б.  жатады.  Арал   теңізі   алабына  –  Сырдария,  Шу,

Торғай,  Ырғыз,  Талас,  Сарысу өзеңдері,  Балқаш-  Алакөл көлдер жүйесіне Қаратал,  Лепсі,

Ақсу, Іле, Тентек. Сарқан, Басқан және т.б.

  Қазақстандағы  ең суы  мол өзен-  Ертіс.  Орташа  жылдық су шығыны- 960 м3/сек,

Сырдарияда  730 м3/сек.  Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын

ден атайды. Ертістің жылдық ағыны 28000 млн. М3. Жылдық ағынның мөлшері ең алдымен

климатқа байланысты және жер асты суларына тәуелді болып келеді.

Қазақстанның   кең-байтак   аумағында   ірілі-ұсақты   48   мыңнан   астам   көлдер   және   3

мыңға   жуык   бөгендер   бар.   Климат   жағдайына   байланысты   көлдердін   көбі   Қазақстан

солтүстігіне қарай орналасқан. Қазақстан көлдерінің географиялык таралуында ерекшеліктер

бар.   Оның   бірінші   ерекшілігі   аумақ   бойынша   біркелкі   таралмаған.   Көлдердің   саны

солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді.

         Қазақстанда қазір 3 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың

км2. Оларда 90 км3 тұшы су жиналған. Бөгендердін көбі ОРТАЛЫҚ, Оңтүстік және Шығыс

Қазақстанда   шоғырланған   олар.  Бұқтарма,  Капшағай,  Шардара,  Самарқан,  Бөген,  Аққөл,

Молодежное, Шерубай-Нура Кенгір Өскемен т.б.

Жарықшақты   қат-қабатты   типті   жер   асты   сулары   Манғыстау   Мұғалжар   Сарыарқа

тауларындағы палеозой және мезозой жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер

асты суынын бұл типі таулы өңірлердін 860 мың км2 ауданында таралған.

Қат-қабатты жер асты сулар типі  шөгінді жыныстардың арасында кеңінен тарлған. Олар ірі

ойыстардын  Іле,  Торғай,  Зайсан  және  т.б  тереңдігі  100  метрден  астам  қабаттар  арасында

молынан іркілген.  Тереңдік  жағдайларына  қарай жер  асты  сулары  грунт  (еспе)  суы  және

артезиан сулары деп бөлінеді.


         Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің

көлеміне тең Артезиан сөзінің төркіні францияның Артуа провинциясында 1126 ж. шыңырау

қудық қазылып, су алынуына байланысты аталған

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Оның солтүстік аймағының қысы суық,

жазы   қоңыржай,   ал   оңтүстігінде   қыс   она   қатты   болмайды,   жазы   ыстық,   қуаңшыл.   Бұл

температураның   тез   ауысуынан,   ауаның   құрғақ   болып,   жауын-шашынның   аз   түсуінен

байқалады. Қазақстанның климатына СММ үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массалары

көктемнің соңғы, жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі. 



 Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

№   5   Тақырып

 

Өсімдіктер   типтері   және   олардың   құрылымдық-динамикалық



ерекшеліктері. Жануарлар әлемінің құрылуының зоналық және аймақтық ерекшеліктері.

Жоспар:

1. Өсімдіктер жамылғысының қалыптасуы мен таралу ерекшеліктері.

2. Жануарлар дүниесі.

3. Қазақстанның флорасы мен фаунасын қорғау.

Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы  бор дәуірінің аяғы мен палеоген

дәуірінің бастапқы кезеңінен басталды. Соның нәтижесінде Қазақстанда Торғай флорасы деп

аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған грек жаңғағы, емен, шамшат, терек т.б. жатады.

Палеогенде субтропиктік жалпақ жапырақты орман өсіп тұрған. Грек жаңғағы, өрік,алма т.б.

сақталып қалды. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Сонымен

қазіргі   Қазақстанның   өсімдік   жамылғысы   6000-дай   өсімдік   түрлерінен   тұрады.   Өсімдігі

жағынын бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. 

Жануарлар дүниесі жағынан Қазақстан палеоарктикалық – зоогеографиялық облысқа

енеді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының

даму   тарихымен   ұқсас.   Олардың   ішінен:   қарақұйрық,   жолбарыс,   қабан,   марал,   бұғы,

құстардан   ақққтан,   қызылқұтан   сияқты   жануарлар   түрлері   осы   топқа   жатады.   Далалы

тышқан,   ала   қоржын,   торсық,   құстардан   дуадақ,   тырна,   торғайдың   әртүрлі   (бозторғай,

қараторғай)т.б.   Шөл   зоналық   жануарлары   ыстыққа   шөлге   шыдамды   болуғабейімделген.

Тасбақа, кесіртке, жылан т.б. жиі кездеседі. 



Әдебиеттер тізімі: (1,2,3,4.)

№   6   Тақырып 

Топырақ   жамылғысының   табиғи   ортаның   құрылымындағы   ролі.   Жер

ресурстары. Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері.

Жоспар:

1. Қазақстанның топырақ жамылғысы

2. Жер ресурстарын тиімді пайдалану

Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысы күрделі және алуан түрлі. Республика

жерінің топырақ түрлері топырақ түзуші факторларға тығыз байланысты келеді, сондықтан

да топырақ  түрлері  географиялық  ендік  бағыты бойымен созыла орналасқан  әрі әр түрлі

аймақ түрінде еліміздің солтүстік бөлігінен оңтүстікке қарай алмасып отырады.

Қазақстан аумағындағы 4 табиғат зонасына (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) сәйкес

жазық  жерлерде   қара  топырақ,   қызыл қоңыр  топырақ  және  қоңыр  топырақ,   сұр  топырақ

түрлері   таралған.   Құнарлы   қара   топырақ   (қара   шірікті   қабаты   1-2   м)   зонасы

республикамыздың   солтүстік   және   солтүстік-шығыс   бөлігін   алып   жатыр.   қара   топырақ

аймағының   жалпы   көлемі   республика   аумағының   9,5   пайызын   қамтиды.   Зонааралық

орманның  сұр  топырағы  кездеседі.   Қызыл  қоңыр  топырақ   аймағы   53

0

  солтүстік   ендіктен



оңтүстікке   қарай   созылып   жатыр,   оның   жалпы   көлемі   еліміздің   жер   көлемінің   34%-ін

қамтиды. Қызыл қоңыр топырақ түрлері (орташа қызыл қоңыр, бозғылт қызыл қоңыр) дала

зонасында таралған. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет