Файлы 1 ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ж. К. Шимирова «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» (оқулық)



Pdf көрінісі
бет106/138
Дата08.10.2024
өлшемі46,97 Mb.
#147164
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   138
Байланысты:
Открыть Шимирова-Ж.К

Латекс
 

тек гебея ағашында ғана емес, басқада тропикалық 
өсімдіктердің тамыры мен жапырақтарының құрамында кездеседі.Табиғи
каучукты алу үшін латекске 0,5% аммиак ерітідісін қосады, себебі ол 
каучуктің өздігінен коагуляция үдерісін болдырмау үшін және латекстің 
аморфты массаға айналып кетпеуі үшін қажет. Таза латекс жұқа қабатты 
медициналық 
және 
фармацевтикалық 
бұйымдарды 
алуда 
кеңінен 
қолданылады. Мысалы: резеңкелі
қолғаптар, емізіктер

бармаққа киетін 
резеңкелі
оймақт(саусақшалар)
т.б.
Латексте 33%
-
ға дейін каучук болады, фильтрлеу жәнс центрифугалау 
арқылы оның құрамын 80
-
90% дейін жеткізеді. Филтрлеу және центрфугалау 
арқылы оның құрамын 80
-90%-
ке жеткізеді, 10
-
20% су, ақуыз, шайыр 
құрайды
.
Табиғи каучук эфирде, бензинде, керосинде және күкіртті көміртегінде 
жақсы ериді. Каучуктің су өткізбейтін қасиетіне байланысты аяқ
-
киім 
өнеркәсібінде аяқ
-
киімдердің астына табан жасауға қолданады.Жасанды 
каучук алынғангға дейін каучукті тропиктің өсімдіктерден аса бір 
қиындықпен алды және де ол өте қымбат тұрды.
1920 жылдың аяғына дейін Ресей
каучукті шетелден алтынға 
айырбастап алып отырды.
1928-30
жылдары совет ғалымы Лебедев 


248 
синтетикалық
каучук алуды ашты, осыдан соң бұл ғалым ұсынған әдісті 2 жыл 
өнеркәсіпте тәжірибе жүзінде іске асыруды қарап, сынақтан өткізді. Лебедев 
әдісі бойынша жасанды каучукты техникалық спирттен алды. Техникалық 
спиртті негізгі катализатор көмегі арқылы бутадион газына айналдырды, одан 
соң бутадионнан басқа катализатор көмегі арқылы жасанды каучук негізін 
алынды.
Табиғи каучук, жасанды каучукке қарағанда сапасы жағынан 
мықтылығы мен беріктігі жағынан алда болып келді. Сондықтан көп ізденіс 
нәтижесінде табиғи каучуктің сапасынан кем емес изопренді және силиконды 
каучуктер алынды. Олардың сапасы табиғи каучуктің сапасымен тепе
-
тең десе 
де болғандай. Силиконды каучуктер беріктілігі мен физикалық инерттілігіне 
байланысты медициналық және фармацевтикалық резеңкелі
бұйымдарды 
дайындауда қолданылады.
Қазақстанның
оңтүстік 

батыс аудандарын көпжылдық каучук тәріздес 
көк 

сағыз және тау 

сағыз өсімдіктері өсіріледі.
Жасанды каучук өнімі біздің елде куннен күнге өсуде. Қазіргі кезде 
резеңке
алу үшін қолданылатын шикізат 

жасанды каучук болып табылады. 
Жасанды каучук мөлдір немесе жартылай мөлдір аморфты масса, балқу 
температурасы 150 

180°, ал силиконды каучуктің балқу температурасы 300° 
С
-
қа дейін жетеді. Қазіргі жасанды каучуктер табиғи каучуктер сияқты ауа 
оттегіне, температураға, еріткіштер мен қышқылдар әсеріне төзімді, берік 
және ылғал газ жібермейді.
Резеңкені
каучукты вулканизациялау әдісі бойынша өңдеу арқылы 
алады, сонда вулканизациялағанда оның құрамы өзгеруіне әкеліп соғады. 
Вулканизациялау 
екіге 
бөлінеді: 
ыстық 
және 
салқын, 
ыстық 
вулканизациялауды 
герметикалық жабдықталған автоклавта 2атм қысымында 
135-
140° температураға дейін қыздыру жолымен жүргізіледі.Осы кезде 
енгізілген химиялық зат пен каучук молекуласы арасында химиялық реакция 
жүріп каучукке қарағанда мықтылық, қаттылық, эластикалық, серпімділік, 
шыдамдылық қасиеттері каучукпен тепе
-
тең жаңа зат 

резеңке
алынады.
Негізгі вулканизациялық агенті ретінде күкірт қышқылы, сонымен
қатар
теллур и селендер қолданылады. Егер резеңке
құрамында күкірт көп 
болса
,
резеңкесоншалықты берік болады. Резеңке
құрамындағы күкірт 30%
-
ке 
дейін болса, онда
оны эбонит деп айтамыз. Содан соң осы массаны арнайы 
миксерде 8
-
10 атм кысым астында араластырып тегіс бетті материалды қоспа 
алынады, бұл қоспа медициналық және фармацевтикалық резеңке
бұйымдарды алуда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет