269
2 -
Hіrudo medіcіnalіs medіcіnalіs
-
жоғарғы бөксесінде төрт қара сызық,
параллель болып келген, қара дақты, тамшы формалы болып келген.
3 -
Hіrudo medіcіnalіs orіentalіs
-
қанық жасыл түсті, бөкселерінде ұзын сарғыш
-
қызыл сызықтары бар, қара төрт бұрышты дақпен қапталған, қара немесе
жасыл дақтары байқалады, олар бірдей паралельді орналасқан.
Медициналық сүліктерді дәріхана жағдайында сақтау.
Сүліктерді
дәріхана жағдайында шыны немесе пластикалық ыдыста көлемі 2/3, екі тәулік
бойы тұрып қалған суда сақтайды. Егер сүліктер бөлме температурасында
тұрған болса, онда оны 2
-
3 рет (аптасына) тұрып қалған суда шайып алады
.
Егер шыныдағы су түсін жиі өзгертетін болса, онда сүліктерді жиі жуып тұру
қажет
.
Медициналық сүліктерді арнайы үй
-
жайларда сақтайды, онда жарық
болуы қажет және оларда дәрі
-
дәрмек иісі болмау керек. Температураның күрт
ауытқуына жол берілмеуге тиіс, өйткені будан сүліктер өліп қалады. Сүліктерді
дәріханада 50
-
100 сүлікке арналған, 3 литр суға есептелген, мойыны кең шыны
сауыттарда ұстау қажет. Сүліктердің таралуына жол бермеу үшін сауытты
тығыз салфеткамен немесе қос қабатты дәкемен жабады және жіппен немесе
резеңкемен буып тастайды. Сүліктерді сақтауға арналған су таза болу қажет,
онда хлор, пероксид қосындылары, ауыр металлдар тұздары, механикалық
ластану болмау қажет
.
Сауыттағы суды күнде ауыстырып тұруға тиіс, ол үшін
оны қолданудан
екі тәулік бұрын дайындап қойған жөн. Суды ауыстырған
жағдайда сауыт қабырғаларын іш жағынан шаяды, бұдан кейін ыдыстың
мойынын дәкемен жабады және суды сол арқылы құйып алады. Сауытқа 1/3
таза су құяды.
Достарыңызбен бөлісу: