308
құралдары мен жабдықтар пайдаланылса, дәрілік заттардың сапасын сақтауды
қамтамасыз ететін рәсімдер жазбаша құжат нысанында әзірленеді және
қабылданады.
Тасымалдауға дайындық кезінде жүк жөнелтуші алушымен жеткізілетін
ДЗ және МБ жарамдылығының қалдық мерзімдерін келісуге тиіс.
Көлік құралы мен оның жабдығы таза ұсталады және қажеттілігіне
қарай жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңделеді.
Тасымалдау кезінде дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін
қамтамасыз ету, сондай
-
ақ жалған дәрілік заттардың жеткізу тізбегіне өту
қаупінің алдын алу үшін қажетті сақтау шарттары сақталады.
Тасымалдау үшін дайындалған дәрілік заттар мен медициналық
бұйымдар топтық ыдысқа (картон қораптар немесе бумалар) қаптамаланады,
кейіннен нормативтік құжат талаптарына сәйкес келетін және дәрілік заттар
мен медициналық бұйымдарды сыртқы орта факторларынан (атмосфералық
жауын
-
шашын, шаң, күн сәулелері, механикалық зақымдану) қорғауды
қамтамасыз ететін көлік қаптамасына (жәшіктер, қораптар, орау қағазы)
қаптамаланады.
Көлік және тұтыну қаптамаларының, тығындау құралдарының барлық
түрлері дәрілік заттың қасиеттеріне, тағайындалуына және санына, сондай
-
ақ
қаптамалау материалының тасымалданатын өніммен үйлесімділігіне
байланысты таңдалады.
Жоғары температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттар мен
медициналық
бұйымдарды
тасымалдау
тоңазыту
элементтері
бар
термоконтейнерде немесе тоңазытқышпен жабдықталған арнайы көлікте
жүргізіледі.
Құрғақ мұзды пайдалана отырып дәрілік заттарды тасымалдау
кезінде өнімнің құрғақ мұзбен жанаспауы қадағаланады, бұл өнімнің сапасына
теріс әсер етеді (мысалы, қатып қалуға әкеледі).
Ұшпа, иісі бар, улы дәрілік заттарды бір көлік қаптамасына бір атаудан
артық қаптамаламайды.Аэрозольды қаптамалар тасымалдау кезінде соққылар
мен механикалық зақымданулардан сақталады.Термолабильді дәрілік
заттарды тасымалдау кезінде тасымалдаудың талап етілетін жағдайларын
қамтамасыз ету үшін арнайы жабдық немесе құралдар (изотермиялық қаптама,
контейнерлер),сондай
-
ақ талап етілетін температуралық режимді сақтауды
қамтамасыз ететін көлік құралдары пайдаланылады. Пайдалану параметрлерін
көрсететін жағдайларды сақтай отырып және маусымдық ауытқуларды ескере
отырып, температуралық картаға талдау жүргізіледі. Алушының сұрауы
бойынша термолабильді дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау кезінде
температуралық режимнің сақталуын растайтын деректер ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: