Механикалық қасиеттер.
Механикалық қасиеттер материалдардың
сыртқы күшке төзімділігін сипаттайды. Материалдар әртүрлі түрге түсуі
мүмкін: созылуы, сығылуы, бүгілуі, ширатылуы, кесілуі мүмкін, мысалы
73
созылып, бүгілуі.
Металлдар мен конструкциялық пластмассалар үшін кең
тарағаны созылуын, қаттылығын, бүгілуін анықтайтын сынақтар. Сынғыш
келетін
конструкциялық
материалдардың
(мысалы
керамиканың,
металлокерамиканың) көбінесе сығылуы мен статикалық бүгілуін сынайды.
Күш түсіру нәтижесінде материал бөлшектері орын ауыстыруына
байланысты өзгереді
(деформация
-
форма, түр өзгеру):
-
созылмалы деформация оған түскен
күшті жойғаннан кейін жоғалады;
-
пластикалық деформация күшті жойғаннан кейін де жоғалмайды
;
-
материалдардың пластикалық деформацияға қарсы түруын кішкене шар
(Бриннель немесе Роквелл бойынша қаттылығын сынау), конус (Роквелл
бойынша) немесе пирамида (Виккерс бойынша) тәрізді қатты ұштықты басып
енгізу жолымен қаттылығын сынау нәтижесі бойынша бағалайды.
-
Конструкциялық материалдардың созылу кезіндегі иімділігін үзарту немесе
тарылту, сығылу кезінде
-
қысқарту, ал ширату кезінде ширатудың ең ақырғы
бұрышы арқылы бағалайды.
Материалдардың төзімділігі металлдардың механикалық қасиеттеріне
ғана
емес, сондай
-
ақ
конструкцияда жинақталған серпінді
энергияның,
бөлшектің формасы мен мөлшеріне әсер ететін күштің сипатына (статикалық,
динамикалық, үнемі ұлғаятын), сыртқы күшті салудың үлгісіне, жұмыс
температурасына, қоршаған ортаның температурасына да байланысты келеді.
Металлдың сапасын бағалау үшін бір жағында тілігі бар призмалы
үлгілерді сынау өте тараған. Бұл жағдайда соққы тұтқырлықты
-
деформация
жұмысын және тілік жерінде көлденең кесіндіге қойылған үлгінің бүлінуін
бағалайды.
Күш түсу ұлғайған сайын пластикалық деформацияға және бүлінуге
қарсы
тұру төмендейді. Бұл металлдарда бөлмелі температурада тотығу немесе
басқа белсенді орталардың әсерінен айқын көрінеді. Жоғары температурада
жылжығыштық құбылысы, яғни үнемі күш түсіру кезінде уақыт ағымына қарай
пластикалық деформацияның өсуі байқалады. Температура жоғарылаған сайын
жылжығыштық құбылысы күшті айқындала бастайды және соғұрлым
материалдың қарсыласуы төмендейді.
Егер металлға
қандайда бір заң бойынша өзгеріп отыратын күш әсер етсе,
күш айналымының саны ұлғайған сайын оның төзімділігі азаяды
-
металлдың
қажуы дамиды.
Материалда қандай да бір заттың
болуы немесе болмауы оның
механикалық қасиеттерінің жоғарлауын және төмендеуіне әсер етуі мүмкін.
Мысалы, күкірт пен фосфор болаттың төзімділігіне кері әсер етеді, ал
керісінше, хром оның тотығуға
тұрақтылығын арттырады.
Металлдардың механикалық қасиеттері
медициналық өндірісте кең
қолданылатын конструкциялық материалдардың қасиеттерін бағалауда жетекші
фактор болып табылады.
Электрлі қасиет
электрлі
медициналық аспаптарды өндіруде қандай да
бір материалды қолдану сипатын, анықтайды.
Оптикалық қасиет
шыныны анықтайтын параметрлердің бірі болып
есептеледі.
74
Химиялық қасиет
материалдың басқа заттармен әрекеттерін сипаттайды.
Металлдардан жасалған медициналық бүйымдар үшін тотығуға түрақтылығы
маңызды болады
.
Технологиялық үрдіс
туралы ұғым
.
Медициналық
бұйымдардың
өндірісінде бұйымдарды қажетті формаға, мөлшерге, ал кейбір жағдайда
қасиеттерін келтіруді қамтамасыз ететін технологиялық операциялар маңызды
орын алады.Аса көп тараған қалыпқа келтіретін үрдістерге
қысыммен (темір
соғу, штампылау, прокаттау, сым тарту және т.с.с) және кесу арқылы
металлдарды өңдеу, құю, дәнекерлеу, және сондай
-
ақ электр химиялық өңдеу
жатады.
Аса көп тараған қалыпқа келтіретін үрдістерге
қысыммен (темір соғу,
штампылау, прокаттау, сым тарту және т.с.с. және кесу арқылы металлдарды
өңдеу, құю, дәнекерлеу, және сондай –
ақ электрохимиялық өңдеу жатады.
Қысыммен металлдарды өңдеу нәтижесінде пластикалық деформациялау
арқасында металл формасы өзгереді.
Қысыммен
металлдарды өңдеу келесі мақсатта қолданылуы мүмкін:
-
Үнемі
немесе оқтын –
оқтын өзгеріп отыратын колденең кесу арқылы
(прокаттау, сым тарту,престеу) және дайын бөлшектердің формасы мен (темір
соғу, штампылау) даналанған бұйымдарды дайындау үшін;
-
Кесу арқылы өңделуді талап етпейтін
бұйымдарды дайындау (болт,бұранда,
қалып арқылы дайындалған
бұйымдардың көпшілігі) үшін;
-
Дайындама мен бөлшектерді алу үшін ғана емес, сондай –
ақ бөлшекті
кескеннен кейін бетінің кедір –
бұдырлығын азайту, беткі қабатын нығайту
мақсатында өңдеу рәсімі
ретінде қолданылады.
Металлдарды ыстық және салқын қысыммен өңдеуді ажыратады:
-
Ыстық қысыммен өңдеу қайтару және қайта кристалдану құбылыстарымен,
бекемденудің болмауымен сипатталады. Мұндай өңделу кезінде металлдың
физика –
химиялық қасиеттері аз өзгереді;
-
Салқын қысыммен өңдеуде пластикалық деформациялану үрдісі металлдың
механикалық және физика –
химиялық сипаттарын өзгертетін бейімденумен
қатар жүреді, металлдың микроқұрылысының жолақтығын құрайды және
оның макроқұрылысының талшықтарының бағытын өзгертеді.
Өндіріс
орнына жеткізілетін материал жағдайы жеткізіп беру жағдайы деп
аталады. Материалды әр түрлі конфигурацияда,яғни көлденең кесінді,
жапырақ, лента, сым, түтікше (болат, қола, латунь, алюминий) түрде жеткізіп,
материалдан бұйым немесе оның құрамды бөлігін (деталін) алу үшін, алдын
ала формалау қажет, яғни бұйымға керекті форма немесе өлшем беру қажет.
Формалау әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады:
құю штамптау, престеу,
механикалық өңдеу,
экструзия (түтікшелі бұйымдар) т.б
.,
одан кейін бұйымға
қажетті қасиеттер берілуі керек, мысалы беріктілік, ол көбінесе термиялық
өңдеумен іске асырылады; бұйымның беткі қабаты, оған тауарлық түр беру
үшін жақсы өңделген болуы қажет. Көбінесе өңдеуді бұйымның бетін
металлмен, бояумен, лакпен қаптаған соң жүргізеді, ол өз кезегінде негізгі
материалды бүлінуден қорғайды. Бұл
эксплуатация үрдісінде
санитарлық
75
өңдеуден, стерилизацияға дейінгі тазартудан және стерилизациядан өтетін
медициналық бұйымдар үшін өте маңызды.
Егер бұйым бірнеше немесе көп бөлшектерден
құралса, ол жинақтау
үрдісінен
өтеді: барлық бөлшектерде
өзара байланыстырады.
Сонымен технологиялық үрдіс
деп аталатын бұйымды дайындау үрдісі
бірқатар технологиялық операциялардан тұрады. Технологиялық үрдістің
әрбір операциясынан кейін бұйым немесе оның бөлшектерін
дайындау
сапасын тексеруден өтеді. Дайын бұйымдар жинақталып және өңделіп болған
соң, жұмысқа жарамдылық бақылауы өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |