Файлы 1 ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ж. К. Шимирова «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» (оқулық)


Полимерлі материалдардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет42/138
Дата08.10.2024
өлшемі46,97 Mb.
#147164
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   138
Байланысты:
Открыть Шимирова-Ж.К

 
Полимерлі материалдардың жіктелуі

Полимер

жоғары молекулалық қосылыстар, олардың құрылысы 
бірнеше функционалдық топтардан тұрады, олар бір –
бірімен химиялық 
байланысқан
болады.
Мономер
 

төмен молекулалық заттар, олардың молекулалары бір –
бірімен жалғасып кете береді немесе полимерлер түзіледі.
Олигомер –
 
гомолықтық қатарға жататын полимерден немесе 
мономердің молекулаларынан түзіледі. Яғни 5
*10
³
- 1,5*10
4
онда полимерлер 
деп аталынады.
Полимерлі материалдар

жоғары молекулалық қосылыстар негізгі, 
көп компоненнті және әртүрлі фазада болады. Оларға пластикалық масса, 
каучук, латекс, резеңке, желім, полимерлі қабықша
және т.б жатады.
Пластикалық масса
олардың құрамы полимерден тұрады жалпы 
айтқанда синтетикалық және табиғи жоғары молекулалық қосылыстардан 
тұрады. Оларды қыздыру немесе қысыммен әсер еткенде пластикалық масса 
салқындағаннан кейін де формасын сақтап қалады.
Каучук
жоғары эластикалық материал болып табылады. Олар табиғи 
және синтетикалық жолмен алынады. Оны
резеңке бұйымдарын
алуда 
қолданылады

Латекс
(латын сөзінен аударғанда latex –
(шырын) мағынаны білдіреді 
полимерлі коллоидты дисперсті синтетикалық полимерден тұрады.
Резеңке
(латын сөзінен аударған resina –
шайыр) деген мағынаны 
білдіреді, ол эластикалық материал болып табылады. Ол синтетикалық немесе 
табиғи вулканизацияланған каучуктен жасалынады. Резеңкенің басқа 
полимерден айырмашылығы эластикалық
деформациясының жоғарғы 
қабілетінде

каучуктен басқа резеңке құрамына вулканизацияланған агенттер, 
тездеткіш активаторлар, толықтырғыштар, бояулар кіреді

Желімдеу –
екі затты немесе бірнеше затты жабыстыру қабілетіне ие 
болады. Медицинада табиғи және синтетикалық желім қолданылады, мысалы: 
акрилат және цианкрилат.
Жіптер

жұмсақ, төзімді материал болып табылады. Олар хирургиялық 
жіпшелер және тігін фабрикасында қолданылады (дәке, бинт) ал медицинада 


103 
табиғи жіпшелер (табиғи жібек

кетгут)
және химиялық жіпшелер(жасанды 
және синтетикалық лавсан, нейлон) жасалынады.
Сурет
33. 
Жіптер
Химиялық құрылысы
полимердің оның химиялық реагенттерге 
тұрақтылығы,
еріткішке, жоғары температураға, қос
электірлік қасиетке ие 
болады.
Молекулалық салмағы
полимердің маңызды қасиеті болып табылады. 
Мысалы, егер молекулалық салмағы көп болса, механикалық беріктігі де 
жоғары болады.
Полимердің құрылысы
құрамындағы элементтерге байланысты түрлі 
қасиет көрсетеді. Мысалы

егер полимер молекуласының тізбегі карбоциклді 
топпен құралса, онда олар қышқылға, сілтіге тұрақты болып келеді. Ал тізбегі 
гетероциклден тұрса, онла олар сілтіге, қышқылға тұрақсыз болып келеді.
Макромолекуланың формасы
түзілген полимердің қасиетіне әсер
етеді.Мысалы, полимер тартылған болса, онда оның қаттылығы, берік болады 
және ерігіштігі аз болады.
Полимердің құрылысы
да оның қасиетіне әсер етеді. Олардың 
құрылысының көбі аморфты немесе шыны тәріздес құрылыстан тұрады.
Ал кейбір полимердің құрылысы кристалды тұрде кездеседі,
олардың 
қаттылығы
жоғарылап кеткен болады.
Алу тәсілі
қолданған силикат пен қосымша заттардың қасиетіне 
байланысты. Өндірісте полимерді алу тәсілінде қолданылатын әдістерге 
байланысты, олар реактопласт
және термопласт
түрінде қолданылады.
Медициналық және фармацевтикалық
іс –
тәжірибеде полимерлі материалдар 
кеңінен 
қолданылады. 
Полимерлер 
пластмассаның 
негізгі 
бөлігі. 
Пластмассаның бағалы қасиеттері
болып
улы еместігі, биологиялық ортаға 
индеференттілігі, дезинфекцияға төзімділігі
және созылмалдылығы табылады.
Пластмасса алу үшін синтетикалық шайырға әртүрлі толықтырғыштар 
қосылады: ағаш асбесті және мақта қалдықтары. Бұл толықтырғыштар 
пластмассаға жаңа қасиеттер береді: электр өткізгіштік, ылғалға төзімділік, 


104 
мықтылық. Пластмассаның созылымдылығын арттыру
үшін пластификаторлар 
және бояулар қосылады. Барлық қоспалар пластмассаға токсикологиялық және 
технологиялық тексеруден кейін қосылады.
Тұтыну ерекшелігінің өзгеруі және полимер материалынан дайындалған 
медицина тауарының сапасы және оларды қорғаушы факторлары:полимер 
материалынан жасалған өнімдер тез қартаяды немесе атмосфералық күйікке 
ұшырайды. Бұл жағдайда физика
-
химиялық үрдістер
жүреді, ал ол өз 
кезегінде полимердің құрылымына, құрамына әсер етеді.
Полимердің қартаюында келесі физика
-
механикалық үрдістер өтеді:
■ деструкциялану

макромолекула
тізбегіндегі
негізгі химиялық байланыс 
үзіледі

■ құрылымдану

макромолекула арасындағы жаңа байланыс, жаңа химиялық 
байланыстар;
■ кристаллдану

жоғары сатыдағы кристаллиттердің пайда болуы;
■ аморфизациялану

аморфты
құрылысының пайда болуы;
Сонымен бірге механикалық және эстетикалық ерекшеліктері де 
өзгереді

Полимердің тез ескеруінің негізгі түрлері

■ қаттылықтың
жоғарылауы;
■ қытырлақтықтың
артуы;
■ жабысудың артуы (резеңке өнімдері);
■ созылмалықтың жоғалуы;
■ түсінің өзгеруі;
■ жоғарғы қабатында жырық пен әжімнің пайда болуы;
Полимерден жасалған материалдардың ерекшеліктерін жақсарту 
мақсатында қоршаған ортаның әсерінен болатын жайсыздықтардан қорғау 
әдістерін қарастырған:
1. 
Активті қорғау әдісі тиімді
қаптауды қоршаған ортада пайдалану;
2. 
Пассивті қорғау әдісі полимер құрамына ендірілген әр түрлі 
стабилизаторды пайдалану;
3. 
Комбинирленген
әдіс

Пластмасса бұйымдар ашық от жанбайтын, ұшатын заттардың булары 
жоқ, желдетілетін, қараңғы, құрғақ үй
-
жайларда, жылыту жүйесінен бір 
метрден кем емес қашықтықта сақталады. Электр құралдары мен 
ажыратқыштар ұшқынға қарсы (өртке қарсы) болып дайындалады. Целлофан, 
целлулоидтық, аминопласт бұйымдары сақталатын үй
-
жайларда ауаның 
салыстырмалы ылғалдығы 65
% - 
дан аспауы тиіс.
Медициналық өнімдерді алу үшін басқа да материалдар қолданылады: 
ағаш картон, тері алмастырғыш және гипс.
Ағаш өңдеуге қолайлы, жақсы 
боялады, тез лакталады,
тез жылтыратылады.
Ағаштың кемшілігі ылғалға 
төзімсіз және жанғыш
болып келеді

Ағаштан медицинада дәріхана 
жиһаздарын, жабдықтарын дайындайды.
Картон және қағаздан ыдыстар 
жасалынады.
Тері және тері алмастырғыштардан футлярлар
және 
аппараттардың бөлшектері жасалынады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет