Файлы 1 ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ж. К. Шимирова «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» (оқулық)



Pdf көрінісі
бет65/138
Дата08.10.2024
өлшемі46,97 Mb.
#147164
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   138
Байланысты:
Открыть Шимирова-Ж.К

Катетер

Көктамырішілік катетерлер перифериялық тамырларға ұзақ
уақыт қан мен ерітінділерді құюға арналған. Арнайы ине мен өткізгішті 
қолданған кезде катетерді сұйықтықтарды магистральдық тамырларға құю 
үшін қолдануға болады (мысалы, жүрек
-
қан тамырлары хирургиясында).
Бұғана асты
катетерлер бұғана асты көктамырды
катетеризациялауға 
арналған, инфузиялық және трансфузиялық терапияны жүргізу үшін, 
медициналық мекемелерде ұзақ уақыт бойы көп мөлшерде қан, қан 
алмастырғыштар және басқа сұйықтықтарды енгізу үшін қолданылады. Бұғана 
асты
катетерлер инфузиялық (немесе трансфузиялық) терапия және 
экстракорпоральды 
перфузия 
кезінде 
орталық 
тамырларды 
катетеризациялауға арналған.
Өндіріс
материалына сәйкес катетердің келесі түрлері ажыратылады:


157 
-
резеңке немесе пластиктендірілген поливинилхлорид сияқты пластикалық 
материалдардан жасалған жұмсақ катетерлер;
-
қатты
катетерлер 

мысалы, металл.
Медициналық өнімдер нарығында катетерлерден басқа катетеризацияға 
арналған арнайы жиынтықтар, сондай
-
ақ көмекші құрылғылар бар:
-
құрғақ
дәрі
-
дәрмектерді ерітуге арналған жүйелер, сондай
-
ақ ерітінділерді 
бөтелкеден құтыға құю, олар ұштарында инелері бар мөлдір полимерлі 
магистраль;
-
көктамырға
құюға арналған шприц диспенсерлеріне өткізгіш магистральдар.
Катетерлер мен қосалқы құрылғылар бір рет қолданылатын 
инъекциялық инелерді буып
-
түюге және
таңбалауға қойылатын талаптарға 
сәйкес таңбаланады және оралады.
Сурет 
51
. Катетер
Оралған түрдегі құрылғылар әр түрдегі көлікте қолданылатын жүктерді 
тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік құралдарында
барлық түрдегі 
көлікпен тасымалданады. Теріс температура жағдайында тасымалдаудан кейін 
көлік ыдысындағы құрылғылар қалыпты климаттық жағдайларда кемінде 24 
сағат ұсталуы тиіс.
Катетерлер мен қосалқы құрылғылар өндірушінің 
қаптамасында сақталады. Сақтау кезінде құрылғылары бар жәшіктер олардың 
тұтастығын қамтамасыз ететін биіктікке салынуы керек.
Ұзақ уақыт бойы құюға арналған штатив ШДВ
-2.
Екі науқасқа бір 
мезетте, ұзақ уақыт бойы 50 мл
-
ден 500 мл
-
ге дейінгі сұйықтықтарды құю 
үшін ыдыстарды белгілі бір деңгейдегі биіктікте ұстап тұру керек. Бұл үшін 
арнайы штативтерді қолданады. Металл штатив үшаяқта
орнатылған, оның 
жоғарғы бөлігінде крестовина бар, мұнда
инфузиялық ерітіндісі бар екі 
флакон ілініп қойылады. Штативтің биіктігі 1240
-
2130 мм аралығында 
реттелуі мүмкін. Комплектіде штативпен қатар флакон ұстағыштар, диаметрі 5 
мм
-
лік түрлі ұзындықты түтіктер, фильтр
-
тамшылатқыштар, шаншуға 
арналған инелер, қан құюға арналған және ауаны жіберуге арналған инелер, 


158 
түтіктерге арналған қысқыштар болады. Көрсетілген элементтерден, бір 
ұшында шаншуға арналған инесі бар, құюға арналған жүйе құрылады; 
саптаманың көмегімен жүйе инемен және түтікпен жалғанады. Жүйенің 
ортасына тамшылатқыш
-
фильтр қондырылады, құюға арналған инемен 
флаконның тығынын тесіп, инені флаконға енгізеді. Ауаны жіберу үшін 
жанынан екінші инені енгізеді. 
Инфузиялық ерітінділерді, қан алмастырғыштарды және қан құюға 
арналған бір реттік қолданылатын СП
-
1 қиыстырылған жүйесі
. Науқасқа 
үздіксіз, бірінен кейін бірін алмастырып не бір флаконнан бірнеше тәулік 
бойы инфузиялық ерітінділерді құю үшін аталған қиыстырылған жүйені 
қолданады. Ерітінділерді бояу немесе жылдам тамшылатып, олардың 
ағынының
жылдамдығын реттеп отыруға болады. Полимерден жасалған 
залалсыздандырылған
пакетте әкелінеді, жүйенің пакет ашылмаған жағдайда 3 
жылға дейін сақталады. Ұшына инелер жалғанған түтіктер жүйесінен тұрады: 
иненің бір ұшын флаконға енгізеді, ал екіншісін күретамырға енгізу үшін 
пайдаланылады. Жүйенің арнайы корпусында матадан жасалған фильтр, ағын 
жылдамдығын реттегіш, қысқа резеңкелі түтік (ұзындығы 180мм) орналасқан. 
Инелерге қорғауыш қақпақтар кигізіледі. Комплектіге флаконға ауа жіберіп 
тұрушы арнайы
саптамасы бар ине кіреді. Оның саптамасында фильтр ретінде 
залалсыздандырылған
хирургиялық дәке орнатылған.
Жүйенің элементтері түрлі полимер материалдардан дайындалады: 
корпусы мен тығындары –
жоғары тығыздықты полиэтиленнен, түтіктер –
поливинилхлоридтен және пакет –
төмен тығыздықты полиэтиленнен 
жасалады. Инелерді тот баспайтын болаттан жасайды.
Флаконнан флаконға қан құюға, қан алуға арналған басқа да 
залалсыздандырылған
жүйелер белгілі. Бұл жүйелердің барлығы улы емес 
және апирогенді. Оларды бақылауды
өндірісте
жүргізеді. Ал қабылдау кезінде 
пакеттің бүтіндігіне ғана көз жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет