248
синтетикалық
каучук алуды ашты, осыдан соң бұл ғалым ұсынған әдісті 2 жыл
өнеркәсіпте тәжірибе жүзінде іске асыруды қарап, сынақтан өткізді. Лебедев
әдісі бойынша жасанды каучукты техникалық спирттен алды. Техникалық
спиртті негізгі катализатор көмегі арқылы бутадион газына айналдырды, одан
соң бутадионнан басқа катализатор көмегі арқылы жасанды каучук негізін
алынды.
Табиғи каучук, жасанды каучукке қарағанда сапасы жағынан
мықтылығы мен беріктігі жағынан алда болып келді. Сондықтан көп ізденіс
нәтижесінде табиғи каучуктің сапасынан кем емес изопренді және силиконды
каучуктер алынды. Олардың сапасы табиғи каучуктің сапасымен тепе
-
тең десе
де болғандай. Силиконды каучуктер беріктілігі мен физикалық инерттілігіне
байланысты медициналық және фармацевтикалық резеңкелі
бұйымдарды
дайындауда қолданылады.
Қазақстанның
оңтүстік
-
батыс аудандарын көпжылдық каучук тәріздес
көк
-
сағыз және тау
-
сағыз өсімдіктері өсіріледі.
Жасанды каучук өнімі біздің елде куннен күнге өсуде. Қазіргі кезде
резеңке
алу үшін қолданылатын шикізат
-
жасанды каучук болып табылады.
Жасанды каучук мөлдір немесе жартылай мөлдір аморфты масса, балқу
температурасы 150
-
180°, ал силиконды каучуктің балқу температурасы 300°
С
-
қа дейін жетеді. Қазіргі жасанды каучуктер табиғи каучуктер сияқты ауа
оттегіне, температураға, еріткіштер мен қышқылдар әсеріне төзімді, берік
және ылғал газ жібермейді.
Резеңкені
каучукты вулканизациялау әдісі бойынша өңдеу арқылы
алады, сонда вулканизациялағанда оның құрамы өзгеруіне әкеліп соғады.
Вулканизациялау
екіге
бөлінеді:
ыстық
және
салқын,
ыстық
вулканизациялауды
герметикалық жабдықталған автоклавта 2атм қысымында
135-
140° температураға дейін қыздыру жолымен жүргізіледі.Осы кезде
енгізілген химиялық зат пен каучук молекуласы арасында химиялық реакция
жүріп каучукке қарағанда мықтылық, қаттылық, эластикалық, серпімділік,
шыдамдылық қасиеттері каучукпен тепе
-
тең жаңа зат
-
резеңке
алынады.
Негізгі вулканизациялық агенті ретінде күкірт қышқылы, сонымен
қатар
теллур и селендер қолданылады. Егер резеңке
құрамында күкірт көп
болса
,
резеңкесоншалықты берік болады. Резеңке
құрамындағы күкірт 30%
-
ке
дейін болса, онда
оны эбонит деп айтамыз. Содан соң осы массаны арнайы
миксерде 8
-
10 атм кысым астында араластырып тегіс бетті материалды қоспа
алынады, бұл қоспа медициналық және фармацевтикалық резеңке
бұйымдарды алуда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: