Бақылау сұрақтары
:
1.
Залалсыздандыру дегеніміз не және оны қалай жүргізеді?
2.
Қандай
залалсыздандыру тәсілдерін білесіз?
4.
Автоклав жұмысының қағидасы
.
5.
Аквадистилляторлар дегеніміз не және қандай түрлері белгілі?
6.
Детерминерализаторлар не үшін қолданылады?
286
6.
"Дезинфекция", "дезинсекция" және "дератизация"
ұғымдарының
қабылданған
саралануы туралы айтып беріңіз.
7
. Дезинфекциялау құралдарының айналымын нормативтік құқықтық реттеу туралы
айтып беріңіз.
8.
Дәріхана ұйымдарында
қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарына
қандай талаптар қойылады?
287
ТАРАУ 18. ТАУАРЛАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ТОПТАРЫН ТАҢБАЛАУ,
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ. ЫДЫС, ТЫҒЫНДАУ ҚҰРАЛДАРЫ
ЖӘНЕ ОРАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
Медициналық және фармацевтикалық тауарларды
тұтынушыларға
жеткізу мен босатуда орамдау
маңызды рөл атқарады. Көптеген жылдар бойы
қаптаманың мақсаты тауарларды сақтау, қорғау және тасымалдау болды.
Дегенмен, соңғы онжылдықтарда қаптама да бірқатар тиімді маркетинг
құралдарының қатарына қосылды.
Ыңғайлы, тартымды, ақпаратты орау
тұтынушылар үшін қосымша жағымды әрекет, ал өндірушілер үшін
-
өнімді
жарнамалаудың қосымша құралы болуы мүмкін.
Дәрілік түрдің әр түрі өзіне тән буып
-
түю материалымен буып
-
түю әдісін
қажет етеді. «Буып
-
түю» термині, дайын өнімді қоршаған ортаның әсерінен,
бұзылудан, шығыннан қорғауды, қамтамасыз ететін зат немесе заттар кешені
ретінде түсіндіріледі. Буып
-
түюдің нәтижесінде айналым, тасымалдау, сақтау,
сату үрдістері жеңілдейді.
Сонымен буып
-
түю деп –
буылып түйілген өнімнің технологиялық және
тұтынушылық қасиеттерін анықтайтын, ыдыстар мен көмекші заттардан
тұратын кешенді
айтамыз.
Қаптама
мәселесі дәрілік заттар үшін ерекше маңызды, өйткені оның
мақсаты өндірілетін (дайындалатын) дәрілік заттардың сандық және сапалық
жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, бұл ораманы сапаны
сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінде маңызды орындардың біріне қояды.
Дәрілік
заттардың,медициналық бұйымдардың қаптамасына да үлкен мән
беріледі, әсіресе стерильділік қажет болғанда (мысалы, стерильді таңғыштар,
тігістер, хирургиялық құралдар, шанщуға арналған
және инфузиялық құралдар
және т.б.).
Ыдыстардың
жасалу материалы бойынша жіктелуі:
1.
Металлдық
ыдыстар
-
дүңгіршектер (фляг).
2.
Шыны ыдыстар
-
баллондар, штангластар.
3.
Фарфорлы
-
жағар майға арналған штангластар.
4.
Пластмассалық
-
қорапшалар, шприц тюбиктері.
5.
Ағаш
-
жәшіктер, торлар
.
6.
Қағаз
-
картонды
-
қорапшалар, пакеттер.
Ыдыстардың төзімділік деңгейі бойынша жіктелуі:
1.
Қатты ыдыс
-
бөлшектер, дүңгіршіктер
(флягтар)
,
фарфор
ыдыстар,
барабандар.
2.
Жартылай қатты ыдыс
-
кәрзеңкелер, қорапшалар.
3.
Жұмсақ
ыдыстар
-
қораптар
,
қаптар.
Дәрілік түрдіңәр түрі өзіне тән буып
-
түю материалы мен буып
-
түю әдісін
қажет етеді. "Буып
-
түю" термині, дайын өнімді қоршаған ортаныңәсерінен,
бұзылудан, шығыннан қорғауды, қамтамасыз ететін зат немесе заттар кешені
288
ретінде түсіндіріледі. Буып
-
туюдің нәтижесінде айналым, тасымалдау, сақтау,
сату үрдістері жеңілдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |