Гинекология
(
гр.
γυναίκα
—
әйел
және
гр.
λόγος
—
ілім) —
әйелдердің анатомия
-
физиологиялық, психикалық
ерекшеліктерін және бұл үрдістердің
бұзылуын зерттейтін ғылым. Гинекология
негізінде әйелдің ағзасына
ғана тән аурулар мен, әйелдің репродуктивтік
жүйесінің ауруларын зерттейтін медицинаның бір саласы болып табылады.
Гинекология жүктілік пен тууға қатысты, бастапқы кезеңнен соңғы кезеңге
дейінгі, әйел организміндегі көріністерді зерттейтін, акушерлікпен тығыз
байланысты.Гинекология ертедегі Үндістан, Мысыр қолжазбаларында, емдеу
кітаптарында да орын алған. Ертедегі грек ғалымы
Гиппократ
(б.з.б. 4
-
5 ғ.)
әйелдердің ішкі органдарының қабынуын, ауруын, жатыр ісіктері туралы
жазған болатын.19 ғ
-
дан бастап гинекология жеке ғылым болып дамыды.
Жүктiлік және туу ағзасының ауруы емес, табиғи физиологиялық
жағдайы болып табылады. Сол
үшін әйел жатырдағы бала дені сау жетілу
барысында медициналық көмекті керек етпейді. Осыған орай арнайы тексеру
жүргізу үшін және диагноз қою үшін арнайы аспаптар қолданылады.
Акушерлік аспаптар.
Акушерлік стетоскоп
-
әйел
жатырындағы
тұқымның жүрек соғысын тексеру үшін арналған. Алынған мәліметтер
ұрықтың жағдайын білуге, анықтауға мүмкіндік туады. Акушерлік стетоскоп
жалпы дәрігерлік стетоскоппен салыстырғанда үлкен дыбыстық варонкасы
бар, ішкі диаметрі 40 мм, ішкі конус биіктігі 70 мм, яғни тыңдау барысында
үлкен көлемді жерді анықтау үшін қолайлы.
Сапасы өте мықты ағаштан
жасалады, стетоскоп сыртын лакпен лактап қояды.
Бөксе өлшегіш
: әйелдің денесінің сыртынан бөксе көлемін өлшеу үшін
арналған. әйелдің бөксесінің сыртқы пішіні әйелдің жатыр ішкі жағдайын
білуге көмектеседі. Бөксе өлшегіш өзі 0
-
пішінді циркуль тәрізді болады, жалпы
ұзындығы 360 мм, ұштары түйінделген болады, өлшегіш линейкалары доға
тәрізді бір
-
бірінен 100 мм қашықтықта болады, бір
-
біріне қосылып тұратын
аяқтарында 0
-
ден 50
-
ге дейін шкалалары бар өлшегіштері болады. Аспап сырты
гальваникалық қапталған металлдан жасалады. Кіндікке тұтқа салатын
қысқыштар: кіндікті тұтқаны
салу үшін арналған.Әйелдерге арналған
қысқыштар, (ұзындығы 216 мм), таңу отасын
оңай және ыңғайлы жасау үшін
141
арналған. Тот баспайтын металлдан жасайды, қысқыштар комплектінің
құрамына 1000 дана қысқыштар кіреді. Кіндікті кесу үшін арнайы қайшылар
-
ортасынан майысқан болып келеді.
Аталып өткен құрал саймандар қалыпты акушерлікте қолданылады.
Акушерлік қысқыштар
: туу үстінде баланы оңай шығарып алу үшін
арналған, күрделі оталарда
баланы оңай шығарып алу үшін қолданылады. Бұл
қысқыштарды қолдану барысында тууды еш жарақатсыз яғни баламен анаға еш
зақым келтірмей бітіруге арналған. Акушерлік қысқыштар тіке және майысқан
болып бөлінеді.
Қысқыштарды
тот баспайтын металлдан жасайды, қысқыштар сырты
тегіс ортасынан тұрып қалмай жақсы, жұмсақ болып тұруы керек. Алдын ала
бақылау жүргізгенде оның мықтылығымен майысқақтығына көңіл аудару
керек. Тіке қысқыштардың
ұзындығы 370 мм болады.
Эмбриотомияға
арналған
құралдар:
Эмбриотомия
-
ол
тұқымды
бөліктерге бөліп алып тастау отасы болып табылады.Эмбриотомияның бірнеше
түрін ажыратады: краниотомия, декапитация және т.б., кей біреулеріне арнайы
құралдар қолданылады.
Перфоратор
ол бас көлемін қысып кішірейту үшін арналған. Бас ол
тұқымның ең негізгі бөлігі болып табылады. Бас бөлігі шыққан соң қалған
бөлігі оңай шығады.Өндірісте перфораторлық найза тәрізді түрін шығарады. Ол
тікелей серіппелі кескіші бар арнайы сабы болады.
Краниокласт
тұқымды алып тастау үшін қолданылады. Оның
ұзын
мықты қысқышы болады
.
Декапитациялық ілмек
үшкір майысқан болады. Осы құралмен мойын
омыртқасын бөліп, сыртқа шығаруға арналған.
Тұқымды бөлуге арналған акушерлік қайшылар
-
тұқымды
алып
тастайтын
оталар
үшін, яғни декапитацияға арналған. Қайшы 8
-
формалы майысқан
пішінді болады. Олар бір
-
бірінен ұзындығымен, сабының бетімен ұзындығы
240 мм, тот баспайтын металлдан жасалған болады.
Акушерлікте және сол сияқты медициналық таразылар балаларды
өлшеуге арналған, арнайы балаларды салу үшін лотогы бар және бала бойын
өлшеу үшін арнайы таразылар қолданылады.
Гинекологиялық құралдар
-
қынап айналары. Жатыр мойнын және сыртқы
бөлік жағындағы шырыш қабықты қыру үшін қолданылады. Айна көмегімен
жатырдың қабыну, рактың басталу түрін, полип, эрозия сияқты ауруларды білу
үшін қолданылады. Барлық гинекологиялық аспаптар жақсы майысып, сырты
жылтыр, бірдей, сырты жарақатталмаған болу керек.
-
Симс типтегі екі жақты айна
:
әр түрлі
размерлі екі жақты қасықшадан тұрады,
түрлі пішінді, тот баспайтын металлдан жасалған болады.
-
Мартини типтегі айна –
екі размерлі 57 және 67; диагноз қою үшін бұл да екі
размерде шығарылады 127 және 135 мм;
-
Отто тәрізді гинекологиялық көтергіштер қынаптың
алдыңғы бөлігін көтеру
үшін және мойынды толық ашуда, жатыр ішін толық көруде және қынаптың
толық көлемін көруде қолданылады.
-
Біржақты аспап иілген пішінді оның
да екі түрі шығарылады
.
142
-
Куско тәрізді екі жақты айна,
үш түрі шығарылады
.
Жатыр мойны каналдарын кеңейтетін
Гегар типті
металлдық кеңейткіш.
Жатыр мойнының каналдарын кеңейту үшін колданылады, яғни осы аспап
көмегімен жатырға түрлі аспаптарды салу үшін көмектеседі. Кеңейткіштер
әлсіз иілген серіпте тәрізді, ұзындығы 190мм. Тегіс доғал болып келген,
оның
№3, №24 нөмірде шығарылады. Аспаптарды жатырға салғанда бірінші
кішкентай размерінен бастайды яғни сол арқылы жатыр ішін тексеруге болады.
Кеңейткіш жұмыс істейтін бөлігі тегіс, сызатсыз болу керек. Кеңейткіштер
комплект түрінде шығарылады.
Әйелдерге
арналған
катетер
. Жатыр қуысын жууға арналған аспап
.
Катетер
тегіс, жұмсақ серіппе тәрізді ұзындығы 230 мм сантиметрлік
бөлгіштері, арнайы сабы бар.
Қынапқа
ота жасауда
қысқыштар
қолданылады,
ұзындығы 230 мм. Ол
қысқыш тот баспайтын металлдан жасалған.
Қысқыштар түрлі жағдайларда
жатыр мойнын және денесін ұстап тұру үшін арналған (Жатырға түрлі дәрілік
түрлерді енгізуге жатыр мойнының каналдарын кеңейтуге арналған).
143
Сурет 46. Нейро хирургиялық аспаптардың жіктелуі
НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ АРНАЙЫ АСПАПТАР
Достарыңызбен бөлісу: |