Файлы 1 ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ж. К. Шимирова «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» (оқулық)



Pdf көрінісі
бет63/138
Дата08.10.2024
өлшемі46,97 Mb.
#147164
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   138
Байланысты:
Открыть Шимирова-Ж.К


шаюга арналган инелер
. Бұл инелер урологияда, 
гинекологияда, хирургияда дене қуысынан шаюға арналған. Олардың 
сыйымдылығы 100 және 150 мл. "Рекорд" инесіне қарағанда бұл инелердің 
ұштары
ұзын және кең диаметрлі. Ұштарына катетер және резеңке түтік
кигізіледі. Сыйымдылығы
150 мл инелер ауыстырылатын ұштардан түрады. 
Олардың үш өлшемі бар диаметрлері 2; 5,5 және 9 мл, ұштардың 
герметизациясы тығынмен қамтамасыз етіледі. Металл
поршень арықшадан
және силиконды резеңкеден жасалған сақинадан тұрады. Қақпақтың пішінін 
жұмыс істеуге ыңғайлы етіп жасайды. Сұйықтықтың инеден ағуын тексеру 
шаншуға арналған инелерге сәйкес тексеріледі. 5 кг жүк тиегенде
-
сұйықтықтың ағуы, 5 мл көлемде болуы керек. Бұл инелерді жиі "Жанэ" деп 
аталады. Бұл инелер шашылып 

құрастырылатын, сыйымдылығы 100 мл, 
тұрақты
ұштарымен шығарылады.
Кұюга арналган инелер

қуыстағы инстилляция жүргізуге арналған. Бұл 
инелердің ерекшелігі, олар арнайы ұштармен жабдықталған. Сонымен қатар, 
поршеннің штогі және инесіндегідей сақинамен жабдықталған. Ал иненің 
басы ұзын және саусақпен жұмыс істеуге ыңғайлы. Басқа жағынан бүл 
инелердің айырмашылығы жоқ. Көмейге құюға арналған инелердің 


152 
сыйымдылығы 5 және 2 мл. Қынапқа құюға арналған инелердің
сыйымдылығы 5 және 10 мл.
Құюға
 
және пневмотораксқа арналган аппарат инелері

Бұл инелердің 
үшы ұзын, квадрат
тәрізді, диаметрі 1 мм және 60 мм ұзындықты. Аппарат 
инелерін саптамамен (насадка) қолданылады. Шаншуға арналған инелер 
саптамасы инелерді «Рекорд» шприцтарымен жалғау үшін қолданылады. 
Саптама конусына ине кигізіледі, ал олива тәрізді бөлігіне 

иілген түтік 
қигізіледі. Саптамаларды латуннан ЛС59
-
1 жасайды.
Өткізгіш
 
канюлялар

Өткізгіш
канюлялар «Рекорд» шприці мен
шыны шприцтеріне арналып шығарылады. «Рекорд» шприцше өткізгіш 
канюлялар арқылы шыны шприцінің инесін қолдануға болады және керісінше 
де. Өткізгіш канюляларды ПС59Г латуннан 
немесе полимер материалдан 
жасайды. Өткізгіш канюлялардың шприц пен ине жалғанған жері 
герметикалық болуы керек. Герметикалығын тексеру үшін гидравликалық 
қысым қолдалынады.
Пункция
-
биопсиялық инелер.
Тіндер
мен қуыстарды тесіп, ол жерден 
ұлпалардың немесе мүшелердің бөлшектерін, сұйықтықтарды шығару үшін 
пункция
-
биопсиялық инелерді қолданады. Шаншуға арналған инелерден 
айырмашылығы –
пункция
-
биопсиялық инелерде иненің түтігіне тығыз 
енгізілетін мандрені болады.
Төменде кең тараған пункция
-
биопсиялық инелердің сипаттамалары 
берілген.
Жұлын
-
ми пункциясына арналған ине (Бир инесі).
 
Иненің диаметрін 1 
және 1,2 мм, ал ұзындығын 60,90 және 120 мм етіп жасайды. Жұқа және ұзын 
ине мандренмен бірге ұлпаға енгізіліп, сосын мандрен алып тасталған соң, 
мысалы, инеге “Рекорд” шприці жалғануы мүмкін. Осылайша, жұлын
-
ми 
сұйықтығын алу немесе жұлын
-
ми каналына дәрілерді енгізу іске асырылады. 
Мандрен бұл жерде стилет
-
трокар қызметін атқарады. Ол ұлпаны тесумен 
қатар, ұлпаны тескен кезде ине түтігінң түрлі ұлпалардың қалдықтарымен 
бітеліп қалуын болдырмайды.
Гаймор қуысын дренирлеу және пункциялауға арналған ине
.
Гаймор 
қуысын тескен соң, ине арқылы қуысқа өткізгіш
көмегімен түтік енгізілуі 
мүмкін. Түтік полиэтиленнен немесе фторопластан жасалады және өткізгіштің
ұшына кигізіледі. Ине осыдан кейін шығарылып тасталады, ал түтікке саптама 
енгізіледі, осы саптамаға шприц кигізіледі. Шприцтің көмегімен қуыстардан 
экссудаттарды сорып алады, қуыстарды жуады. Иненің барлық 4 бөлігі 
комплектіде келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет