Файлы 1 ОҢТҮстік қазақстан медицина академиясы ж. К. Шимирова «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» (оқулық)



Pdf көрінісі
бет66/138
Дата08.10.2024
өлшемі46,97 Mb.
#147164
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   138
Байланысты:
Открыть Шимирова-Ж.К

 
Бақылау сұрақтары

1. Медициналық шприцтің құрылысы
қандай?
2. Медициналық шприцтердің жіктелуін сипаттаңыз

3.
Медициналық шприцтерді орауға және таңбалауға қандай талаптар 
қойылады

4. 
Шаншуға арналған
инелерге жалпы сипаттама беріңіз.
5. 
Шаншуға арналған
инелерді орауға, таңбалауға, тасымалдауға және 
сақтауға қандай талаптар қойылады?
6. Инфузиялық құрылғыларға жалпы сипаттама беріңіз.
 
 
 
 
 
 


159 
ТАРАУ 9.СТОМАТОЛОГИЯҒА
 
АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР МЕН 
ЖАБДЫҚТАР.
 
 
Стоматология
(
көне грекше

στόμα

ауыз

λογος

ғылым


тіс, ауыз 
іші, жақ сүйектері мен бет аурулары, оларды анықтау, емдеу, олардан сақтану 
туралы ғылым; клиникалық медицина саласы. Стоматология (грек. stoma, 
stomatos 

ауыз және logos –
ілім) –
клиникалық медицинаның тіс, ауыз қуысы, 
жақ сүйектері, бет пен мойынның оған шектесетін бөліктерінің ауруларын 
зерттейтін саласы.
Тіс аурулары мен ауыз қуысы жөніндегі алғашқы ғылыми 
мәліметтер Сушрут (Үндістан), Гиппократ, Гален, Цельс, т.б.
еңбектерінде 
кездеседі. Стоматологияның өз алдына жеке ғылым ретінде дамуы 20 ғасырдың 
1-
жартысынан басталады. Ғылым пән ретінде стоматологияның негізін салған 
француз хирургы П.Фошар (1690 –
1762) болды. Стоматология емдеу 
тәсілдеріне байланысты терапия, хирургия, ортопедия (протездік) стоматология 
және балалар стоматологиясы болып бөлінеді. Терапиялық стоматология –
арнайы хирургия көмекті қажет етпейтін ауруларды (тіс, тіс айналасындағы 
тіндердің және ауыздың шырышты қабығының) дәрі
-
дәрмекпен, физиотерапия 
әдістермен емдейді және аурудың алдын алу жолдарын қарастырады. 
Ортопедиялық стоматология –
тісті шегендейді, тіс, жақ, таңдай және бет 
кемістігіне протез жасайды. Хирургиялық стоматология –
әр түрлі қабыну 
үрдістерін, жақ, бет, тіс сүйектерін хирургиялық операция арқылы емдейді. 
Сондай
-
ақ емдеуге келмейтін тісті жұлады. Балалар стоматологиясы бала 
тістері мен ауыздың шырышты қабықтарын емдеуді жетілдіру және алдын алу 
шараларын қарастырады.
Стоматологиялық 
көмек 
тұрғындарға 
көрсететін 
медициналық 
көмектердің ең кең таралған түрі. Стоматологияда көптеген медициналық 
техникалық құралдар қолғандықтан, онымен көптеген арнайы көмек түрлері 
тай
-
таласа алмайды, тек хирургиялық басқа онда құрал
-
саймандардың өте бай 
түрлері кездеседі.
Стоматология кем дегенде үш айқын анықталған өзіндік бөліктерден 
тұрады: 

терапевтикалық стоматология ол ауыз құысының терапиясымен және тісті 
емдеудің консервативті әдісімен ерекшеленеді;

хирургиялық стоматология және жақ
-
беттін хирургия, онда ауыз қуысының 
жоғарғы және төмен жақты жедел емдеу әдістерін қолданылады;

ортопедиялық стоматология ол тістің стоматологиялық сауықтыруымен және 
ауыз қуысын протездермен айналысады.
Ортопедиялық стоматология тісті техникалық бөлімдерге және 
протездерді жасайтын
зертханаларға
сүйенеді

Стоматологиялық құрал


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет