Факс, факсимильдік аппарат (ағылш. fax, telefax, facsіmіle duplіcatіng devіce) — қағазға басылған немесе қолжазбалық мәтіндерді, фотосуреттерді, сызбаларды дәл көшірмесін алу арқылы тасымалдау құралы. Факс телефон арналары арқылы графикалық мәліметтерді: мәтінді, кестені, сызбаларды, графиктерді, фотосуреттерді, т.б. жөнелту, тасымалдау, жеткізу жұмыстарын атқарады. Тасымалданатын құжат сканер түріндегі оптикалық-электрондық құрылғымен оқылады да, байланыс арналары арқылы жөнелтуге ыңғайлы сигналдық түрге келтіріледі. Мәліметтерді қабылдау нүктесінде кері түрлендіру жұмысы атқарылып, сигналдар құжаттың алғашқы нұсқасына айналады. Факстың стандартты мәлімет тасымалдау жылд. 4800—9600 бит/с шамасында болады.
Факсимильдік (фототелеграфтык) байланыс, көбінесе қысқаша “факс” деп аталады, казір кең қолданылады. Факстің ең құнды жері ол аппарат арқылы тек қана мәтінді құжаттарды ғана емес, кестелі, кесінді құжаттарды да тез арада екінші адамға немесе екінші мекемеге жеткізуге болады. Факс арқылы мәтіннің, кестенің, кескіннің, қол қойылған кез-келген құжаттың дәл сол күйінде қайталанған нұсқасы екінші мекемеге жеткізіледі. Сондықтан да дәл қазір факсті алмастыруға келетін байланыс түрі жоқ.
Қазіргі таңда еліміздің көптеген мемлекеттік, жеке кәсіпорындары мен мекемелерінің офистері жаңа заманның қабылдау-хабарлау аппараты — факспен жабдықталған. Факстың жеткізу жылдамдығы өте жоғары, себебі факс аркылы жіберілген кез-келген құжат санаулы сағаттардан кейін-ақ адресат қолына тиеді.
Факс арқылы жіберілетін құжат А4 формалы бланкіге кейде А5 формалы бланкіге толтырылады. Фотография, сызба, кесте т.б. сияқты үлкен көлемді құжаттар алдынала факс аппаратының мүмкіншілігіне сәйкес келетіндей етіліп кішірейтілуі керек.
Факс арқылы жіберілетін іс кағаздардың кұрылымы:
■ жіберушінің толық мекен-жайы ұсақ шрифтермен бланкініңсол жақтағы бұрышына жоғарылау жазылады.
■ Жіберуші мекеменің аты бланкінің оң жағына жоғарылау жазылады.
■ Бланкінің ортасына “факс арқылы” деп үлкен шрифтілермен жазылады.
■ Алушының аты-жөні сол жаққа, барыс септігінде жазылады. Мысалы, кімге: Мұратбеков Асқар Құрамысулына.
■ Жіберушінің аты-жөні оң жаққа шығыс септік тұлғасында жазылады. Мысалы, кімнен: Досжанов Едіге Әлиас-қарулынан.
■ Одан төмен, сол жаққа факс нөмірі жазылады. Мысалы, факс: 13-1.
■ Оң жақ шетке, құжат көлемінің неше беттен тұратыны жазылады. Мысалы, Көлемі: 7 (жеті) бет.
■ Факс нөмірінің төменгі жағына мәлімет немесе ақпарат жіберілген аппарат нөмірі жазылады. Мысалы, 8-3292-43-50-66
■ Оң жаққа, құжат көлемі жөніндегі мәліметтің төменгі жағына дата, қажет жағдайда жіберілген сағаты көрсетіледі.
■ Сол жақ шетке, аппарат нөмірінен төмен, факс арқылы жіберілетін хабардың тақырыбы жазылады, Мысалы, 1 жарты жылдық есеп.
■ Оң жаққа, қажет болған жағдайда датадан төмен құжаттың көшірмесін алушы адамның аты-жөні жазылады. Мысалы, Көшірмесі: Аяпова Назира Жакенқызына.
Осыдан кейін бланк көлденең жіңішке сызықпен сызылады да, сызықтан кейін ” Тез қаралуға тиіс “, “Құпия “, “Қажетті белгілер соғу үшін” сияқты қосымша ескертулер жазылады. Бұдан кейін де көлденең жіңішке сызық сызылып, негізгі мәтін жазылады.
Мекемеге факс арқылы жіберілген құжаттар арнайы журналға тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |