«Дыбыстау» жаттығуы
Уақыт: 5 минут
Материалдары: проектор (интерактивті тақта), бейнежазбалар
Процесі:
Сіз проектормен (интерактивті тақтада) көрсететін бейнежазбаны қатысушылар өз беттерінше
дыбыстайды.
Оқушыларға өздерінің жеке дыбыс жазатын студияларын құруды ұсыныңыз. Сіз дыбысы жоқ
бейнежазбалар қосасыз, ал еріктілер оларды өз қалауы бойынша дыбыстайды.
Бейнежазбалардың мысалдарын бағдарлама үйлестірушілері береді, сонымен қатар, өзіңіз де
таңдай аласыз.
Бейнежазба көрсету мүмкіндігіңіз болмаса, ерікті оқушыларға (3-5 адам) сөзсіз көрініс қоюды
ұсыныңыз, сюжет ретінде танымал ертегі беріңіз. Қалғандарына ертегінің атын айтпаңыз. Екі
ерікті ертегіні дыбыстай алады.
«Сөзді тауып айту» жаттығуы
Уақыт: 10 минут
Материалдары: апта күндері жазылған парақшалар
Процесі:
7 шағын топ құрыңыз. Әр топқа бір сөз жасырыңыз, олар оның қандай сөз екенін табуы тиіс.
Жауабын табу тәсілі – осы сөздің ішіндегі әріптерге басталатын сөздер ойлап табу. Бірақ ол
қарапайым сөздер емес, мағынасы жағынан сәйкес келетін сөздер болуы тиіс: ол сөздер
бастапқы жасырынған сөзді сипаттайтын сөйлем құрауы қажет.
Топтарға бастапқы сөз жазылған қағазды беріңіз. Ол апта күндері болсын. Бір топқа дүйсенбі,
екінші топқа сейсенбі және т.с.с. беріледі. Жаттығуды орындау үшін топтарға 5-7 минут уақыт
беріңіз, одан кейін шыққан сөйлемді айтуларын сұраңыз.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
Үйде кез келген сөздерді қолданып, «Сөзді тауып айту» жаттығуын орындап көріңдер. Қызық
болатынына сенімдімін.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
53
20-сабақ
Тақырыбы: Креативті ойлау дағдыларын дамыту.
Ұғымдар: креатив, ассоциациялар әдісі.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды креативті ойлау қабілетін дамыту дағдылары бойынша
жаттықтыру; креативтілікті дамытудың түрлі әдістерімен танысу.
Әдістері: жаттығулар, ассоциациялар әдісі, ой-талқы.
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, теориялық материал, поститтер.
Достарыңызбен бөлісу: |