Факультет: география-тарих


Механикалық шөгінді тау жыныстары



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата31.03.2023
өлшемі1,33 Mb.
#77912
1   2   3   4
Механикалық шөгінді тау жыныстары
4



 Мұндай кенорындарды шынайы немесе коллоид ерітінділер қалыптастырады. Шынайы ерітінділерден
лагуналарда, тұз туындатушы теңіз алаптарында аридтік климат жағдайларында минерал тұздар, гипс,
ангидрид, борат, барит кенорындары пайда болады. Бірақ бұл түзілімдердің өзі ерітінділердегі тұздың
мөлшері өте жоғары концентрациясына жеткенде ғана жиналады. Қазіргі заманғы тұзды алаптар жер
қыртысының тербелмелі тектоникалык қозғалыстар әрекетінен пайда болады.Жағалаудың төмен
орналасқан бөлікшелері төмендеген сайын теңіз суына толады да ыстық климат жағдайында буланған
кезде тұздылығы қарқынды артады. Мұндай тұзды алаптар Қара теңіз (Донузлав), Азов (Сиваш), Каспий
(Кара-Богаз-Гол) мен Арал (Жақсы қылыш теңіздерінін жағалауларында белгілі.Континенттердегі тұзды
көлдер аридтік алқаптың ағынсыз қазаншұңқырларында, оларға келіп құйылатын жербеті және
жерасты суының булануынан жаралады. Мұндай көлдер Қазакстанда Батыс Сібірде,Маңғолияда,
Иранда,Шығыс Африкада, Австралияда кездеседі.
Калий тұздарының ірі кенорындары белгілі жерлер:
Оралдағы Верхнекамск , Беларусьтегі Старобинск,Батыс Украинадағы Калуш пен Стедник, сонымен
қатар Германиядағы Стратсфурт. Тастұз кенорындарының арасында ең белгілілері: Славяно-Артемовск
(Донбасс) пен Илецк (Оренбург облысы); алыс шетелде мұндай кенорындар Германия мен Канадада бар. 
Шөгінді боксит кенорындары платформалық және геоинклиндік түрлерге бөлінеді. Жатындарга қабат,
линза, ұя және таспа тәрізді пішіндер тән. Олардын калындыны бірнеше м-ден ондаган м-ге жетеді,
таралу ауданы бірнеше шаршы км-ді қамтиды.Боксит жатындары құм-саз және карбонат түзілімдерде
орналасады.Мұндай кенорындар орналасқан жерлер: Орал (ООБА және СОБА), Ленинград облысы
(Тихвин тобы), Тиман (Онтустік Тиман тобы), Торгай ойысы (Амангелді тобы), ал шет елдерде - Венгрия,
Франция, Ямайка аралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет